Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

20:51 2.6.2020

Теміртау әкіміне де коронавирус жұқты. Бірақ ауруханаға жатқызылмады

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтен коронавирус инфекциясы табылды. Тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті әкімді ауруханаға жатқызбай, үйінде емделуге рұқсат бергенін хабарлады.

- Ғалым Әшімов қазір үйінде. Дәрігерлер жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ауырсыну туралы шағым жоқ. Әкім 14 күн оқшауда болады. Әкім аппараты қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр – деді облыстық департамент Азаттыққа.

Әкіммен байланыста болған қызметкерлердің коронавируске тесті теріс шықты деді эпидемиологтар.

Теміртау әкімі қызметін уақытша Әшімовтың орынбасары Мирас Құттыбай атқарады.

1 маусымда Теміртау қаласында карантин талаптары жеңілдетіліп, сауда және қызмет көрсету саласындағы объектілердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Қалаға кіреберістегі блокпостар алынды. Блокпостар сәуірдің басында Теміртауда жұмыс істейтін Қарағанды тұрғыны коронавирустан қайтыс болғаннан кейін қойылған болатын.

Қарағанды облысында 20 наурыз бен 1 маусым аралығында 956 адамнан коронавирус табылды. Теміртауда 356 жағдай тіркелген.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 11 мыңнан астам адамнан COVID-19 инфекциясы табылған.

13:35 2.6.2020

Ресейде COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны әскерилерге сынамақ

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей қорғаныс министрлігі COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинаны клиникалық жағдайда сынақтан өткізуге әскерилер арасынан 50 еріктіні таңдап алған. Бұл туралы әскери ведомствоға сүйеніп, ресейлік ақпарат агенттіктер хабарлады. Вакцинаны Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты 48-орталық ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген. Еріктілердің алғашқы тобын институт 3 маусымда қабылдамақ.

Ресей әскери министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге қатысып жатқаны сәуірдің басында белгілі болған. Ресей президентінің қатысуымен өткен кеңесте қорғаныс министрі Сергеу Шойгу вакцинаны клиникалық сынаққа дейін зерттеу жұмыстары 1 маусымға дейін аяқталуы тиіс деп мәлімдеген еді. Вакцина әзірлеу жұмысына Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалеи атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми зерттеу орталығы да қатысып жатыр. Вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

22 мамырда ресейлік академик Александр Гинцбург орталық қызметкерлері SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцина ретінде әзірлеп жатқан затты өздеріне сынап көргенін хабарлаған. Гинцбургтің сөзінше, қызметкерлердің "денсаулығына кері әсер етпеген". Академик сынаққа нақты қанша адам қатысқанын айтпады. Бұл вакцинаны жаңа коронавирус гені енгізілген аденовирус ДНК-сы негізінде әзірлеп жатыр.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикованың хабарлауынша, елде COVID-19 коронавирусына қарсы 47 түрлі вакцина әзірленіп жатыр. Ал Гамалеи атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми зерттеу орталығының директоры COVID-19 вирусына қарсы жаппай вакцина салу 2020 жылы күзде басталуы мүмкін деп топшылайды.

Өткен аптада Мәскеу мэрі Сергей Собянин коронавирус инфекциясының таралуына қарсы енгізілген санитарлық шектеу вакцина табылғанға дейін ішінара сақталатынын мәлімдеген.

11:22 2.6.2020

Испанияда өткен тәулікте коронавирустан адам өлімі болған жоқ

Мадридте азық-түлік дүкені алдында кезекте тұрған адамдар. Испания, 25 мамыр 2020 жыл.
Мадридте азық-түлік дүкені алдында кезекте тұрған адамдар. Испания, 25 мамыр 2020 жыл.

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері Испанияда алғаш рет тәулік ішінде COVID-19 салдарынан ешкім қайтыс болған жоқ. Бұл туралы Испания денсаулық сақтау министрлігі төтенше санитарлық жағдайлар бойынша үйлестіру орталығының басшысы Фернандо Симон хабарлады.

"Біз пандемия эволюциясында өте жақсы орында тұрмыз. Статистикада тренд бар және ол дұрыс бағытта", - деді Симон.

Испания - Еуропаның пандемиядан ең ауыр зардап шеккен мемлекеттердің бірі. Елде коронавирус 240 мың адамға жұғып, 27 мыңнан астам адам COVID-19 кесірінен қайтыс болған.

Испанияда COVID-19 себеп болған адам өлімі алғаш рет 3 наурызда тіркелген. Екі күннен кейін тағы бір адам қайтыс болған. Содан кейін вирусты жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны еселеніп көбейе берді. 2 cәуірде Испанияда бір тәулікте 950 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл вирустан қайтыс болғандардың шарықтау шегі еді. Одан кейін өлім көрсеткіші біртіндеп азая бастады.

08:19 2.6.2020

Коронавирус жұқтырғандар 11,5 мың адамнан асты

Жедел жәрдем көлігінде отырған медицина қызметкері. Жамбыл облысы, 1 маусым 2020 жыл.
Жедел жәрдем көлігінде отырған медицина қызметкері. Жамбыл облысы, 1 маусым 2020 жыл.

Қазақстанда Қазақстанда өткен тәулікте 263 адамнан COVID-2019 анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің 2 маусымда таңертең таратқан мәліметінде Нұр-Сұлтанда 59 адамнан вирус табылғаны айтылған.

Алматы қаласы - 29
Батыс Қазақстан облысы - 27
Қарағанды облысы - 24
Маңғыстау облысы - 19
Шымкент қаласы - 18
Қызылорда облысы - 16
Алматы облысы - 15
Атырау облысы - 14
Жамбыл облысы - 13
Павлодар облысы - 11
Шығыс Қазақстан облысы - 7
Ақтөбе облысы - 6
Түркістан облысы - 5.

Елде 13 наурыздан бері коронавирус жұқтырғандар 11 571 адамға жетті. Оның 5587-і дерттен жазылған. 41 адам қайтыс болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG