Accessibility links

Исаковты қолдап аштық жарияланғандар жанкешті әрекеттерге баруға дайын екендерін айтады


Исмаил Исаковты бостандыққа шығаруды талап етіп, акциясын өткізіп отырған Алай аймағындағы Сопу Корған ауыл тұрғындары. 14 қаңтар 2010 жыл.
Исмаил Исаковты бостандыққа шығаруды талап етіп, акциясын өткізіп отырған Алай аймағындағы Сопу Корған ауыл тұрғындары. 14 қаңтар 2010 жыл.

Қырғызстандағы аштық акциясына қатысушылардың саны 20-дан асты. Ал бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковтың туған жері Алай аймағындағы Сопу Корған ауылындағылар егер билік ауылдастарын босатпаса өздерін өртеуге дейін баратындықтарын айтуда.


ЕЛДЕ САЯСИ ТҰТҚЫНДАР КӨБЕЙДІ


Қаңтардың 19-күні Қырғыз оппозициясының аштық акциясына тағы төрт саясаткер қосылып, бас-аяғы 13 адам болды. Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының Бішкектегі кеңсесінде өтіп жатқан наразылық акциясын өткенде сәрсенбі күні тоғыз кісі бастаған еді.

Наразылық іс-шарасына бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковтың сегіз жылға түрмеге кесілуі түрткі болып отыр.

Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаков. Бішкек, 11 қаңтар 2010 жыл.
Республиканың бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковты өткен аптада Бішкек әскери гарнизонының соты сегіз жылға түрмеге кесу туралы үкім шығарған болатын. Исаковке қорғаныс министрлігіне қарасты пәтерді өзінің ұлына берген деген айып тағылды. Алайда Исаков өзіне қарсы қозғалған істің саяси астары бар деп мәлімдеді, ал оның жақтаушылары елде саяси тұтқындардың көбейіп бара жатқандығын айтады.

– Құрметті қалың жұрт! Сен үшін жүрегі жалындап жанған, ұлттың келешегін сақтаймын деп, диктатураға, репрессияға қарсы қаймықпай, белсенді күресіп жатқан ұл-қаздарыңды бірінің артынан бірін соттап, түрмеге қамап жатқандығын көріп-біліп тұрып, білмеген болып, қорқып отыра берме! – дейді саяси қамаудағыларды қорғау комитетінің мүшесі Топчубек Тұрғуналиев.

Қырғызстанның Біріккен халықтық қозғалысының төрағасы Алмазбек Атамбаев, егер билік бұл шараларға еш жауап бермесе, онда оппозиция саяси күрестің митингтер мен наразылық акциялары сынды басқа да заңды жолдарын қолға алатындығын айтады.

АУЫЛДАҒЫ ҚАРТҚА ДЕЙІН АШТЫҚ ЖАРИЯЛАУҒА КЕЛДІ

Бес-алты күннен бері бұрынғы министрдің туған жері Алай аймағындағы 10 шақты белсенді, Сопу Қорған ауылында аштық акциясын
Исмаил Исаковтың туған жері Алай аймағындағы тұрғындар экс-министрдің түрмеге жабылуына наразылықтарын білдіруде. 14 қаңтар 2010 жыл.
жариялап, осы арқылы өз наразылықтарын білдіруде. Шараны ұйымдастырушылардың бірі Таалай Закиров Азаттық радиосының Қырғыз қызметіне берген сұхбатында, аштық жариялаушылардың арасында қарттар да бар дейді.

Исаковты қолдаушылар бұл іске президент Құрманбек Бакиевтің араласуын сұрап, оны босатуға шақыруда. Егер талаптары орындалмаса наразылық акциясын ұйымдастырушылар жанкешті әрекеттерге баруға дайын екендіктерін мәлімдеп отыр.

– Біздің арамызда конистрлерге жанар май құйып, егер билік еш әрекет етпесе өзін өзі өртейміз деп дайын отырғандар бар, – дейді Сопу Корған ауылының тұрғыны Таалай Закиров.
XS
SM
MD
LG