Батыс Еуропа мен АҚШ пилотсыз ұшатын құрылғылар туралы заңдарын қатайтып жатыр. Алайда, бұрынғы социалистік лагерь елдері дрондардан аспанын қорғауға асығар емес. Азаттық фотографы Амос Чэпл бұл мүмкіндікті екі жыл бойы пайдаланып келеді. Оның дронмен түсірген суреттерінен құрастырылған фотогалерея.
Дрон түсірген Ресей және басқа елдер

1
Несвиж қамалы, Беларусь.

2
Ереван, Армения. Қар басқан Цицернакаберд («қарлығаш ұясы») мемориалы. Ескерткіш Осман империясы жаппай өлтірген армяндарға қойылған.

3
Мәскеу, Ресей. Қызыл алаң.

4
Балқан тауы, Болгария. Бузлуджа (1441 метр) тауында қараусыз қалған ескерткіш. Ол Болгария коммунистік партиясының құрметіне 1980 жылы салынған.

5
Локет қамалы, Чехия. Чех тілінен аударғанда "локет" сөзі "шынтақ" дегенді білдіреді. Қамал тұрған жарқабақ бүгілген шынтаққа ұқсайды.

6
Бухарест, Румыния. Румын астанасының орталығында тұрған парламент сарайы.

7
Санкт-Петербургтегі "Спас-на-Крови" храмы, Ресей.

8
Освенцим, Польша. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі концентрациялық лагерь барақтарының орындары.

9
Будапешт, Венгрия. Азаттық статуясы. Монумент "Венгрияның тәуелсіздігіне, азаттығы мен гүлденуіне өмірін қиған немесе арнаған" адамдарға қойылған.

10
Румыниядағы Бран қамалы.

11
Гагр, Абхазия. Қара теңіз жағасында күнге қыздырынып жатқан Ресей туристері. Грузиядан тәуелсіздігін жариялаған, бірақ халықаралық қауымдастық егемендігін мойындамаған бұл республика - ресейліктердің сүйікті демалыс орны.

12
Кошице, Словакия. Әулие Елизаветаның шіркеуі.

13
Санкт-Петербург, Ресей. Жазғы орман.

14
Мәскеу, Ресей. "Украина" отелі.

15
Мәскеу, Ресей. "Жұмысшы мен колхозшы" мүсіні.

16
Брно, Чехия. Әулие Петр мен Павел соборының мұнаралары.

17
Тбилиси, Грузия. Кура өзенінің үстіне салынған православ шіркеуі.

18
Гали, Абхазия. Грузия шекарасына жақын жердегі қараусыз қалған университет ғимараты.

19
София, Болгария. Александр Невскийдің кафедралдық соборы.
ПІКІРЛЕР