Accessibility links

Жер аударылған немістер шығармашылығы

Қарағанды мен Тараз мұражайларынан Қазақстанда әр жылдары тұрған 13 неміс суретшісі салған картиналар Алматыға бір аптаға әкелінді.

Бұл шығармалардың кейбірінің авторлары – сталиндік репрессияға іліккен саяси тұтқын ретінде немесе Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары «неміс ұлтының өкілі» болғаны үшін Қазақстанға жер аударылғандар. Кейбіреуі Қазақстанда соғыстан кейін туып-өскен. Көрмеге неміс суретшілерінің қолынан шыққан 161 туынды қойылған. Авторлардың арасында – Генрих Фогелер, Владимир Эйферт, Артур Фонвизин, Павел Фризе, Леонид Брюммер, Юрий Гуммель, Леонид Гамбургер, Виктор Буш және басқалар бар. Алматының орталық мемлекеттік мұражайында ашылған «Қазақстандағы неміс суретшілері» көрмесі қазанның 8-іне дейін жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG