Нұр-Сұлтанда - алты, Ақмола облысында екі адамнан вирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 22.20-дағы дерегіне сай, Нұр-Сұлтанда тағы алты адамнан, Ақмола облысында екі адамнан вирус табылды. Нұр-Сұлтанда 75 адам дертке шалдықты.
Сонымен, 27 наурызда Қазақстанда 32 адамнан вирус табылды. Қазір елде 145 адамға вирус жұққаны анықталды: Нұр-Сұлтанда - 75 адам, Алматы қаласында - 50 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Ақмола облысында екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау облысында бір адам.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы төрт науқас: Алматыда - үш, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.
Алматыда тағы екі адамнан вирус табылды. Қалада дертке шалдыққандар елуге жетті
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 20.00-дегі дерегіне сай, Алматыда тағы екі адамнан вирус табылды. Қазір бұл қалада 50 адам дертке шалдыққан.
Ал елде қазір 137 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтанда - 69 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау обылсында бір адам.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы төрт науқас: Алматыда - үш, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.
Нұр-Сұлтанда тағы тоғыз адамнан вирус табылды. Қалада 69 науқас бар
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 19.05-тегі дерегіне сай, Нұр-Сұлтанда тағы 9 адамнан вирус табылды. Қазір бұл қалада 69 адам дертке шалдыққан.
Ал елде қазір 135 адамға вирус жұққаны анықталды: Нұр-Сұлтаннан бөлек Алматыда - 48 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау обылсында бір адам.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Алматыда - екі, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты.
12 жасар бала Covid-19 дертінен айықты
Қазақстанда тағы бір адам Covid-19 дертінен айықты. Ол - Алматыдағы балалар инфекциялық ауруханасында жатқан 12 жасар қыз бала. Аурудан жазылған бала 28 наурызда ауруханадан шығады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазір елде барлығы төрт адам аурудан жазылды. Осыған дейін Алматыда үш адам, Нұр-Сұлтанда бір адам ауруханадан шыққан.
Елде қазір 126 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау обылсында бір адам.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды.