Accessibility links

Берік Әбдіғали: «Моноқала қаражаты жыртықты жамауға ғана жұмсалып жатыр»


Берік Әбдіғали Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. 7 қыркүйек 2009 жыл.
Берік Әбдіғали Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. 7 қыркүйек 2009 жыл.

Аймақтарды дамыту министрі «моноқалаларға бөлінген 1 миллиард 800 миллион теңге игерілмегенін» мәлімдеп, әкімдерді сынады. Арқалықтың экс-әкімі Берік Әбдіғалидың айтуынша, оның бірнеше себебі бар.

Азаттық: Аймақтарды дамыту министрі Бақытжан Сағынтаев тамыздың 9-ы күні 2013 жылдың алғашқы жартысының қорытындысын шығарған есебінде "шағын қалаларға жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлінген 1 миллиард 800 миллион теңге әлі игерілмегенін" айтып, әкімдерді сынады.

Қазақстанда "Моноқалалар - 2012-2020" бағдарламасы сіз Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі (мамыр, 2012 - наурыз, 2013) болып тұрған кезде басталған еді. Шағын қала әкімі болған тұста бөлінген қаражатты уақытында жұмсаушы ма едіңіздер?

Берік Әбдіғали: Бұл кісінің қандай деректі айтып отырғанын білмеймін. Қазір тендерлер өткізіліп, бұл ақшалар облысқа түсті. Облыстан қалаларға енді ғана аударылып жатыр. Ол - өзінің процедурасы арқылы кешігіп келетін ақша. Негізінен сәуір-мамыр айларында тендерлер өтіп, олар маусым-шілде айларында іске аса бастайды. Бұл қаражаттар көбінесе қаладағы инфрақұрылымға - жолдар мен су құбырларын жөндеуге, көшелерді абаттандыруға арналған. Сондықтан бұның бәріне дәл қазір баға беру - ерте. Қаражатты кімнің қалай қолданғанын үшінші тоқсанның қорытындысымен айту керек.

Азаттық: Моноқалалардың әрқайсысына шамамен қанша қаражат бөлінеді? Мәселен, өзіңіз басқарған Арқалық қаласына қанша ақша аударылатын еді?

Берік Әбдіғали: Арқалық қаласына көп болса 600 миллион теңгедей қаржы
1990 жылдары пайдалануға беріліп, 2000 жылдардан бері бос қалған №9 ықшамаудан. Арқалық, 31 желтоқсан 2012 жыл.
1990 жылдары пайдалануға беріліп, 2000 жылдардан бері бос қалған №9 ықшамаудан. Арқалық, 31 желтоқсан 2012 жыл.
бөлінеді. Сұраған ақшаның көбін бермей қоятыны тағы бар. Бюджет қаржысының жетіспеуіне байланысты біраз жобалар кейінге қалды.

Азаттық: Аймақтарды дамыту министрі моноқала әкімдерін қаржыны сіз айтып отырған "инфрақұрылымға ғана жұмсауды біледі, ал басты мақсат - қалада жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыс жасамаған" деп сынады. Мысалы, сіз айтқан 600 миллион теңге қаланың экономикалық әлеуетін көтеруге жете ме?

Берік Әбдіғали: Шалғайдағы қалалар, әсіресе моноқалаларда кезегін күтіп тұрған мәселе көп. Оның ішінде елдің қайта-қайта мазасын алып жатқан - әбден тозған жылу-су құбырлары. Екінші мәселе, моноқалалардың басты мақсаты - қалаға тірек болып тұрған кәсіпорынға тәуелділіктен құтылу. Бірақ әр қаланың жағдайы әртүрлі. Сондықтан, меніңше, әр қаланың жағдайын үкімет бөлек қарастыруы керек. Қала әкімінің қолына біршама өкілеттілік берілді. Бірақ әлемдік деңгейдегі инвесторларды әкелу, шағын және ірі өндіріс орындарын ашу моноқала әкімінің қолынан келмейді. Бұл іске облыс әкімі араласуы керек.

Азаттық: Үкімет моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жыл сайын шағын қалаларды дамыту үшін қомақты
Жаңаөзен оқиғасы туралы "Saule540" видеосы түсірілді деген үй. Жаңаөзен, 10 желтоқсан 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы туралы "Saule540" видеосы түсірілді деген үй. Жаңаөзен, 10 желтоқсан 2012 жыл.
қаржы бөліп отыр. "Үкімет Жаңаөзен оқиғасынан кейін ғана моноқалалар мәселесін қолға алды" деген пікір айтылып жүр. Бұған байланысты не ойлайсыз?

Берік Әбдіғали: Белгілі бір кәсіпорынның төңірегінде қала тұрғызу - Совет заманының тәсілі. Жаңаөзеннің өзі - кезінде жұмысшылар поселкесі болған, бір ғана саланың - мұнайдың төңірегінде өскен қала. Совет заманында кәсіпорындардың төңірегінде осындай қалаларды жасау оңай болды. Өйткені ол кезде кәсіпорынның бәрі үкіметтікі болды. Ал қазір әлеуметтік салаға кәсіпорындар назар аудармайды. Осы құбылыс Жаңаөзенде көрінді.

Басқа қалалардың да тағдыры сондай болмасын деп, әртараптандыру, қаланың басқа экономикалық салаларын дамыту үшін моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданды. Ал оның (Жаңаөзен оқиғасының - ред.) алдында жағдай дәл мұндай дәрежеде шиеленіскен жоқ еді. Оған қоса бұл бағдарламаны
Екібастұз қаласы. Павлодар облысы, 13 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Екібастұз қаласы. Павлодар облысы, 13 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан өзі бастаған жоқ. Әуелі Ресей бастады. Ресейде моноқалаларды дамыту бағдарламасы 2010-2011 жылдары басталған.

Азаттық: Моноқалаларды дамыту бағдарламасы болашақта қаншалықты жемісті болуы мүмкін?

Берік Әбдіғали: Толық кепілдік беру қиын. Себебі қазір моноқала қаражаты оны дамытуға емес, қаланың әр жеріндегі "жыртықтарды" жамауға ғана жұмсалып жатыр. Бағдарламаның қаланың дамуына, экономикасын әртараптандыруға (жаңа кәсіпорындар ашуға - ред.) қызмет етіп жатқаны шамалы. Сондықтан моноқаланың бүгінгі жағдайын жалпылама бағдарламамен шектемей, әр қаланың жағдайын үкімет жеке қарастыруы керек. Өйтпесе пайда жоқ. Қаланың инфрақұрылымын дұрыстағанмен, оның экономикасы дамымайды. Қала экономикасын дамытпаса, моноқалалардың болашағы - бұлыңғыр.

Азаттық: Сұхбатыңызға рахмет.
XS
SM
MD
LG