Accessibility links

КарЛАГ-тың қазіргі тіршілігі

1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.

Қарағанды облысының Долинка кентінің кейбір тұрғындары өздерінің тарихи мекенде тұрып жатқанына мақтанады. Өйткені, кейінгі жылдары бұл орынға қазақстандық және шетелдік туристердің қызығушығы артқан. Мұндағы ғимараттардың көбі сол күйі сақталған, өзгергендері бірен-саран ғана. Долинканы тұрғындар «тылсым кент» атайды. Олар мұндағы қазіргі тұрмыс жұмыс орындарын ашып, кентті бұрынғы КарЛАГ нысандарына зиян тигізбей қайта жөндесе жақсара түсетін еді деп санайды.
Түгел оқыңыз

КарЛАГ орталығы болған Долинка кентіндегі кейбір үйлердің тікенек сымтемірмен, тормен қоршалғанын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, КарЛАГ жабылғаннан кейін кенттен көп тікенекті сымдар табылған. Бұрын оларды тұтқындар қашып кетпеу үшін қоршауға пайдаланса, қазір ұрылардан сақтану үшін пайдаланады.
1

КарЛАГ орталығы болған Долинка кентіндегі кейбір үйлердің тікенек сымтемірмен, тормен қоршалғанын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, КарЛАГ жабылғаннан кейін кенттен көп тікенекті сымдар табылған. Бұрын оларды тұтқындар қашып кетпеу үшін қоршауға пайдаланса, қазір ұрылардан сақтану үшін пайдаланады.

Мұнда қазір КарЛАГ-тың әйелдерге арналған сегіз барагы бар. Қазір оларда жергілікті тұрғындар тұрады. Барактар бірнеше отбасы тұру үшін бірнеше бөлікке бөлінген. Кейбірі жөнделген. Мұнда барлығы 12 әйелдер барагы болған. Ол барактардағы тұрмыс еркектер барагындағыдан аса айырмасы болмаған.     - 1942 жылы Карлагтың жаза мерзімі біткен кей тұтқындарын соғыс біткенше босатпау туралы қаулы шыққан. Кейбір тұтқындар мерзімінен артық бір немесе екі, кейді тіпті одан да көп жыл қамауда болған. Меніңше, Сталин мұндағы адамдардың көбі кінәсіз екенін білген, егер оларды босатса, Германия жағына шығып, СССР-ге қарсы соғысады деп қауіптенген, - дейді экскурсия жүргізуші Иван Кондрашов.
2

Мұнда қазір КарЛАГ-тың әйелдерге арналған сегіз барагы бар. Қазір оларда жергілікті тұрғындар тұрады. Барактар бірнеше отбасы тұру үшін бірнеше бөлікке бөлінген. Кейбірі жөнделген. Мұнда барлығы 12 әйелдер барагы болған. Ол барактардағы тұрмыс еркектер барагындағыдан аса айырмасы болмаған.  
 
- 1942 жылы Карлагтың жаза мерзімі біткен кей тұтқындарын соғыс біткенше босатпау туралы қаулы шыққан. Кейбір тұтқындар мерзімінен артық бір немесе екі, кейді тіпті одан да көп жыл қамауда болған. Меніңше, Сталин мұндағы адамдардың көбі кінәсіз екенін білген, егер оларды босатса, Германия жағына шығып, СССР-ге қарсы соғысады деп қауіптенген, - дейді экскурсия жүргізуші Иван Кондрашов.

38 жастағы Виталий Кожевников бұрынғы әйелдер барактарының бірінде тұрады. Бұл барактарда кезінде оның апасы, Карлаг тұтқыны Лидия Кожевникова өмір сүрген. Виталий Кожевников Азаттық тілшісіне «Апам Карлагта 10 жылдай тұтқында болған. Әкемді тұтқында болған кезінде туған. Мерзімі біткенше осында болған. Босағаннан кейін осы Долинкада тұрды, көп жыл бұрын қайтыс болды. Апамды мен көрмедім. Бұрын, бала кезімде біз басқа баракта тұрдық. Әйелдерге арналған ол барактың қабырғалары ағаш еді. Қазір мен отбасыммен сол барактың қарсысындағы басқа баракта тұрамын. Долинкаға туристер көп келеді, біз тұрып жатқан барактарды видеоға түсіріп кетеді» дейді. 
3

38 жастағы Виталий Кожевников бұрынғы әйелдер барактарының бірінде тұрады. Бұл барактарда кезінде оның апасы, Карлаг тұтқыны Лидия Кожевникова өмір сүрген.

Виталий Кожевников Азаттық тілшісіне «Апам Карлагта 10 жылдай тұтқында болған. Әкемді тұтқында болған кезінде туған. Мерзімі біткенше осында болған. Босағаннан кейін осы Долинкада тұрды, көп жыл бұрын қайтыс болды. Апамды мен көрмедім. Бұрын, бала кезімде біз басқа баракта тұрдық. Әйелдерге арналған ол барактың қабырғалары ағаш еді. Қазір мен отбасыммен сол барактың қарсысындағы басқа баракта тұрамын. Долинкаға туристер көп келеді, біз тұрып жатқан барактарды видеоға түсіріп кетеді» дейді. 

Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аумағын күзететін қызметкерлердің мұнарасы. Бұл мұнараны зұлмат жылдар ахуалын елестету үшін жақында қайта орнатқан.  
4

Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аумағын күзететін қызметкерлердің мұнарасы. Бұл мұнараны зұлмат жылдар ахуалын елестету үшін жақында қайта орнатқан.  

Тағы

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG