Accessibility links

Әкім сайлауы - 2021

25 шілде күні Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауыл округі әкімдерін сайлайды. Биліктің дерегінше, бұл күні 730 әкім сайланбақ. Ақорда бұл сайлауда "саяси реформаның" кезекті қадамы деп атаса, сыншылар қолында билік пен қаражат жоқ ауыл әкімін сайлау авторитарлық саяси жүйені өзгертпейді дейді.

Ресми ақпар: Сағат 18:00-ге дейін сайлаушылардың 85 пайызына дейін дауыс берген

Қазақстан аймақтарында учаскелердің жабылуына екі сағат қалғанда сайлаушылардың 64 пайызынан 85 пайызына дейін дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы "ҚазАқпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Аймақтар бойынша көрсеткіштер мынадай:

  • Ақмола обысында – 63,5 пайыз,
  • Ақтөбе облысында – 69,8 пайыз,
  • Алматы обылсында – 66,3 пайыз,
  • Атырау облысында – 71 пайыз,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 85,4 пайыз,
  • Жамбыл облысында – 84,1 пайыз,
  • Батыс Қазақстан облысында – 69,2 пайыз,
  • Қарағанды облысында – 67,3 пайыз,
  • Қостанай облысында – 81 пайыз,
  • Қызылорда облысында – 71,7 пайыз,
  • Маңғыстау облысында – 64,2 пайыз,
  • Павлодар облысында – 70,9 пайыз,
  • Солтүстік Қазақстан облысындаа – 80,2 пайыз,
  • Түркістан облысында – 69,9 пайыз.

Әкім институтына сенбейтін сайлаушымен шағын сұхбат

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жаңаталап ауылының тұрғыны Еркен Бүркітбаев әкім сайлауынан ешнәрсе өзгермейтінін айтады. Ауыл тұрғындары өз тағдырын әкімнің қатысуынсыз-ақ шеше алар еді дейді ол.

"Өз өмірімді жақсартуға тырысамын". Ерейментаудағы сайлау және "Нұр Отанның" атышулы кандидаты

Ақмола облысындағы Ерейментау қаласында сайлаушылар белсенділігі байқалмайды. Бұл туралы "Еркіндік қанаты" қорының ортақ құрылтайшысы Роман Реймер Facebook желісінде хабарлады. Ол барған №416 сайлау учаскесінде 1898 сайлаушы тіркелген, саған 12:00-ге қарай оның 295-і ғана дауыс берген.

"Еркіндік қанаты" бақылаушылары заңбұзушылыққа куә болған: комиссиясы он бюллетеньге алдын ала қол қойып қойған. Комиссия төрағасы "мұндай жағдайдың қайталанбауын қадағалауға" уәде берген.

Сондай-ақ учаскеде бақылаушыларды фото-видео түсірілім жасаудан, учаске ішінде ары-бері жүруден тыймақ болған. Бірақ белсенділер заңға сілтеген соң, комиссия төрағасы олардың жұмысына кедергі келтірмеген.

Аудандық маңызы бар қала Ерейментау атышулы кандидатымен танымал. Әкім сайлауына "Нұр Отан" партиясы атынан түскен Сапар Барлыбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында шатасып кетіп, "жеңіске жетсем, өз өмірімді жақсартуға тырысамын" деп айтып қалған. Шамасы кандидат "тұрғындардың өмірін жақсартуға тырысамын" деп айтқысы келген. Бірақ кандидаттың жаңылып айтқан сөзі интернетте жедел аударып, адамдардың әзілге қарық қылды.

Күлкіге қалғанымен ол қарсыласы – өз-өзін ұсынған Абылайхан Сырымбетовтың үстінен шағым түсіріп, оны "үгіт материалдарын орнату кезінде заң бұзды" деп айыптаған.

15 шілде күні сот болып, Абылайхан Сырымбетовке үгіт материалдарында "сол материалды басып шығарған ұйымдар, басу орны, тиражы, тапсырыс беруші және қаржыландыру көзі туралы ақпарат болмағаны үшін" айыппұл салған. Сол күні сайлау комиссиясы Сырымбетовтың кандидаттар қатарынан шығаруды ұйғарған. Оған сот әлі күшіне енбеген сот шешімі негіз болған.

Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дауыс беріп жатқан сайлаушы аз

Сағат 14:00-ге дейін дауыс бергендер сайлаушылардың ширек бөлігіне де жетпейді деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG