Accessibility links

Ашаршылық жайлы айтылса, Мәскеудің шамына тиеді


1930 жылдарғы ашаршылық кезінде босып бара жатқан қазақтар.
1930 жылдарғы ашаршылық кезінде босып бара жатқан қазақтар.

Украина ашаршылықтың халыққа қарсы геноцид болғандығы жөнінде мәселе көтерсе Мәскеу шамданып шыға келеді. Виктор Янукович Голодомордың украин халқына қарсы геноцид болғанын жоққа шығарады. Ал Қазақстан билігі ашаршылық тақырыбын саясатқа араластырмауды жөн көреді.


ХАЛЫҚ ЖАДЫНА ҚИЯНАТ

Қазірде Ұлыбританияда тұратын украин әйелі Мария Волкова өткен аптада Украина президенті Виктор Януковичқа ашық хат жолдады.

Бұл хат Британияда шығатын «Украинська Думка» атты украин газетінде жарияланды. Старсбургтегі Еуропалық Кеңесте сөз сөйлеген президент Виктор Янукович 1932-1933 жылдары болған ашаршылықтың украин халқына қарсы жасалған геноцид болғандығын жоққа шығарған еді. Аталған ашық хаттың жазылуына осы жағдай себеп болды.

Мария Волкова Ноттингем қаласында тұрады. Донбассты ашаршылық жайлағанда ол алты жаста болатын. Мария ашаршылық өзінің
Мария Волкованың Украина президенті Виктор Януковичқа ашық хаты. Киев, 26 мамыр 2010 жыл.
балалық шағы мен денсаулығын жалмағаны туралы жазады. Оның айтуынша, елдегі ашаршылық 1934, 1935 жылдарға дейін созылған. Аштықтан қалжыраған балалардың қу сүйегі ғана қалған болатын. Олардың тіпті орындарынан тұруға да дәрмендері жоқ еді. Олар екі апта қатарынан ұйықтай беретін.

Мария Волкова Голодомордың украин халқына қарсы геноцид болғандығына шүбәсіз сенеді.

«Ұлттық рухымызды жою үшін, украиндардың ұлттық өзегі болып табылатын шаруалардың көзін құрту үшін бізді, украиндарды ашаршылықпен қырып өлтірді», – деп жазады ол.

Қолдан өлтірілген миллиондаған адамдардың әруағын Страсбургте өткен жиында қорғамағаны үшін Мария Волкова президент Виктор Януковичті айыптады.

«ЕКПА-да айтқан сіздің сөзіңіз өз халқыңызға жасалған сатқындықтан өзге ешнәрсе емес», – дейді сөз соңында ол.

Осыдан соң Азаттық радиосына берген сұқбатында Мария Волкова Виктор Януковичтің қылығына ашу білдірді.

«Бұлай деуге оның қалай ғана дәті барды? Бұл мәселеде ол түк те білмейді. Бұның бәрін ол Мәскеуге жағу үшін жасап отыр. Ағарту министрі Табачник те бұл жайында Ресейдің мазасын алудың керегі не дейді. Янукович бүкіл украиндықтардың президенті боламын деген. Шындап келгенде ол Ресей үшін президент болып отыр. Ресей не айтса, соны орындауда», – деген пікірде ол.

ҚАЗАҚ ДЕПУТАТТАРЫ САҚТАНЫП СӨЙЛЕЙДІ

Ашаршылық мәселесі жақында, мамырдың 19-ы күні, Қазақстанда да қозғалды.

Парламенттің үш депутаты – Гүлнәр Сейітмағамбетова, Бекболат Тілеухан және Нұрлан Өнербай премьер-министр Кәрім Мәсімовке үндеу тастады. Онда жаппай ұжымдастыру кезінде Қазақстанда орын алған ашаршылық оқиғасын жаңадан ой елегінен өткізіп, зерттеуді қайта бастау жөнінде ұсыныс жасалған.

Солай бола тұрса да, бұл бастаманы көтеріп отырған депутаттар алдын ала ескерту жасауды да ұмытпапты. Бұл ескертулері Виктор Янукович пен оның ағарту министрінің айтқан сөздерімен үндесіп шықты.

«Біз ашаршылықты саясатқа айналдырғымыз келмейді, бірақ үндемей қалмауымыз да керек», – дейді депутаттар.

