Украина депутаты Ресеймен келіссөз жүргізуге шақырып, партиядан шығарылды| Соғыс жаңалықтары
Ресей әскері Харьковқа соққы беріп, кемінде алты адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Ал Мәскеу облысында Ресей билігі украин дрондарының жаппай шабуыл жасағанын айтып, екі адамның қаза тапқанын хабарлады. Осы тұста АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің мұнай өңдеу нысандарына жасалған украиналық соққыларды жанармай бағасының өсуімен тағы бір мәрте байланыстырды.