Польшаның cыртқы істер министрі Радослав Сикорский наурыздың 1-інде Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатында ирандық әріптесін сынаған.
– Кеше Исфаханда ірі поляк газетінің веб-сайтына кірмек болған едім, бірақ ол сайт ашылмады. Ол сайтты үкіметтік цензура бұғаттап тастағанын естідім. Кезінде сөз бостандығы үшін күрескен елдерден келген біз сияқты адамдар үшін бұл – әдеттен тыс жағдай, – деген Польша сыртқы істер министрі.
Сикорский әріптесіне адам құқықтары бойынша диалог ұйымдастыру қажет екенін ескертіп, Иранда өлім жазасына кесілген адамдар санының артқанына баса назар аудартқанын айтты.
САН ҚҰБЫЛҒАН СӨЗ
Польша сыртқы істер министрлігі кейінірек жариялаған видеожазбада Сикорскийдің сөзі сол қалпында тұр.
Алайда, Иранның қатаң бақылаудағы ақпарат құралдары бұл сыни пікірді сан құбылтып бұрмалады.
Иранның ағылшын тіліндегі Press TV телеарнасы осы баспасөз мәслихаты жайлы репортажында «министрлердің екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән бергенін» және «Жавад Зарифтың Иранда поляк компанияларының жұмыс істеуіне қолайлы мүмкіндік жасап жатқанын» баяндады.
Press TV арнасы тілшісінің айтуынша, осы мәслихатта Сикорский «Иран Польша үшін ерекше маңызға ие ел екенін» айта келе «өз елінің Тегеранмен арадағы, әсіресе медицина және азық-түлік өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екенін» мәлімдеген.
Iranian Students News Agency (ISNA) агенттігінің хабарлауынша, Сикорский «Ирандағы ядролық бағдарламалар бейбіт мақсатты көздейтінін айтып, халықаралық қауымдастықты иландырамын» деп уәде берген, «елдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі түсінбеушілік тоқтайды деп үміттенетінін» айтқан. ISNA агенттігі поляк министрінің цензура мен адам құқықтары мәселесі жайлы пікірін қысқаша айтқан, бірақ ауыр жазаға ұшыраған адамдар саны артқаны сынағанын алып тастады.
Исфахан аймақтық телеарнасы Сикорскийдің өңірдегі тарихи орындарды аралап жүрген сәтін көрсетіп, оның мәдениет, экономика және туризм салаларында ынтымақтастықты арттыруға мүдделілік танытқанын ғана хабарлады.
Иран ақпарат құралдарының бұрмалауына шыдамаған Польша сыртқы істер министрі 6 наурызда Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында: «@JZarif-пен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатымда Ирандағы цензура туралы айтқан сөздерім... цензураға ұшырапты» деп жазды.
Радослав Сикорский – соңғы он жылдан бері Иранға барған алғашқы Польша сыртқы істер министрі. Ақпанның 28-інде үш күндік сапармен Тегеранға барған ол Украинадағы дағдарыстың асқынуына байланысты 1 наурызда Варшаваға ертерек қайтып кеткен.
Сикорскиймен бірге Иранға барған 20 поляк бизнесмені Тегеран ядролық бағдарламасы бойынша әлемдік державалармен тұрақты келісімге келген жағдайда мұнда қалыптасатын бизнес мүмкіндіктерін барлап қайтты.
Гүлназ Есфандияридің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.