Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:28 3.6.2020

Нұр-Сұлтан: Мейрамхана иелері ірі банкет залдарын ашуды талап етті

3 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдында ірі мейрамхана, тойхана иелері мен жұмысшылар наразылық өткізіп, ірі банкет залдарын ашуды талап етті, рестораторларға 50-ден астам адам қабылдауға рұқсат беруді сұрады. Олар базарлар мен сауда орындары ашылған шақта ірі ресторандарды ашуға рұқсат бермей отырған билікке наразы. 

Коронавирусқа байланысты шамамен 2,5 ай карантинде болып, соңғы кезде шектеу шараларының басым бөлігі алынған астанада қоғамдық тамақтану орындарына 30-дан артық адам қабылдауға тыйым салынған. Соның кесірінен кәсіпкерлер шығынға батқан.

Кәсіпкер Аслан Жақыпов.
Кәсіпкер Аслан Жақыпов.

- 15 наурыздан бері жабықпыз. Егер бір мейрамханада кемінде бірнеше адам істесе, қалада кемінде ондаған адам жұмыссыз қалып отыр. Ондаған отбасы - табыссыз. Көбінің әлеуметтік жағдайы төмен. Көбінің несиесі бар. Бізге карантин кезінде несие төлеу мерзімін үш айға шегерді. Енді шілде айында несие төлейтін уақыт келеді. Біз несиемізді қалай төйлейміз? Санитарлық талаптарды сақтауға дайынбыз, бізге жұмыс істеуге рұқсат берсін, - деді кәсіпкер Аслан Жақыпов. 

Наразылар арасында музыкант-тамадалар, ресторан мен банкет залдарының қызметкерлері де бар.

- Жұмыссыз жүргеніме үш ай болды. 100 мың теңге мөлшеріндегі пәтерақымды төлеген жоқпын. Маған 300 мың теңгені санитар дәрігер бере ме? - дейді мейрамхана үйлестірушісі Ерлан Есенмұратов. 

Наразылар көп адам жиналса, полиция ұстап кете ма деп қорыққандарын да айтады.

Сәлден соң қалалық әкімдіктен сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлім жетекшісі Руслан Ыдырысов шықты. Ол кәсіпкерлерге "өтініштеріңізді жазбаша қалдырыңыздар, дүйсенбіге дейін қараймыз, санитарлық дәрігермен ақылдасып, бір амалын табармыз" деді. 

Бұдан соң наразылармен сөйлесуге қалалық тауар және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Айгүл Шағалтаева шықты. Ол қоғамдық тамақтану орындарына 30-дан артық адамның жиналуына рұқсат бермеу себебін түсіндірді. 

Шағалтаеваның айтуынша, кішігірім тамақтану орындарында адамдар тойхана, банкет залдарындағыдай ұзақ отырмайды. Науқастар өсімі астанада азаймай отырғандықтан мұндай орындарды ашу вирустың тарау жылдамдығын арттыруы мүмкін. 

Наразылар департамент өкілі мен әкімдік өкілдеріне өздерінің талаптары мен ұсыныстары жазылған хатты тапсырып, хатқа жауап күтетіндерін айтты. 

Кәсіпкерлердің айтуынша, қалада 100 шақты ірі банкет зал бар. Онда шамамен бірнеше мың адам жұмыс істейді. 

Вирус жұқтырғандар саны жағынан республикада Алматыдан кейін екінші орында тұрған Нұр-Сұлтанда соңғы мәлімет бойынша, 2289 адамнан коронавирус табылған. 7 адам қайтыс болған. 1170 адам жазылған. 

 

08:22 3.6.2020

Associated Press: Қытай коронавирус жайлы мәліметті жасырған

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Пекинді коронавирус індетіне дер кезінде жауап берді деп мақтағанмен Қытай билігінің қаңтар айындағы әрекеті сонша мақтауға тұрмайды. 2 маусымда жариялаған мақаласында Associated Press (AP)​ осылай деп жазған. 

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Пекин коронавирусқа "дер кезінде жауап берді" деуге келмейді. ДДСҰ Қытай ашықтық танытты деп айтқанмен шын мәнінде Қытай билігі әлем, оның ішінде бірінші кезекте ДДСҰ қажетсінген ақпаратты шектеген деп жазды агенттік.