Мұндай үндеудің жасалуына түрткі болған жай Қазақстанның өзінен туындаған жоқ. Сәуірдің 28-інде Еуропалық Кеңестің
«Голодомор 1932-33: украин халқына жасалған геноцид» атты көрме. Киев, 25 қараша 2009 жыл.
Парламенттік ассамблеясы ССРО-дағы жаппай ашаршылық салдарынан құрбан болғандар үшін сталиндік режим кінәлі деген қарар қабылдады.

Қарар бұл ашаршылық украин халқына қарсы жасалған геноцид болды деген украин жағының ұсынысын мойындаудан бас тартты. Қарар, сонымен бірге, республиканың жалпы халқына шаққанда құрбан болғандар саны бойынша ашаршылықтан көбірек зардап шеккен қазақ халқы болды деп нақтылай кетті.

Қазіргі заманда жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша, ашаршылықтан Украин халқының 10-15 пайызы опат болған. Ал Қазақстанда ашаршылықтан жергілікті халықтың жартысы қырылған.

Осы уақытқа дейін Қазақстандағы ашаршылық құрбандарының саны жайында әртүрлі деректер айтылып келеді. Төрт миллионға дейін адам құрбан болған деген де пікірлер бар. Әзірге бұл соңғы деректер емес сияқты. Сондықтан зерттеу нәтижелері бойынша, бұл деректер әлі де нақтыланып отыратын болар.

Ашаршылықтың қазақ халқына соншама қасірет әкелгеніне қарамастан өзінің тарихындағы осы бір қайғылы жағдайлар туралы мәселе көтеруге келгенде Қазақстан Украинамен салыстырғанда барынша салғырттық танытып отыр. Бұл айтып отырғанымызға мына бір факті де дәлел бола алады. Ел тәуелсіздік алған соң, сонау 1992 жылы, Алматыда «ашаршылық құрбандарына осы жерде ескерткіш орнатылады» деген жазуы бар тас қойылған болатын. Уәденің берілгеніне жиырма жылға таяп қалды. Ал әзірге ескерткіш орнатылған жоқ.

Тап осы кезде жаппай ашаршылық фактілерін зерттеуді қайтадан бастау идеясын көтерген парламент депутаттары біраз ескертпелер жасап отыр. Олар Мәскеу үшін барынша шетін болып табылатын бұл мәселені көтергенде басшылықты шошытып алмаудың қамын ойлауда.

Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл «кешірім сұраңдар деп талап етуге болмайды, өйткені ол мемлекет жоқ болғандықтан, кешірімді кімнен талап етесің?» – дейді.

СТАЛИНГЕ СОТ

Жақында Украинада болған соттың нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұрындырған саналы әрекеттері үшін айыпталған ССРО-ның бірнеше басшыларына қатысты ресми үкім шықты.

Украина миллиондаған құрбандар үшін Ресейді негізсіз айыптайды деген кінә өздеріне артылмас үшін Украин жағы осындай
Ашаршылық кезіндегі Еділ бойындағы жетімдердің суреті. 10 маусым 1922 жыл.
әрекетке барды.

Сот Сталинді, Молотовты, Кагановичті және режимнің тағы бірнеше бюрократтарын айыпты деп тапты. Мәскеудегілер бұл сотқа пысқырған да жоқ. Олар Виктор Ющенко бастаған басшылықты Ресей халқын беталды айыптауда деп кінә тақты.

Киевтегі биліктің ауысуы ашаршылық мәселесіндегі шиеленісті бәсеңдетті. Әрине, бұл жерде жаңа президент Виктор Януковичтің Голодоморды геноцид ретінде танудан ресми түрде бас тартуы шешуші рөл атқарды.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СӘУЕГЕЙЛІКТЕР

Мамырдың 31-інде аталып өтетін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінен екі апта бұрын осы тыныштықты пайдаланып қазақ депутаттары қимылдарын бастамақ болған сияқты.

Соңғы бірнеше жылдың бедерінде бір топ депутат ашаршылық тақырыбын қайта қозғау үшін ел басшылығының назарын аударуға тырысты. Бірақ билік әзірге үн қатар емес.

Осы үнсіздікке қатысты түрлі сәуегейліктер айтылуда. Депутат Алдан Смайылдың сөзімен айтқанда, егер «қазақтардың қазіргі буыны біздің құрбандарымыз жайында ұмытатын болса, онда кейінгі ұрпақтар оны тіпті еске де алмайтын болады».

(Тәуелсіз журналист Александр Народецкий Лондонда тұрады. Бұл мақаладағы оның жеке көзқарасы мен пікірлері Азаттық радиосының ұстанымымен сәйкес келмеуі де мүмкін.)
XS
SM
MD
LG