Accessibility links

"Астанадағы экономикалық дүмпу басылды"


ЕЫҚҰ ұйымының туы. Астана, 28 маусым 2010 жыл
ЕЫҚҰ ұйымының туы. Астана, 28 маусым 2010 жыл

Британдық халықаралық саясат орталығы «Қазақстан жолайрықта: басқару, жемқорлық және халықаралық инвестициялар» деп аталатын есебін жариялады. Онда ауторлар ЕЫҚҰ саммитінің алдында Қазақстанның саяси-экономикалық реформа жасау туралы уағдаларын тағы бір еске салып өтеді.



"ҚАЗАҚСТАН ШИКІЗАТ БАҒАСЫН МОЛЫНАН ПАЙДАЛАНДЫ"

Ұлыбританияда орналасқан Жаһандық прогрессивті ойлау жөніндегі халықаралық саясат орталығы қыркүйектің 7-і «Қазақстан жолайрықта: басқару, жемқорлық және халықаралық инвестициялар» деп аталатын есебін жария етті.

Есепті осы орталықтың сыртқы саясат мәселелері жөніндегі директоры Адам Хаг сарапшылар - Нино Кереселидзе, Альфие Страуд пен аты-жөнін айтуды қаламаған тағы бір қазақ маманының көмегімен әзірлеген.

«Астанадағы экономикалық дүмпу басылды. Қазақстан Орталық Азиядағы басқа елдерге қарағанда әлем экономикасының ұзақ жылдарға созылған серпілісі мен жоғары шикізат бағасын капитализмге өту жолында әбден пайдаланды» делінеді есепте.

Есеп ауторлары Қазақстанның ағымдағы экономикалық жағдайын зерттеп, ел саясаты мен халықаралық қатынастарына баға беруге ұмтылған. Халықаралық инвестициялық іс-әрекет пен жемқорлыққа қатысты мәселелер, олардың Қазақстандағы мемлекеттілік табиғатына жасап отырған ықпалы қарастырылып, телекоммуникация секторына баса назар аударылған.

"ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛАҒАН ЕЛ"

Сонымен бірге есепте Қазақстандағы реформаларды қолдау мәселесінде халықаралық қауымдастықтың әлі де болса атқара алатын рөлдері көрсетілген.

«БТА» банк пен «пен «Нұрбанк» істері, аты-шулы «Қазақгейт», Құлекеев ісі, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы
Бұрынғы Совет Одағының өзге елдеріндегі секілді Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық елеулі проблемаға айналып отыр
басшысы Мұхтар Жәкішевтің 14 жылға сотталуы, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов пен президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев істері сөз болған.

«Бұрынғы Совет Одағының өзге елдеріндегі секілді Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық елеулі проблемаға айналып отыр. Жол полициясының қарапайым қызметкерлерінен бастап, жоғары лауазымды шенеуніктерге дейінгі аралықты түгелге жуық жемқорлық жайлап алған», - дейді есепте.

Қазақстандағы адам құқығы мен демократия жөніндегі алдыңғы есепте келтірілген сот жүйесіндегі проблемаларға қоса жемқорлық мәселесі де бұл елдің дамуына үлкен қолбайлау болып отыр.

"АЗАТ ҚАЗАҚСТАН ОТАР ҚАЗАҚСТАННАН ҰЗАП КЕТКЕН ЖОҚ"

Сонымен бірге «Қазақстан жолайрықта: басқару, жемқорлық және халықаралық инвестициялар» деп аталатын есепте бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы айтарлықтай шектелгеніне және журналистердің қуғынға түсетініне де ерекше назар аударылған.

Қорытынды да бұл есептің экономика, саясат және мемлекеттік басқару ісінде орын алып отырған кейбір күрделі мәселелер туралы қысқаша шолу екендігі айтылған.

«Қазақ министрлері қаншалықты жоққа шығарса да, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мен бұрынғы Ресейдің отары болған Қазақстанның арасында ұқсастықтар жеткілікті. Экономикалық тұрғыдан неғұрлым тәуір дамып келе жатқан постсоветтік мемлекеттің басшылығы қоғамда әлі күнге дейін салыстырмалы түрде қол жеткен табыс пен көз алдау арқылы танылып келеді».

Ауторлар соттар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдау үдерісі көбіне саясиланып, тіпті белгілі бір деңгейде бетімен кететінін жазады. Бұрынғыдай халықаралық инвесторларға тәуелді болмау үшін үкімет экономикадағы ықпалын күшейтуде.
...бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мен бұрынғы Ресейдің отары болған Қазақстанның арасында ұқсастықтар жеткілікті


«Алайда, заң үстемдігінің әлсіздігі мен кейінгі экономикалық проблемаларға қарамастан соңғы бірнеше жылдардағы ілгерілеуді ескере келгенде бұл елде халықаралық инвесторлар үшін әлі де зор мүмкіндік бар деуге болады».

«ЕҚЫҰ саммиті өтетін желтоқсан айына дейін жаңа британ үкіметі мен оның әріптестері тарапынан айтылатын ұсыныстар Қазақстанның басқару ісі мен адам құндылықтары мәселесін шешу жолындағы әрекеттеріне жасалған маңызды сынақ болмақ».

Есеп соңы: «Ұлыбритания мен Еуроодақ үшін ұзақ мерзімді тиімді қатынастарға қол жеткізу үшін инвесторлардың Астанаға барып бүгінгі істің жайы туралы сөз қозғауының қажеті шамалы, дұрысы осы есеп пен өзге де ақпарат көздерінде баяндалған нақтылы мәселелерді Қазақстанмен бірлесе отырып, конструктивті және шынайы жолмен шешу қажет» деп қорытындыланған.
XS
SM
MD
LG