Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:40 28.4.2020

Қырғызстанның кейбір аймағында ТЖ режимі 10 мамырға дейін ұзарды

Қырғызстанның Бішкек, Ош, Жалалабад қалалары мен Нарын облысының Ат - Баши ауданында төтенше жағдай режимі 10 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен отырысының қорытындысы бойынша мәлімдеді. Қалған аймақтарда төтенше жағдай тоқтатылып, кейбір шектеулер әзірге күшінде қалады.

- Үкімет пен барлық мемлекеттік органдар дағдарысқа қарсы қауіпсіздік кеңесі ұсынған шараларды жүзеге асыруы тиіс, - деді Жээнбеков.

Бішкек, Ош, Жалалабад қалалары мен Ош облысының Ноқат және Қарасу аудандарына және Жалалабад облысының Созақ ауданына 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілген, кейін 30 сәуірге дейін ұзартылған.

Нарын қаласы мен Нарын облысының Ат-Баши ауданына төтенше жағдайды 15 сәуір-30 сәуір аралығына енгізген.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, коронавирус жұқтырғандар Қырғызстанда 708 адамға жеткен (оның 185-і медицина қызметкерлері), 416 адам айығып, 8 адам қайтыс болған.

21 сәуірде Өзбекстан да коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шараларын 10 мамырға дейін ұзартқан еді. Ал 27 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін созған.

17:01 28.4.2020

Елде вирус жұқтырғандар үш мыңнан асты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 сәуір 17.40-тағы мәліметіне сай, елде тағы 37 адамнан коронавирус табылды: Алматы облысында - 12, Алматы қаласында - 10, Ақтөбе облысында - 4, Қызылорда облысында - 3, Қарағанды обылсында – 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Ақмола облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Маңғыстау облысында 1 адам.

Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар үш мыңнан асты – 3019 (сейсенбіде 159 адам қосылды). 754 адам (сейсенбіде 29 адам) дерттен айықты. 25 адам қайтыс болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “вирус тарауының шарықтау шегінен өткен жоқпыз” деп елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созған. Бірақ карантин шарттарын жеңілдеткен. Жұрт енді маскамен аулаға шыға алады және саяжайға бара алады.

1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында әуе рейстері ұша бастайды. Жолаушылар вирус жұқтырмағанын дәлелдейтін анықтама әкелуі тиіс.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі басында елде 3500 адамға вирус жұғады деп болжаған. Кейін болжамды өзгертіп, мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамнан вирус табылады деп мәлімдеді.

Коронавирус жұқтырған 3019 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 919
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 601
  • Қызылорда облысы – 186
  • Шымкент қаласы – 176
  • Қарағанды облысы – 139
  • Атырау облысы – 128
  • Батыс Қазақстан облысы – 126
  • Түркістан облысы – 121
  • Павлодар облысы – 120
  • Алматы облысы – 113
  • Жамбыл облысы – 108
  • Ақмола облысы – 95
  • Ақтөбе облысы – 65
  • Қостанай облысы – 43
  • Маңғыстау облысы – 32
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17
19:51 28.4.2020

"Құр жатырмыз". Коронавирус жұққан алматылықтар ем жоғына шағынды

Алматыда таяуда ашылған модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан азаматтар "екі күн бойы ем-домсыз жатқанын" айтады. "Қызуым көтеріліп тұр" деген науқас өзі әкелген дәрісін ішкен. Аурухананың бас дәрігері "ауру белгісі жоқтарды жай бақылаймыз" дейді. Белсенді дәрігер мұндай әдіс денсаулық сақтау министрлігі шығарған қаулыға қайшы болуы мүмкін екенін айтады.

"Құр жатырмыз". Коронавирус жұққан алматылықтар ем жоғына шағынды "Құр жатырмыз". Коронавирус жұққан алматылықтар ем жоғына шағынды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:58 0:00

21:41 28.4.2020

Қазақстандағы коронавирус бойынша қазіргі жағдайға шолу

Егер Азаттықтың жазбаша LIVE парақшасына енді ғана кірсеңіз, сейсенбі күнгі Қазақстандағы жағдайды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз:

  • Қазақстанда елде коронавирус жұқтырғандар үш мыңнан асты – 3019 (сейсенбіде 167 адам қосылды). 754 адам (сейсенбіде 49 адам) дерттен айықты. 25 адам қайтыс болды.
  • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созғанымен аймақтарда карантин шарттары сәл жеңілдеді.
  • Билік жұртқа карантинде аулаға шығуға және саяжайға баруға рұқсат етті. Аулада жүргенде маска тағу және бір отбасының мүшесі болмаса екі метр арақашықтықты сақтау керек. Карантин шарттары қалай жеңілдегенін мына сілтемеден толық оқи аласыз.
  • 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейстері қайта ашылмақ. Күніне төрт рейс ұшады. Ұшаққа отыратын жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екені туралы анықтамасы, маска, қолғап болуы шарт. Ұшаққа отырарда қан анализінің теріс нәтижесін көрсету керек.
  • Қазақстан билігі Алматы облысы Жауғашты кентіндегі ЛА-155/4 әйелдер түрмесінде отырған сотталушыдан алдымен коронавирус табылды деп хабарлап, кейін оның қайта тапсырған анализінің бірі таза болып шықты деп мәлімдеді. Алматы облысы Іле ауданы бас сантиралық дәрігері Жауғаштыдағы түрмедегі карантин алып тастады.

Тағы

XS
SM
MD
LG