Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (20 – 25 мамыр) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


БАРАҚ, АЛМАТЫ

Табиғатты қорғауды айту оңай, адам құқығын қорғауды айту қиын, ол үшін өзіңнің артың бүтін болуы керек. Әлия жақсы боп көрінудің оңай жолын таңдапты. Аузы қисық болса да ішің білсін әлуай деген осы.

Әлия Назарбаеваның фильмі Нью-Йоркте көрсетілді» атты мақалаға жазылған пікір)


КӨРГЕНІ БАР

Басқасын білмедім. Біздің елде бір ғана отбасылық бизнес қарқынды ғана даму үстінде. Ол отбасының шыққан биігі соншалықты бүкіл дүниежүзі таң қалып отырады. Неткен іскерлік?! Тіпті ешқайсысы да дамыл таппайды. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғандар. Мүмкін "фирма" басшысы "Ау, бұл дүниелерді ана жаққа арқалап кетеміз бе, сәл де болса дамылдаңдар" десе де тыңдамайды екен басқалары.

Қазақстандағы отбасылық бизнестің ерекшелігі» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Бұл расында да бас ауру болды. Іштен сынасаң езіп өлтіреді. Сырттан сынасаң ешкім құлақ аспайды. ЕО басшысы сатып кетті. Үндемесек бәрімізді құлға айналдырып кете бермекші. Не істемек керек?

AI: Қазақстан қамаудағы қатыгездіктен бас тартсын» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG