Accessibility links

Косово партиялары жаңа президентке қатысты келісімге келді


Косово билігіндегі коалиция мен жетекші оппозициялық партия жаңа сайлауға қауіп төндіріп тұрған саяси дағдарысты шешу үшін президент лауазымына ортақ кандидат ұсынуға келісті.

Премьер-министр Хашим Тачидің мәлімдеуінше, партиялар Косовоның жаңа президенттігіне Атифете Яхьяга ханымның кандидатурасын қолдауға келіскен.

Яхьяга - 1999 жылы халықаралық қауымдастықтың көмегімен құрылған Косово полициясының бас қолбасшысы.

Конституциялық сот бұрынғы президент Беджет Паколлидің сайлануын заңсыз деп таныған болатын. Косово президенті парламентте сайланады.

Сәрсенбі күні жасалған келісімге сәйкес, 2012 жылы тікелей сайлау өткізу үшін елдегі заңдар өзгертіледі.
XS
SM
MD
LG