Қытай вирус ерекшілігі туралы зертхана мәліметтерімен бөліскісі келмей, індет қаупін жасырған кезде әр түрлі елдерде орналасқан үш зертхана коронавирустың "құпиясын ашып үлгерген".    

Ондаған сұхбат пен түрлі деректерге сүйенген АР ақпаратты қатаң бақылап, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде бәсекеге жол бермеген Қытай сол кезде айыптауға лайық еді деп жазды.  

Қытай үкіметінен бұрын басқа зертхана 11 қаңтарда вирусология мәселелеріне арналған арнайы сайтта коронавирус туралы мәлімет жариялағаннан кейін Қытайдың үкіметтік зертханалары геном жайлы ақпарат берді. Бірақ бұдан кейін де Қытай екі апта бойы мәлімет беруге ықылас танытпады. ДДСҰ жабық отырыстарының хаттамасына сәйкес, дәл осы кезеңде әлем науқастар және вирустың тарауы туралы толымды мәліметке зәру болған. АР егер сол кезде толымды мәліметтер болғанда бәлкім, коронавирустың зардабын азайтуға септесер ме еді немесе оның тарауын бәсеңдетуге болар ма еді деп топшылайды. 

Құпия дереккөзге сүйенген агенттіктің жазуынша, ДДСҰ-ның ресми өкілдері сол кезде қажетті ақпарат алу үшін Қытайды көптің көзінше мақтаған болуы мүмкін. Ал жеке кездесулер кезінде Қытай тарабы вирус туралы қажетті ақпаратты бермей отыр деп шағымданған. Қытай мамандары ДДСҰ-ға коронавирустың басқа елдерге тарау қаупі туралы болжамдарымен де бөліспеген. Ал халықаралық сарапшылардың айтуынша, толымды ақпаратсыз коронавируспен күрес жоспарын құрастыру өте қиын. 

07:28 3.6.2020

Қазақстан: Вирус жұқтырғандар 225 адамға көбейді. Барлығы 11 796 адам болды

Өткен тәулікте Қазақстанда 225 адамнан коронавирус табылды. Батыс Қазақстан облысында - 40, Алматыда 39 жаңа науқас анықталған. Сейсенбі күні науқастар көп тіркелген облыс пен қалалар арасында Қызылорда облысы (30), Нұр-Сұлтан қаласы (23), Атырау облысы (21) бар. Жалпы өсім 1,9 пайызды құраған. 

Коронавирусты анықтайтын тест орталығы. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.
Коронавирусты анықтайтын тест орталығы. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.

Елде барлығы 11 796 адамға вирус жұққан:

  • Алматы қаласы – 39 (Барлығы 2715)
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 23 (Барлығы 2289)
  • Атырау облысы – 21 (Барлығы 1140)
  • Шымкент қаласы – 21 (Барлығы 906)
  • Қарағанды облысы – 0 (Барлығы 956)
  • БҚО – 40 (Барлығы 732)
  • Жамбыл облысы – 5 (Барлығы 398)
  • Түркістан облысы – 0 (Барлығы 384)
  • Алматы облысы – 5 (Барлығы 381)
  • Қызылорда облысы – 30 (Барлығы 448)
  • Ақтөбе облысы – 14 (Барлығы 363)
  • Павлодар облысы – 0 (Барлығы 217)
  • Маңғыстау облысы – 17 (Барлығы 308)
  • Ақмола облысы – 0 (Барлығы 166)
  • Қостанай облысы – 2 (Барлығы 184)
  • ШҚО – 6 (Барлығы 148)
  • СҚО – 2 (Барлығы 61)

Бір күнде 354 адам жазылған. Барлығы 5941 адам айыққан. 44 адам қайтыс болған.

 

22:23 2.6.2020

Елде тағы үш адам коронавирустан қайтыс болды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте 64 жасқа шыққан ер адам, Павлодар облысында 85 жасқа шыққан әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 61 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді. Министрліктің ақпаратынша,
өлім-жітімдерді зерттеу жөніндегі комиссия үш марқұмның өлімін коронавирус инфекциясыдан қайтыс болған деген шешім қабылдады.

Қазақстанда коронавирустан 44 адам көз жұмды.

Тағы

XS
SM
MD
LG