Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

15:00 14.5.2020

Ресей СІМ батыс басылымдарын Мәскеудегі адам өлімі туралы мақалаларды жоққа шығаруға шақырды

Ресейдің сыртқы істер министрлігі британдық Financial Times және америкалық The New York Times басылымына хат жолдап, Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны туралы мәліметті жоққа шығаруды талап етті. Бұл туралы сәрсенбі күні сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова мәлімдеді. Ведомство өкілі мақалаларды "жоқ жерден спекуляция жасау" және Ресейді қаралауды көздейтін "кезекті сенсациялық жалған ақпарат" деп атады.

Мария Захарова.
Мария Захарова.

The New York Times басылымы мақаланың ресми дерек негізінде жасалған талдауға сүйеніп жазылғанын мәлімдеді. "Мақалада келтірілген фактілерге күмән жоқ" деді The New York Times басылымының коммуникация жөніндегі вице-президенті Даниэль Роадс.

Financial Times және The New York Times-та жарияланған мақалаларда Мәскеу мен Санкт-Петербургте коронавирустан қайтыс болғандар саны ресми статистикада келтірілген көрсеткіштен 70 пайыз артық болуы мүмкін екені айтылған. Екі басылым да сәуір айындағы адам өлімі туралы ресми мәліметті сараптаған. Зерттеуге сәйкес, Мәскеуде соңғы жылдардағы өлім көрсеткішімен салыстырғанда 2020 жылы сәуірде қайтыс болғандар саны орташа көрсеткіштен шамамен 2 мың адамға артық. Ал ресми мәлімет бойынша Мәскеуде 642 адам коронавирустан көз жұмған.

Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаменті сәрсенбі күні мәлімдеме таратып, ақпарат құралдарында жарияланған қаладағы адам өлімі көрсеткіші туралы деректі жоққа шығарған. Мәлімдемеде коронавирус жұққан пациенттер өлімінің шамамен 60 пайызы ресми статистикаға қосылмайтыны, себебі олардың өліміне өзге аурулар себеп болғаны жазылған.

Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде 252 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған, 53 мыңнан астам адам жазылған. 2305 адам қайтыс болған.

19:06 14.5.2020

Өскеменде кәсіпкерлер аймақтың санитарлық дәрігерін сотқа берді

Өскемен қаласында екі кәсіпкер Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің коронавирусқа байланысты карантин кезіндегі қаулысын заңсыз деп тануды талап етіп, сотқа шағымданды.

Мұхтар Тойбазаров пен Валерия Топольняк "аймақтағы тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің жетекшісі Гүлайым Тағаева жұрттың конституциялық құқығын бұзды" деп сотқа арыз түсірді.

Наурыздың соңында санитарлық дәрігер аймақта бірнеше шектеу енгізген. Оның бірі нөмері тақ санға бітетін көліктерді тақ күні, нөмері жұп санға бітетін көліктерді жұп күні жүргізу шектеуі еді.

— Көшеде жүруді шектеді, блокпостар қойды, қалада рұқсат қағазмен жүреміз, жеке көлікті дұрыс қолдана алмаймыз. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер 2000 шаршы метрге дейінгі сауда орындарын ашуға рұқсат берді. Ал біздің санитарлық дәрігер оны 500 шаршы метрге қысқартып тастады. Кафе мен мейрамханаларды ашпай отыр. Оның бұлай істеуге өкілеті жоқ. Төтенше жағдайда жұртқа шектеуді тек президент қоя алады. Облыстағы санитарлық дәрігер президенттен маңызды ма? - дейді Валерия Топольняк.

Екі кәсіпкер сотқа шағымданған күні, 14 мамырда аймақтың бас санитарлық дәрігері карантин шектеулерін ақырындап алып тастау туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сай, облыста (Семей қаласында вирус жұқтырғандар көп болғандықтан рұқсат қағазбен жүру шектеуі сақталады) рұқсат қағазымен жүру 16 мамырда аяқталмақ. Ескі қаулыда рұқсат қағазбен жүру 1 маусым аяқталады деп көрсетілген еді.

