Accessibility links

«Мақпал төңкерісіне» - 25 жыл

17 қараша күні Чехия мен Словакия елдері «Мақпал төңкерісінің» 25 жылдығын атап өтеді. 1989 жылы «Берлин қабырғасы» құлағаннан кейін 8 күн өткенде Прагада коммунистік билікке қарсы студенттер шеруін билік күш қолданып қуып таратты. Келесі күні университет ғимараттарына бекінген студенттерге қолдау білдірген Прага театрларының актерлері ереуіл бастады. Бұдан кейінгі күндері Прага көшелеріне жүздеген мың адам шығып, демократиялық өзгерістер жасау туралы талап қойды. Қараша айының соңында коммунистік билік елде еркін сайлау өткізуге келісім берді. Желтоқсан айында демократиялық жолмен өткен сайлау нәтижесінде диссидент Вацлав Гавел Чехословакия президенті болып сайланды.

XS
SM
MD
LG