Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:19 22.3.2020

Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Науқастар туралы министрлік әзірге толық ақпарат жариялаған жоқ.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 56-ға жетті. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам емделіп жатыр.

22:23 21.3.2020

Еуропадағы жағдай. Италияда бір күнде 793 адам көз жұмды

  • Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны тағы да өсті. Кейінгі 24 сағатта бүл елде Covid-19 дертінен 793 адам қаза болды. Ал бір күнде 6500 вирус жұқтырды. Қазір Италияда 53500 адам дертке шалдыққан.
  • Босния мен Финляндияда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді. Екі елде де бір-бір адам қаза болды.
  • Нидерланд елінде бір күнде 637 адамнан вирус табылып, дертке шалдыққандар саны 3630-дан асты. Кейінгі 24 сағатта 30 адам көз жұмды. Бұл елде 136 адам дерттен опат болды.
  • Швейцарияда 6100 адам дертке шалдықты. 56 адам қайтыс болды. Чехияда Аурудан жазылғандар арасында алты жасар бала бар.
21:51 21.3.2020

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан вирус табылды. Елде 54 адам дертке шалдықты

21 наурыз Алматы уақыты бойынша 22.30-да Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Қазіргі дерекке сай, Қазақстанда барлығы 54 адамға вирус жұқты. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 29 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында 1 адам емделіп жатыр.

20:06 21.3.2020

Нұр-Сұлтанда ХҚКО жұмысын тоқтатты

21 наурыздан 16 сәуірге дейін, карантин уақытында, Нұр-Сұлтан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) және “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Шешімді қалада коронавирустың тарауын тоқтату бойынша жедел штаб қабылдаған.

Азаматтар құжаттарды “Электронды үкімет” порталы арқылы ала алады. Контакт орталықтары жұртқа “Электронды үкімет” порталы арқылы жұмыс істеу бойынша кеңес береді.

Тағы

XS
SM
MD
LG