Ресей мемлекеттік думасының депутаты Олег Михеев «Ресейдің Ұлы Петр заманынан бергі кез келген басшысы мен соғыс ардагерлерінің абыройына нұқсан келтіретін» видео ойындарға қарсы заң жобасын парламент қарауына ұсынды.
ЖАРТЫ МИЛЛИОН РУБЛЬ АЙЫППҰЛ
Бұл заң жобасын наурыздың 25-і күні «Справедливая Россия» («Әділетті Ресей») партиясынан сайланған депутат Олег Михеев ұсынған. Онда «Отанын, яғни Ресей империясы, Совет одағы мен Ресей Федерациясының абыройын және қарулы күштерін қорғап қаза болғандарға шәк келтіретін жалған ақпаратты таратқаны үшін» жазаланған адамға 500 мың рубльге дейін айыппұл салу қарастырылған.
Михеев «фашистік бағыттағы» деп атайтын видео ойындарды («Сарбаздар: Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары») жазалағысы келеді. Бұл ойындарда ойыншыларға нацистік жасақтарды басқаруға болады. «Майдан» деп аталатын тағы бір онлайн ойын Киевтегі соңғы шерулер желісіне негізделген. Мәскеу ол шерулерді «орыстарға қастығы бар украин ұлтшылдардың ісі» деп айыптағаны белгілі.
Михеев заң жобасын Ресейде патриоттық сезімдер күшейген уақытта ұсынып отыр. Көпшілік Ресейдің Қырымды басып алуын желбіреген тумен, ұлтшыл сарындағы риторикамен, әдетте екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері тағып жүретін әскери жеңіс символы – қара-сары түсті Әулие Георгий лентасымен қарсы алған.
АТЫШУЛЫ ДЕПУТАТТЫҢ 324-ЖОБАСЫ
Бірақ Олег Михеевтің заң жобасы патриоттық сезімді күшейтуді көздеген шынайы талпыныс екеніне Дума депутаттарының бәрі бірдей сене қоймады. Бұл – Михеевтің екі жыл ішінде ұсынған 324-заң жобасы. Ол өткен аптада өзге де жобалар ұсынып үлгерген. Әріптестерінің пікірінше, бұл волгоградтық құрылыс магнаты үшін – беделін қалпына келтіру үшін жасалған қадам. Михеевтің есімі бірқатар саяси жанжалға байланысты жұрт назарына ілінген еді.
Биыл жыл басында Михеев депутаттық иммунитетінен айырылған. Прокурорлар «ол Diamant Development Group компаниясына келісім-шарттар жасап беру үшін саяси лауазымын пайдаланды» деген айып тақты. Ал 2012 жылы ол жалпы құны 28 миллион доллар болатын салық және банк қарыздары бар деп айыпталған.
Бірақ Михеевке қатысты ең шулы оқиға 2011 жылы болған. Ол әріптесінің үйлену тойына нацистік әскери барлау қызметінің (Абвер) басшысы – адмирал Вильгельм Канарис сияқты болып киініп келген.
Алайда Михеев киімі Канарис формасының көшірмесі болғанын мойындамай, осы жайлы жазған газетті сотқа беремін деп қоқан-лоқы көрсеткен.
Содан бері Михеев өзін фашистерге қарсы күресуші ретінде көрсеткісі келіп баққанымен, оның бейнесі нацистік киім үлгісінің жанкүйері ретінде есте сақталып қалды.
Думаның тағы бір депутаты Роберт Шлегель Михеевтің видео ойындарға шабуылына күмәнмен қарайды. «Единая Россия» («Біртұтас Ресей») партиясынан сайланған депутат «Взгляд» газетіне берген сұхбатында әріптесінің «кәсіби ойыншы» екеніне сенбейтінін айтты. «Михеев жиі-жиі өрескел бастамалар көтеріп тұрады. Әдетте бұл – бар болғаны өзіне назар аудартуға құлшыныс» дейді ол.
(Азаттық тілшісі Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан)