Хорватия бір күннің ішінде Африка мен Таяу Шығыстан Батыс Еуропа елдеріне ағылған мигранттардың өткеліне айналып шыға келді. Венгрия Сербиямен арадағы шекарасын жапқаннан кейін, мыңдаған мигранттар Хорватияға өтуге ұмтылып жатыр. 16 қыркүйек күні бұл елдің аумағы арқылы 5 мың 400-дей адам өткен. Ал Венгрия-Сербия шекарасында сәрсенбі күні босқындар мен Венгрия полициясы қақтығысты. Қазір жағдай тынышталғанымен, шекара әлі жабық тұр.
Еуропадағы босқындар

1
Түркия мен Грекия шекарасында "Біз - босқынбыз. Біз бәрібір Еуропаға өтеміз!" деген жазуы бар плакат ұстаған сириялық әйел. 17 қыркүйек 2015 жыл.

2
Венгрия полициясы қақтығыс болып жатқан жерден балалы әйелді қауіпсіз жерге әкетіп барады. 16 қыркүйек 2015 жыл.

3
Венгрия полициясы Сербиямен арадағы шекарада заңсыз мигранттармен қақтығысып жатыр. 16 қыркүйек 2015 жыл.

4
Венгрия-Сербия шекарасы. 16 қыркүйек 2015 жыл.

5
Екі мыңдай мигрант қазір Македония мен Сербия шекарасында тұр. Олар Сербия арқылы Венгрияға немесе Хорватияға өтіп, ары қарай Батыс Еуропаның бір еліне жетуді қалайды. 17 қыркүйек 2015 жыл.

6
Македония-Сербия шекарасындағы мигранттар. 17 қыркүйек 2015 жыл.

7
Македониядағы мигранттар. 17 қыркүйек 2015 жыл.

8
Венгрия полициясымен қақтығыстан зардап шеккен мигрант баласын көтеріп тұр. 16 қыркүйек 2015 жыл.

9
Хорватия астанасы Загреб маңындағы бір елді мекенге жеткен босқындар ұйықтап жатыр. 17 қыркүйек 2015 жыл.

10
Венгрия полициясы мигранттарды Сербия аумағына шығарып жатыр. 16 қыркүйек 2015 жыл.