Шағымданушылар мен оларға арыз жазуға көмектескен алматылық адвокат Жангелді Сүлейменовтің сөзінше, сотқа түсірген шағым қала береді, себебі санитарлық дәрігердің алғашқы қаулысы заңға сай емес.

Жергілікті белсенді Роман Честных коронавирус аз табылған аймақтағы шектеулер заңға қайшы деп санайды. Ол ШҚО-дағы еркін қозғалысқа шектеу қоятын қаулыны жоюды талап еткен онлайн-петиция жариялады. Петицияға 14 мың адам қол қойған.

14 мамырдағы ресми мәліметке сай, ШҚО-да 55 адамнан вирус табылған. 17 адам дерттен айықты. Бір адам қайтыс болды. Ал Қазақстанда 5571 адамға вирус жұқты. 32 адам көз жұмды.

19:44 14.5.2020

Вирус ошағы болған аурухана қызметкерлері ақысыз демалысқа кетуге мәжбүр

Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері «басшылық 200-ден аса қызметкерді ақысыз еңбек демалысына шығуға мәжбүрлеп жатқанын» айтады. Олардың сөзінше, мекеме әкімшілігі мұны алдын ала ескертпеген. Азаттық сөйлескен жұмысшылар табыссыз қалып, кредитін төлеуге, балаларын асырауға амал таппай отырғанын айтады. Аурухана басшылығы «жұмысы тоқтағандарға уақытша орын іздеп жатырмыз» дейді.

Вирус ошағы болған аурухана қызметкерлері ақысыз демалысқа кетуге мәжбүр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00

08:20 15.5.2020

Денсаулық сақтау министрлігінен шығарылған қызметкер Конгресте жауап берді

АҚШ-та денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы кеңесшісі Рик Брайт Конгресте жауап берді. Ол Конгреске шағым түсіріп, биліктің коронавируспен күрес бойынша әрекетін сынағаннан кейін қызметінен қуылған.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, заң шығару орган өкілдері сарапшыдан федералдық үкіметтің коронавирус індетімен күрес шаралары туралы сұраған. АҚШ-та коронавирустан 86 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы қызметкері Рик Брайт (сол жақта) Конгрестегі тыңдау алдында. 14 мамыр 2020 жыл.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы қызметкері Рик Брайт (сол жақта) Конгрестегі тыңдау алдында. 14 мамыр 2020 жыл.

Сұрақтарға жауап берген Брайт күзде коронавирус індеті қайта өршуі мүмкін екенін айтып, Американың денсаулық сақтау саласына теңдессіз салмақ түсуі ықтимал деп топшылады. АҚШ-тың эпидемиямен күрес шараларына тоқталған маман "биліктің бұдан да өнімдірек жұмыс істеуіне болар еді" деді.

"Егер жоспарды қайта пысықтап қарамаса, 2020 жылдың қыс айлары қазіргі заман тарихындағы ең бір ауыр кезеңдердің бірі ретінде есте қалмақ" деді Брайт.

Сарапшының ойынша, АҚШ-қа коронавирусты анықтайтын тестілеудің жалпыұлттық стратегиясы қажет. Оның сөзіне қарағанда маман қаңтар айында денсаулық сақтау министрлігіне коронавирус жұққан науқастарды емдеп жатқан дәрігерлерге қорғаныш заттар жетіспейтінін айтып ескерткен.

"Маска, респираторлар және өзге де қажетті заттарды өндіру көлемін көбейту қажеттігін айттым...Олар менің айтқандарымды елеген жоқ, есесіне коронавирус тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі жиналыстарға шақыруды қойды" деді сарапшы.

Сарапшы коронавирусқа қарсы вакцина жарты жыл мен 1,5 жыл аралығында дайын болады деген болжамға күмән келтірді. Оның айтуынша, бұл уақыт аралығында АҚШ препараттың қауіпсіздігіне көз жеткізе алмайды.

АҚШ әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алда тұр. Мұнда 1,5 миллионға жуық адамнан коронавирус табылған. 86 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Тағы

XS
SM
MD
LG