Accessibility links

Қытай Мысыр саммитінде Африкамен жақын байланыс құруды көздеуде


Жексенбі күні Қытай премьер-министрі Уен Жиабао Мысырда африкан жетекшілерімен кездесіп, бұл елге Қытай инвестициясын салу мәселесін талқылады. Және Бейжіңнің Африка құрлығына қолдауы ретінде қайтарымсыз несие ұсынды. Уен Жиабао бұл Африканың қаржылық мүмкіндігін реттеуге көмектеседі деді.

Қытай Африка құрлығы мен оның адамдарына достық әрі шынайы көңілмен 10 млрд. доллар жеңілдік несиесін ұсынды.

Қытай премьер-министрі Уен Жиабао бұл уәдесін Мысырдың Шарм әл-Шейх қаласындағы 50 елдің өкілі қатысып жатқан Қытай – Африка ынтымақтастық саммитінің алғашқы күнінде берді.

10 млрд. доллар қайтаруды қажет етпейтін донорлық көмек ретінде ұсынылып, Қытайдың Африкаға үш жылдық қолдау жоспарының бір бөлігі болып отыр.

Қытай 2006 жылы Бейжіңде өткен осындай саммитте 5 млрд. доллар қаржыны Африкаға қолдауға беретінін айтқан.

Енді жаңа жоспар бойынша, Қытай Африканың көп қарызын кешіріп, африкан өнімдерін нарыққа көптеп шығаруды көздейді. Сонымен қатар орташа және кішігірім африкан компанияларына несие үшін 1 млрд. доллар беру жағын қолға алады.

Африка елінің азық-түлік қауіпсіздігін қолдау мақсатында Бейжің өзінің ондаған ауылшаруашылық технологиялық топтарын Африкаға жіберіп, бірнеше мектеп салып, құрлықтағы мыңдаған ауылшаруашылық мамандары мен дәрігерлерді, мұғалімдерді оқу-жаттығудан өткізеді.

2012 жылға дейін Қытай африкандық студенттердің білім алу мүмкіндіктерін көбейтіп, осы құрлықпен мәдени байланыстар құрмақшы.

Климаттың өзгеруіне қатысты Уен Жиабао Қытай Африка үшін жаңадан 100 шақты таза энергетикалық жобалар құрады деп айтты.

Сенбі күні Қытай премьер-министрі 22 мүшесі бар Қаирдағы Араб лигасының бас пәтерінде болды. Онда Уен Жиабао ынтымақтастықты күшейту Қытай мен Араб елдерінің ортақ мүддесі деп атап өтті.

Бұларада Араб лигасының бас хатшысы Әмір Мұса Бейжіңнің Араб елдеріне қолдауын мадақтап, бұл Қытай мен Араб әлемінің ортақ мақсаты деді:

«Біз Араб әлемі мен Қытай бірігіп, тұрақтылық пен даму әрі бейбітшілікке әкелетін тепе-тең халықаралық байланыстар құруды көздейміз. Және Қытай саяси тұрақтылық, экономикалық өркендеу мен мүмкіндіктердің өсе түскенін танытқан соңғы жылдары түрлі саладағы өрлеудің куәсі».

Қытай премьері сондай-ақ Мысыр президенті Хосни Мүбаракпен келіссөздер өткізіп, тараптар бірқатар экономикалық және мәдени келісімдерге қол қойды.

Жексенбі күнгі уәделер осыған дейінгі айтылған Қытай өз экономикасын көтеру үшін Африканың көп еліндегі адам құқықтары жағдайына мән бермей, тек Африканың мұнай мен басқа да шикізаттарына қол жеткізуді көздеп отыр деген алаңдаушылықтар тұсында айтылды.

Бірақ Қытай премьер-министрі өз үкіметінің Африкаға қолдауы ешқашанда қандайда бір саяси жағдайға байланбайтынын ескертті.

«Біз африкан елдері бар проблемаларын өз жолдарымен жақсы шеше алатынына толық сенімдіміз. Қытай-Африка экономикасы мен сауда-саттық ынтымақтастығы өзара тиімді, еш ұтылыссыз әрі ашық негізде құрылған. Қытай үкіметі өз қолдауымен бірге бұрынғыдай Африкаға қандайда бір саяси жағдайды таңбайды».

Оның айтуынша, Бейжің бұл елмен байланысын дамытуда, кедейлік тауқыметін тартқан Африкадағы технологияны дамытуға, инфрақұрылым мен басқа да қажетті дамуларға көмектескісі келеді.

Қытайдың Африка елдеріне салған инвестиция көлемі 2008 жылы 8 млрд. долларға жақындады.

Қытай мен Африка арасындағы сауда-саттық соңғы онжылдықта он есеге өскен.
XS
SM
MD
LG