Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

23:29 26.5.2020

Қазақстанда тағы екі адам коронавирустан қайтыс болды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда 1951 жылғы ер адам, Қостанай облысында 1965 жылы туған әйел адам қайтыс болғанын хабарлады.

Ресми дерек бойынша, елде 37 адам коронавирустың себебінен қайтыс болды. Елде коронавирус жұқтырып, бірақ ресми статистикаға енбеген марқұмдар да бар. Денсаулық сақтау министрлігі "олардың өліміне коронавирус жанама түрде әсер еткен" деп санайды. Министрлік вирус табылса да, ресми тізімге енбеген марқұмдар санын жарияламай отыр.

07:43 27.5.2020

Қарағанды облысында карантин талаптары жеңілдейді

Қарағанды облысында 29 мамырдан бастап карантин талаптары жеңілдейді. Аймақ билігі осы күннен бастап сауда орталықтары, қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы істей бастайтынын хабарлады.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

1 маусымнан бастап облыстағы балабақшалар да ашылуы тиіс.

Бірақ бұл жеңілдіктердің Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданына қатысы жоқ. Себебі облыста вирус жұқтырғандардың көбі осында тіркелген.

- Аптаның соңына дейін осы елдімекендердегі эпидемиологиялық ахуалды бақылаймыз. Егер келесі аптаның дүйсенбісіне дейін жағдай күрт өзгермесе, Теміртау мен Бұқар жырау ауданын да облыстағы жеңілдетілген режимге көшереміз, - деді 26 мамырда облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің сөзінше, Теміртау қаласы мен Ботақара ауылындағы коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне әкімдік пен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтегі олқылықтар себеп болған.

Облыста "Қазақмыс" корпорациясы бөлімшесіне қарайтын "Нұрқазған" кеніші қызметкерлерінде вирус анықталып, өндіріс 1 маусымға дейін тоқтаған. Қарағанды облыстық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, кәсіпорында карантин енгізілген. Қарағанды, Теміртау қалалары, Бұқар жырау ауданынан кенішке барған жұмысшылар арасында 133 адамнан коронавирус табылған.

Қарағанды облысында барлығы 662 адам вирус жұқтырған. Оның 277-сі Теміртауда тіркелген.

Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны тоғыз мыңға жуықтады. 35 адам қайтыс болған.

08:20 27.5.2020

Қазақстанда бір күнде 335 адамнан коронавирус табылды, 98 адам жазылды

Өткен тәулікте Қазақстанда 335 адамнан коронавирус табылды. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алдыңғы орындарда тұрған Нұр-Сұлтан қаласында - 78, Алматы қаласында 77 адамға вирус жұққан. Қарағанды облысында, Шымкент қаласында коронавирус жұққан ондаған адам анықталған. Бұл туралы 27 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
  • Алматы қаласы – 77 (Барлығы 2353)
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 78 (Барлығы 1764)
  • Атырау облысы – 21 (Барлығы 944)
  • Шымкент қаласы – 713 (Барлығы 38)
  • Қарағанды облысы – 43 (Барлығы 705)
  • БҚО – 20 (Барлығы 472)
  • Жамбыл облысы – 15 (Барлығы 358)
  • Түркістан облысы – 5 (Барлығы 337)
  • Алматы облысы – 5 (Барлығы 305)
  • Қызылорда облысы – 7 (Барлығы 304)
  • Ақтөбе облысы – 4 (Барлығы 282)
  • Павлодар облысы – 4 (Барлығы 191)
  • Маңғыстау облысы – 4 (Барлығы 176)
  • Ақмола облысы – 0 (Барлығы 147)
  • Қостанай облысы – 4 (Барлығы 131)
  • ШҚО – 7 (Барлығы 73)
  • СҚО – 3 (49)

Бір күнде 98 адам жазылған. Барлығы 4613 адам айыққан. 37 адам қайтыс болған.

10:13 27.5.2020

Біртанов: 19 адам аппаратпен тыныс алып жатыр

Қазақстанда коронавирус жұққан 19 адам өкпеге ауа жеткізетін аппаратпен тыныс алып жатыр. Науқастардың 85 пайызында ауру жеңіл өтіп жатыр. 13 пайызының жағдайы - орташа. 1,5 пайызының жағдайы - ауыр. Бұл туралы 27 мамыр күнгі онлайн-брифинг кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

Министрдің айтуынша, соңғы екі аптада науқастар өсімі шамамен 5 пайыз болғанмен кейбір аймақтарда атап айтқанда Атырау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Алматы, БҚО, Жамбыл облыстарында науқастар көбейген.

- Өкінішке қарай, ірі кәсіпорындарда тіркелген. Мысалы, Атырау облысында Теңіз кенішінде - 1063, Қарағанды облысында - 358, Шымкенттегі "ПетроҚазақстан" ұйымында - 2019, Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам науқас тіркелген. Бұған қоса, Алматы және Жамбыл облыстарында әскери ұйымдарда тіркелген, - деді министр.

Дегенмен министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны әлем елдерімен салыстырғанда төмен. Біртанов жағдайдың бақылауда екенін айтып, тұрғындарды гигиена ережелерін қатаң сақтау шақырды.

Қазақстанда барлығы 9304 адамға вирус жұққан. 4613 адам айыққан. 37 адам қайтыс болған.

Тағы

XS
SM
MD
LG