Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

15:26 27.4.2020

Қазақстанда вирус жұққан 15 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 15 науқастың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл туралы 27 наурызда өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау комитетінің басшысы Тимур Сұлтанғазиев хабарлады.

Министр өкілінің сөзінше, Қазақстанда 820 медицина қызметкеріне коронавирус жұқты. Бұл – елдегі дертке шалдыққандардың 30 пайызы.

"Көбіне орта мен кіші медицина қызметкерлерінен вирус табылды. Бір қызығы, вирус жұқтырғандар арасында инфекциялық стационардың қызметкерлері аз" деді Сұлтанғазиев.

Министрлік өкілінің сөзінше, Қазақстанда инфекцияның тарауы 4,5-8 пайызды құрайды.

"Елде вирустың тарауы геометриялық прогрессиямен өсіп келе жатқан жоқ. Инфекцияның тарауы тұрақталып, болжағанымыздай өсіп келеді" деді ол.

27 сәуір 16.00-дегі мәліметке сай, Қазақстанда 2791 адамнан коронавирус анықталды. 696 адам дерттен айықты. 25 адам қайтыс болды. Министрліктің дерегінше, елде вирус жұқтырғандармен байланыста болған 47893 адам анықталып, олардың 98,5 пайызы оқшауланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созды, бірақ карантиннің кейбір шарттары жеңілдеді. Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар.

Тоқаев 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында әуе рейстері ұша бастайтынын мәлімдеді.

16:21 27.4.2020

Әлемдегі жағдай қалай?

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің 27 сәуір Алматы уақытымен 16.00-дегі дерегіне сай, әлемде 2 млн 981 мыңнан асты. 206 803 адам қайтыс болды. 870 мыңдай адам дерттен айықты.

  • Италия (260 адам көз жұмды), Испания (288), Ұлыбритания (413) және Францияда (242) кейінгі бір тәулікте COVID-19 дертінен қайтыс болғандар саны азайды. Бұған дейін бұл елдерде күніне 400-900 адам індеттен қайтқан.
  • Ресей (87147) вирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайдың (83912) алдына шықты.
  • Коронавирус жұқтырған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон дерттен айығып, 27 сәуірде жұмысына оралды. Ол вирус жұқтырған соң интенсивті терапия бөлімінде жатып, бір-екі күн жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен демалған.
  • Италияда 4 мамырдан бастап карантин шарттары жеңілдейді. Жұрт өзі тұрып жатқан аймаққа шығып жүруіне болады. Сондай-ақ жақын адамдар шағын топта кездесе алады. Парктер, фабрикалар ашылады. Жерлеу рәсіміне өткізуге болады, бірақ тек 15 адам қатысады. Мейрамханалардан, кафе-барлардан ас-сусынды алып кетуге болады. 18 мамырдан бастап мұражайлар, кітапханалар, кейбір сауда орындары ашылады және спорт командалары жаттығу өткізе алады. 1 маусымнан шаштараз, сұлулық салондары жұмысын бастайды. Вирустан көп зардап шеккен Италия 9 наурыздан бері карантинде отыр.
  • Швейцарияда шаштараз бен парктер ашылды. Оқушылар 11 мамырда мектепке оралады.
  • Қытайдың Пекин мен Шанхай қалаларында оқушылар сабаққа орала бастады. Қытай билігі Уханьда COVID-19 дертіне шалдыққан соңғы науқас ауруханадан шыққанын, бұл қаланың ауруханасында індетке шалдыққан науқас жоғын хабарлады.
  • Мальта кейінгі 24 сағатта елде бірде-бір адамнан коронавирус табылмағанын хабарлады.
16:51 27.4.2020

Қазақстанда COVID-19 дертінен айыққандар 700-ден асты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 27 сәуір 17.30-да елде тағы 24 адам COVID-19 дертінен айыққанын хабарлады. Дүйсенбіде Қазақстанда 38 науқас аурудан жазылды. Ал жалпы елде 720 адам індеттен айықты.

Қазақстанда барлығы 2791 адамнан вирус табылған (820-cы – медқызметкер). 25 адам дерттен қайтыс болды. 26 сәуірде елде 97 жастағы адам көз жұмған еді. Ол адамнан да вирус анықталған. Бірақ министрлік марқұмның өліміне коронавирус жанама түрде әсер етті, өліміне басқа да дерттері себеп болған” деген шешім шығарған.

Ресми мәліметке сай, елде коронавирус жұқтырған 15 науқастың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамға вирус жұғады деп болжайды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созды. Сөзінше, Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Елде төтенше жағдай 16 наурызда жарияланған.

17:16 27.4.2020

Билік карантинде жұрттың аулаға шығуына және саяжайға баруына рұқсат етті

Қазақстандағы коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия 27 сәуірден бастап жұртқа үйдің ауласына шығып жүруге және саяжайға баруға рұқсат етті.

Артынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ресми сайтында мәлімдеме жасап, саяжайға тек жеміс-жидек отырғызуға болатынын, қонақ шақыруға, саяжай аумағында тамақ пісіріп отырыс жасауға тыйым салынатынын мәлімдеді. Нұр-Сұлтан тұрғындары карантин аймағынан тыс жерде орналасқан саяжайға да бара алады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созды, бірақ карантиннің кейбір шарттары жеңілдеді. Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Тоқаев 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында әуе рейстері ұша бастайтынын мәлімдеді.

Елде коронавирус тарауына байланысты төтенше жағдай 16 наурызда жарияланған. Қазақстанның басым бөлігі карантинде.

Қазақстанда барлығы 2835 адамнан вирус табылды (дүйсенбіде 118 адам қосылды). 720 адам дерттен айықты (дүйсенбіде 38 адам). 25 адам COVID-19 дерттен қайтыс болды. 26 сәуірде елде 97 жастағы адам көз жұмған. Ол адамнан да вирус анықталған еді. Бірақ министрлік марқұмның өліміне коронавирус жанама түрде әсер етті, өліміне басқа да дерттері әсер еткен” деген шешім шығарған.

Ресми мәліметке сай, елде коронавирус жұқтырған 15 науқастың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамға вирус жұғады деп болжайды.

Тағы

XS
SM
MD
LG