Accessibility links

«Мемлекеттік төңкеріске әрекеттің» астары қандай?


Ақтөбеде "жер мәселесіне" қатысты өткен митинг. 27 сәуір 2016 жыл. (Facebook әлеуметтік желісінде Ольга Климонова жариялаған сурет).

Бүгінгі AzattyqLIVE хабарында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеген «мемлекеттік билікті басып алу әрекеті» туралы мәселе талқыланды.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) елде қаңтар айынан бері қамауда отырған шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтің «билікті күшпен басып алуға дайындық жасағаны» туралы мәлімдеді. Сонымен бірге ҰҚК сәуір-мамыр айларында Қазақстанның әр аймағында «жер мәселесі» бойынша өткен қарсылық акцияларына да «Төлешовтің қатысы бар» дейді.

«Жер мәселесі» бойынша қарсылық акцияларынан кейін Атырауда бірнеше белсендінің үстінен «мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірді» деген айыппен қылмыстық іс қозғалғаны мәлім.

Қазақстан үкіметінің ауылшаруашылығы жерін сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзарту жоспарына қарсы митингілердің артында тұрған жасырын ұйымдастырушысы бар ма? Қамаудағы шымкенттік кәсіпкер мен лауазымды шенеуніктердің наразылық акцияларына «тапсырыс бергеніне» қандай негіздер бар?

AzattyqLIVE хабарында қонақта болған саясаткер Әміржан Қосанов осы мәселені талқылады.

Тоқтар Төлешов және «мемлекеттік төңкеріс»
please wait

No media source currently available

0:00 0:35:07 0:00

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

Пікірлерді көріңіз (2)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG