Ресей танкеріне шабуыл, Киевке зымыран соққысы | Соғыс жаңалықтары
7 қазанға қараған түні Ресей әскері Киевке зымырандармен қайта шабуыл жасап, кемінде екі бейбіт тұрғын қаза тапты. Чернигов облысының Прилуки қаласында тұрғын үй қирап, 5 адам қаза тауып, 26 адам жараланды. Сочи жағалауында Ресей «көлеңкелі флотының» танкері шабуылға ұшырап, отқа оранды. Ресей отандық зауыттары соққыға ұшырағаннан кейінгі отын дағдарысын еңсеру үшін Оңтүстік Корея порттарынан 176 мың тоннадан астам мұнай өнімін импорттағаны белгілі болды.