Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:55 13.5.2020

Ресейде коронавирус жұқтырғандар 240 мыңнан асты

Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырғандар 242 271 адамға жетті. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Эпидемия басталғалы бері 48 003 адам жазылған. 2212 адам қайтыс болған.

Осы аптада Ресей коронавирус жұқтырғандар саны жағынан әлемде АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты. Алайда миллион тұрғынға шаққанда мұнда науқастар саны 42 елге қарағанда төмен.

15:46 13.5.2020

Ресей ауруханадағы "өртке себеп болған" жасанды тыныс алу аппараттарын қолдануды тоқтатты

Ресейдің денсаулық сақтау саласында қадағалаушы орган "Росздравнадзор" 2020 жылдың 1 сәуірінен кейін шығарылған "Авента-М" жасанды тыныс алу аппараттарын қолдануды тоқтатты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, бұл аппараттар Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі ауруханалардың өртенуіне себеп болуы мүмкін. Өрттен коронавирус жұққан 6 науқас қайтыс болған.

"Авента-М" жасанды тыныс алу аппараты.
"Авента-М" жасанды тыныс алу аппараты.

9 мамырда кешке Мәскеудің солтүстік-батыс ауданында орналасқан ауруханалардың бірі өртеніп, бір адам қаза болған. Үш күннен соң Санкт-Петербургтегі Әулие Георгий ауруханасынан өрт шығып, 5 адам мерт болған.

"Авента-М" аппараттарын мемлекеттік "Ростех" корпорациясының құрамына кіретін Орал құрастыру зауыты шығарады. Оны осы мемлекеттік корпорация құрамына кіретін радиоэлектронды технология концерні (КРЭТ) ауруханаларға жеткізеді.

Наурыз айының соңында премьер-министр Михаил Мишустин бұйрық шығарып, концернді Ресейдің медициналық мекемелерін жасанды тыныс алу аппаратымен қамтамасыз ететін жалғыз мекеме ретінде белгілеген. Коммерсант басылымының жазуынша, бұрын күніне 10 аппарат шығаратын зауыт осыдан соң тәулігіне 100 аппаратқа дейін шығаруды жоспарлаған.

"База" басылымының мәліметі бойынша, қазірдің өзінде Ресейде мыңдаған "Авента-М" маркалы жасанды тыныс алу аппараттары қолданылып жатыр. Олардың әрқайсысын шығаруға бюджеттен үшін 1,5-3,4 млн рубль жұмсалады. Сәуір айының басынан бері ресейлік ауруханалар байқау өткізбей, 14,6 млрд рублге мыңдаған аппарат сатып алған.

Ресей аннексиялаған Севастополь және Ленинград облысы 12 мамырда кешке аппаратты қолданудан бас тартты. Билік аппарат тапшылығы туындаған жағдайда сұранысты қалай толтыратынын әзірге хабарлаған жоқ.

16:54 13.5.2020

Шымкентте жиырмаға жуық адам карантинді алып тастауды талап етті

13 мамырда Шымкентте жиырмаға жуық адам қала орталығындағы Ордабасы алаңына жиналып, коронавирусқа байланысты енгізілген карантинді алып тастауды талап етті. Жиналғандардың арасында белсенділер, кәсіпкерлер болды.

Екі айдан бері дәмханасының жұмыс істемей тұрғанын айтқан кәсіпкер Гүлнәр Момынова "қиын кезеңде мемлекет тарапынан бизнеске қолдау жоқтығына" шағымданды. "20 жыл салық төлеп, үкіметтен 1 тиын көмек алмадым" дейді ол.

- Жеке кәсіпкер ретінде зардап шегіп отырмын. Күнделікті табысымнан айрылдым. Жұмыссыз отырғаныма екі ай болды. 42 500 теңгені бізге беріп те жатқан жоқ. Өтініш тапсырдым, бірақ белгісіз себеппен алған жоқпын. Менің дәмханам бар. "Вирус таратасыңдар" деп оны ашуға рұқсат бермей жатыр. Енді 25 мамырға дейін созды. Әрі қарай да созуы мүмкін. Қарамағамда істейтін 5 адам бар. Өзімді есептегенде 6 адамның отбасы аш отыр. Тоқаев мырза, жеке кәсіпкерлердің ашу-ызасын тыңдаңыз. Карантин алынсын, - деді Гүлнар Момынова.

