Ауғанстанда 2 ақпанда басталған президенттік сайлау науқаны қызу жүріп жатыр. Жұрт назарын аударатын сайлау жарнамалары елдің әр өңірінде көзге жиі түседі. Биыл 5 сәуірде өтетін сайлауға президенттікке кандидат ретінде қатысуға 11 адам ресми тіркелген. (Суреттерді Азат Ауғанстан радиосы тілшісі түсірген)
Ауғанстандағы президенттік сайлау науқаны

1
Бұрынғы моджахедтер жетекшісі Абдул Раб Расул Сайяф елде заң үстемдігін орнатып, коррупциямен күресуге уәде береді.

2
Ауғанстанның шығысындағы Жалалабад қаласында жеміс сатушының маңайында президенттікке үміткерлердің сайлау материалдары ілінген. Саудагердің тауары қойылған сөреден президенттікке кандидат Голь Ага Ширзайдың жарнамасы көзге түседі.

3
Президенттік сайлауға түскен Ауғанстанның бұрынғы қорғаныс министрі генерал Абдул Рахим Вардактың сайлау жарнамасы.

4
Бұрынғы моджахедтер жетекшісі Абдул Раб Расул Сайяфқа дауыс беруге шақыратын жарнама.

5
Ел астанасы Кабул қаласында көше бойындағы қоршаудың қабырғасына президенттікке кандидаттардың жарнамалары жапсырылған.

6
Президенттікке үміткер, бұрынғы қаржы министрі және Дүниежүзілік банктің экономисі Ахмад Ғани Ахмадзай билік басына келсе Ауғанстанды гүлдендіруге уәде береді.

7
Президент сайлауына түсіп жатқандар арасында негізгі кандидаттардың бірі саналатын Ауғанстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулланың сайлау жарнамасы.

8
Бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла билік қолына тисе реформалар жүргізуге уәде береді.