Accessibility links

Зейнетақы қорының шеттегі қаржысы


Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ғимараты. Алматы, 25 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Әзербайжан халықаралық банкіне салған қаражаты қайта ма? Қор қаражатын шетелде орналастыру туралы шешімді кім қабылдайды? AzattyqLIVE бұл туралы экономист, бұрынғы инвестиция және даму вице-министрі Рақым Ошақбаевпен талқылады.

Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қазіргі уақытта кредиторларға төлем жасай алмай қалған соң қайта құрылымдауға дайындалып жатқан Әзербайжан халықаралық банкіне салған қаражатының жайы Қазақстан қоғамында қызу пікірталас тудырған тақырыпқа айналды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жарнасы жинақталатын қордағы 225 миллион доллар қаржының тым болмағанда бір бөлігі қарызға батқан шетелдік банктен елге қайта ма, жоқ па деген сауал төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылып жатыр.

БЖЗҚ қаражатына қатысты мәжіліс депутаттарының сауалы:

Қазақстан заңы бойынша, жұмыс істейтін азаматтар ай сайын айлық табысының 10 пайызын БЖЗҚ-ға аударып отыруға міндетті. Өткен жылғы желтоқсанның басындағы есеп бойынша, зейнетақы қорының активтері 6,6 триллион теңгені (19 миллиард доллардан астам) құраған.

БЖЗҚ-ға қатысты бұған дейін жанжал шыққан. 2016 жылдың соңында қор мен қорға қатысы бар екі компанияның басшылары коррупциялық қылмысқа қатысты айып тағылып, қамауға алынған.

БЖЗҚ-ның проблемалық шетелдік банкке инвестиция салуына жауапты кім? Әзербайжан халықаралық банкіне салынған қаражатты Қазақстанға қайтару мүмкін бе? Қазақстандықтардың зейнетақы жарнасынан жинақталған ақшаның ысырап болмауын кім қадағалайды? Қор қаражатын пайдалану тәртібі қандай?

AzattyqLIVE хабарында осы және басқа сауалдарға экономист, бұрынғы инвестиция және даму вице-министрі, БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі Рақым Ошақбаев жауап береді. Орыс тілінде өткен хабардың видеосы:

XS
SM
MD
LG