Карантинге қарсы наразылық. Шымкент, 13 мамыр 2020 жыл.
Карантинге қарсы наразылық. Шымкент, 13 мамыр 2020 жыл.

"Карантин алынсын" деген жазуы бар плакат ұстаған тұрғындар шағын акция кезінде "карантин жабылсын" деп айқайлады. Тұрғындардың бірі қашықтан оқудың қиындығын айтса, бірі өнімін өткізе алмай отырған дихандардың күрделі жағдайын, дәрігерлерге үстемақы берілмей отырғанын айтты.

- Дәрігерлердің қалай шырылдап жүргенін көріп жүрміз. Кеше ғана Шымкентте медиктер көтерілді. Полиция жігіттерге де коронавирус жұғып жатыр. Үстемақысын төлесін. Жүйенің әлсіздігін көріп отырмыз. Халыққа дер кезінде көмектесе алмады. Мысалы, өзімді айтайын. Өзім үшінші топ мүгедегімін. Бірақ 42 500 теңге алған жоқпын. Билік 1, 2, 3 топ мүгедектеріне 50 мың теңгеден жәрдемақы беріледі деп айтты. Оны да алған жоқпын. Коммуналдық төлемді өтеу үшін 15 мың беріледі деген еді. Оны да алған жоқпын, - дейді акцияға қатысқан ер адамдардың бірі.

Оқиға орнында он шақты полиция қызметкері, жедел жәрдем қызметі өкілдері жүрді. Әкімдік қызметкері келіп, тұрғындарға акцияның заңсыз екенін ескертіп, оларды таратуға тырысты. Пікір-шағымын айтқан тұрғындар шамамен бір сағаттан соң үйлеріне тарады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурызда төтенше жағдай жарияланып, 11 мамырда аяқталған болатын. Бірақ елде карантин сақталып қалды. Ел үкіметі төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылғандарға 42500 теңге (101 АҚШ доллары) көлемінде жәрдемақы тағайындаған. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, жәрдемақыны 4 миллионға жуық азамат алған. Төтенше жағдай аяқталған күні жәрдемақыға өтініш қабылдау тоқтатылды, бұдан былай жәрдемақының берілмейтіні айтылды.

Бұған дейін кейбір тұрғындар жәрдемақы алудың қиындығына, оның көлемінің аздығына шағымданған.

Оқи отырыңыз: "Табыссыз қалдық". Пандемия кедейлерді көбейтті

19:31 13.5.2020

Қазақстанда 18 мамырда кафе, қонақ үй және діни орындар ашылады

Қазақстанда коронавирусқа байланысты жабылған қонақ үйлер, шағын тамақтану орындары мен мешіт, шіркеулер 18 мамырдан бастап жұмысын қайта жалғастырады. Бұл шешімді денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шешімге сай, 30 адамдық тамақтану орындары ғана ашылады. Бұдан бөлек, жазғы террассасы бар кафе, ресторандар қонақтарды сыртқа отырғызып, жұмысын бастайды. Ал діни орындардың аумағының тек 30 пайызын толтырып құлшылық етуге рұқсат.

Бүгін, 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылды. Үкімет 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойызының қызметіне рұқсат бермек. Билеттер 15 мамырдан бастап сатылымға шығады.

Қазақстан билігі 11 мамырда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдайды аяқтап, карантин шарттарының бір бөлігін жеңілдеткен. Елде саябақтар мен жағалаулар ашылған.

Елде той, еске алу шаралары, қонақ шақыру, спорт жарыстарын және мәдени шаралар өткізуге салынған тыйым сақталады. Сауда орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер де әлі ашылмайды.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде вирус жұқтырғандар 5400 адамнан асты. 2363 адам дерттен айықты. 32 адам қайтыс болды.

Тағы

XS
SM
MD
LG