АҚШ әскері 7 шілденің кешінде Ирандағы нысандарға әуеден шабуыл жасағанын мәлімдеді. Америкалық орталық әскери қолбасшылық (CENTCOM) мұны Иранның Ормуз бұғазындағы шабуылдарына қарымта деп атады.
CENTCOM мәліметінше, Иран осының алдында Ормуз бұғазы арқылы өткен үш азаматтық кемеге шабуыл жасап, бұған дейін АҚШ-пен жасасқан атысты тоқтату келісімін бұзған.
Иранда нақты қандай нысандарға шабуыл жасалғаны жайлы әзірге мәлімет жоқ. Мониторинг ресурстары Иранның оңтүстік жағалауында жарылыстар болғанын хабарлады.
Сейсенбіде АҚШ-тың қаржы министрлігі Иран мұнайына қатысты салынған шектеулер қайта күшіне енгізілгенін мәлімдеді. Бұған дейін, маусым айының ортасында АҚШ пен Иран арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін Вашингтон Тегеранға салынған санкциялар бойынша екі ай мерзімге жеңілдік жасаған еді.
Меморандумға сәйкес, тараптар Иран ақпан айының аяғынан бері бұғаттаған Ормуз бұғазын ашады, ал АҚШ Иран мұнайына салынған шектеулерді алып тастайды деп келіскен. Оған қоса, тараптар келіссөзді жалғастырып, екі ай мерзім ішінде өзара қарулы қақтығысты тоқтату туралы түпкілікті келісімге келуге тиіс болған. Алайда, әзірге келіссөздер үміт артқандай нәтиже берген жоқ, Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелер сапар бағытын Тегеранмен келісетін болсын деген талап қойып отыр.
Утром 7 июля В Ормузском проливе после поражения неустановленным снарядом загорелся танкер Al Rekayyat, перевозивший сжиженный природный газ. По данным Bloomberg, судно принадлежит катарской государственной судоходной компании Nakilat и ходит под флагом Маршалловых островов.
7 шілде күні таңертең Ормуз бұғазында сұйылтылған табиғи газ таситын Al Rekayyat танкеріне зымыран түсіп, кеме өртенді.
АҚШ шенеуніктері Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы коммерциялық кемелерге кемінде екі зымыран ұшырған деп мәлімдеді, ал Тегеран бұл ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ. Bloomberg дерегінше, Қатардың Nakilat мемлекеттік компаниясына тиесілі кеме теңізде Маршалл аралдары туын іліп алып жүрген.
Иран бұл ақпаратқа байланысты ресми түсініктеме берген жоқ. Алайда Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарына қарағанда, кемеге шабуылды ирандық әскерилер жасаған болуы мүмкін, деп жазды Associated Press.
Axios басылымы америкалық екі шенеуніктің айтқанына сүйеніп, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы дүйсенбінің кешінде Ормуз бұғазынан өтіп бара жатқан коммерциялық кемелерге кемінде екі зымыран ұшырған деп жазды.
Өткен аптада Иранның біріккен әскери қолбасшылығы мұнай таситын кемелердің бәрі Ормуз бұғазынан Иран бекітіп берген бағытты басшылыққа алуы керек, ал егер АҚШ араласатын болса, "тез әрі батыл реакцияға кезігеді" деп ескерткен".