Accessibility links

Грекия референдумы туралы хабар Еуропаның қор биржасына кері әсер етті


Афины қор биржасындағы баға көрсеткіші. Грекия, 1 қараша 2011 ж.
Афины қор биржасындағы баға көрсеткіші. Грекия, 1 қараша 2011 ж.
Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреудің елде халықаралық қауымдастықтан көмек қаржы алу келісіміне қатысты референдум өткізетіні туралы мәлімдемесі Еуропаның қор биржасындағы бағаға кері әсер етті.

Бұл жаңалықтан соң қор нарығындағы индекстер төмендей бастады, әсіресе Грекияда 6 пайызға дейін құлдырады. Париж және Франкфурттегі қор биржаларында акциялардың бағасы 3 пайыздан астам құнсызданды.

Инвесторлар "егер референдум нәтижесінде грек азаматтары халықаралық қаржылай көмектен бас тартатын болса, онда өткен аптада Еуропа одағы жетекшілерінің еуроны қолдау мақсатында қабылдаған шаралары іске аспай қалады" деп қауіптенеді.

Қазаннның 27-сі күні Еуропа одағы басшылары Афиныға екінші рет 130 миллиард еуро көмек қаржы беруге және бұрынғы қарыз көлемін 50 пайызға кемітуге келіскен болатын.

Халықаралық қауымдастықтың қаржылай жәрдем беру шарты бойынша Грекия үкіметінің бюджет қаржысын қатаң үнемдеу мақсатындағы шаралары тұрғындардың қатты наразылығына тап болған еді.
XS
SM
MD
LG