Accessibility links

Астана әуежайында журналистер Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоровты ұстап босатты

Журналист Рауль Упоров. Астана әуежайы, 5 наурыз 2026 жыл.
Журналист Рауль Упоров. Астана әуежайы, 5 наурыз 2026 жыл.

5 наурызда Украинадан іссапардан оралған журналистер Лұқпан Ахмедияров, Рауль Упоров пен олардың операторы Еркебұлан Ғапуовты Астана әуежайында сақшылар ұстап, төлқұжаттарын тәркілеп алған. Ізінше босатқан.

“Қазір бізді босатты. Кешірім сұрап, “кешіріңіздер, осылай болып қалды” деді. Не солай болып қалды? Бізді не үшін ұстады? Ешкім түсіндірген жоқ. Төлқұжаттарымызды қайтарып берді. “Қазақстанға қош келдіңіздер!” деді” дейді Рауль Упоров.

Журналистердің айтуынша, оларды әуежай қызметкерлері ҰҚК қызметкерлеріне тапсыратынын айтқан.

“Әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты бізді тексеріп жатыр, себебі біз Еуропада, Украинада болдық. Қызметкер "қазір ҰҚК-дан адамдар келеді", бізді соларға тапсыратынын" айтты" деді Лұқпан Ахмедияров журналист Динара Егеубаеваға.

ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Майгүл Айнабекова Азаттыққа "ресми сауал жіберу" қажеттігін айтты.

Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров бұған дейін бірнеше рет өшіріліп, баспасөз қорғау ұйымдарының көмегімен қайта қалпына келтірілген, Қазақстандағы маңызды қоғамдық-саяси мәселелерді ашық айтып жүрген, Украинадағы соғыс туралы да ақпарат тарататын "Просто журналистика" YouTube-арнасының авторлары. Бұған дейін түсірілім тобы Украинаға барып, соғыс жағдайында өмір сүріп жатқан украиндардың өмірінен репортаж әзірлеген.

XS
SM
MD
LG