Қолмен салынған фотографиялар Таяу Шығыстағы өмірдің қазіргіден қаншалықты басқаша болғанын көрсетеді.
100 жыл бұрынғы Израиль мен Батыс жағалау
1
Иерусалим, 1919 жыл. Бұл шақта қалада Ұлыбритания әскері тұрған.
2
Иерусалимнің Дамаск қақпасындағы керуен. Қала тұрғындарының қазіргі саны - 780 мың адам. 1920 жылы бүкіл Палестинада 700 мың адам тұрған еді.
3
Иерусалим базары. 1919 жыл. Ұлттар Лигасы мәліметі бойынша, арабтар сол жылы Палестина халқының 90 пайызы болған. Бұдан кейінгі төрт жылда мұнда 40 мың еврей көшіп келген.
4
Соқа жасау.
5
Вифлеемдегі көше. Бұл қала 1995 жылдан бері Палестина автономиясына қарайды.
6
Иерусалим. Қаланың көне ауданы.
7
Рамалла тұрғыны.
8
Иерусалимдегі "Жартастағы күмбез".
9
Рамалла шаруасы.
10
Қойшы.
11
Иордан өзені.
12
Йемен еврейінің портреті.
13
Галилей теңізі.