Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:16 4.6.2020

Қазақстанда тағы 271 адамнан коронавирус табылды. Барлығы 12 067 адам болды

Өткен тәулікте Қазақстанда 271 адамнан коронавирус табылды. Қарағанды облысында - 68, Нұр-Сұлтанда 55 жаңа науқас анықталған. Сәрсенбі күні науқастар көп тіркелген облыс пен қалалар арасында Атырау облысы (35), Алматы қаласы (26), Батыс Қазақстан облысы (22) бар. Жалпы өсім 2,3 пайызды құраған. Бұл туралы 4 маусымда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Коронавирусты анықтайтын тест орталығының маманы. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.
Коронавирусты анықтайтын тест орталығының маманы. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.

Елде барлығы 12 067 адамға вирус жұққан:

  • Алматы қаласы – 26 (Барлығы 2741)
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 55 (Барлығы 2344)
  • Атырау облысы – 35 (Барлығы 1175)
  • Шымкент қаласы – 3 (Барлығы 909)
  • Қарағанды облысы – 68 (Барлығы 1024)
  • БҚО – 22 (Барлығы 754)
  • Жамбыл облысы – 7 (Барлығы 405)
  • Түркістан облысы – 0 (Барлығы 384)
  • Алматы облысы – 21 (Барлығы 402)
  • Қызылорда облысы – 1 (Барлығы 449)
  • Ақтөбе облысы – 4 (Барлығы 367)
  • Павлодар облысы – 7 (Барлығы 224)
  • Маңғыстау облысы – 0 (Барлығы 308)
  • Ақмола облысы – 1 (Барлығы 167)
  • Қостанай облысы – 7 (Барлығы 191)
  • ШҚО – 11 (Барлығы 159)
  • СҚО – 3 (Барлығы 64)

Бір күнде 299 адам жазылған. Барлығы 6240 адам айыққан. 48 адам қайтыс болған. 3 маусымда түнде денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысында 56 жасқа шыққан ер адам, Атырау облысында 69 жасқа шыққан ер адам, 56 жасқа шыққан ер адам, Нұр-Сұлтан қаласында 69 жасқа шыққан ер адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді.

23:33 3.6.2020

Қазақстанда тағы төрт адам коронавирустан қайтыс болды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысында 56 жасқа шыққан ер адам, Атырау облысында 69 жасқа шыққан ер адам, 56 жасқа шыққан ер адам, Нұр-Сұлтан қаласында 69 жасқа шыққан ер адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді.

Министрліктің ақпаратынша, өлім-жітімдерді зерттеу жөніндегі комиссия үш марқұмның өлімін коронавирус инфекциясыдан қайтыс болған деген шешім қабылдады.

Қазақстанда, ресми мәліметке сай, коронавирустан 48 адам көз жұмды.
19:55 3.6.2020

"Бізге жұмыс керек!" Рестораторлар мен асабалар тойханаларды ашуды талап етті

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарына наразы бір топ ресторатор, асаба және кәсіпкер әкімдіктен тойханаларды ашуды талап етті. Олар коронавирус пандемиясы кезінде табыстан қағылғанын, күнкөріс қиындағанын айтады.

"Бізге жұмыс керек!" Рестораторлар мен асабалар тойханаларды ашуды талап етті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

 

14:28 3.6.2020

Ресейде вирус жұқтырғандар жарты миллионға жуықтады

Ресейде COVID-19 ауруынан жазылғандар 195 957 адамға жетті.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Коронавируспен күрес жөніндегі орталық мәліметі бойынша, өткен тәулікте 8536 адамнан вирус табылған. 8972 адам жазылған. 178 адам қайтыс болған. 

Елде вирус жұқтырғандар 432 277 адамға жетті. Қазір 231 105 адам емделіп жатыр. Эмидемия басталғалы бері 5215 адам қайтыс болған. 

Тағы

XS
SM
MD
LG