Accessibility links

Ставропольдегі тозған үйлер

Ресей астанасында жергілікті биліктің СССР кезінде салынған ескі ғимараттарды сүріп, орнына жаңа құрылыс бастау туралы жобасы қоғам тарапынан қарсылыққа тап болып отырған шақта Ставрополь қаласында әбден ескіріп, тозығы жеткен жалғыз қабатты үйлер ешкімнің ойына да кіріп-шықпай, ұмыт қалған сыңайлы. Ставропольдің орталық көшелеріндегі сол үйлер туралы Азаттықтың Солтүстік Кавказ редакциясының (Кавказ.Реалии) фоторепортажы.

Ставрополь қаласы бұған дейін екі рет – 2014 және 2016 жылдары Ресейдің ең жақсы абаттандырылған қаласы атанған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, ең жақсы абаттандырылған қала байқауы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және территорияларды абаттандыру мәселелерінде жергілікті өзін өзі басқару органдарының белсенділігін арттыруға бағытталған.

Бірақ Ресейдің ең жақсы абаттандырылған қаласының орталығында әбден тозығы жеткен ғимараттар да кездеседі.

XS
SM
MD
LG