Accessibility links

Ұланбатырдағы Жеңіс күні

Әу баста әскери қалашық ретінде іргесі қаланған Ұланбатыр қаласы бүгінде көпқабатты ғимараттар мен киіз үйлер аралас қоныс тепкен үлкен қалаға айналған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Моңғолия СССР-ге жәрдем беріп тұрды: жарты миллион ат, ақша, алтын жөнелтті, ал соғыстың соңына қарай, Жапониямен шайқасқа сарбаздарын жіберді. Мамырдың 9-ы күні Ұланбатырда Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні құрметіне мерекелік шаралар өтті.

XS
SM
MD
LG