Accessibility links

Түркиядағы зілзалада хабарсыз кеткен қазақ азаматтарының бірі құтқарылды, екеуі үйінді астында қалған

Зілзаладан құлаған үйдің астында қалған адамдарды іздеп жүрген құтқарушылар тобы. Искендерун, Хатай провинциясы, Түркия, 7 ақпан, 2023 жыл.

Түркиядағы Антакия қаласында зілзала кезінде жоғалып кеткен Қазақстан азаматын құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан. Қолы сынған. Бүлінген зәулім ғимараттың астында қалған тағы екі қазақты құтқару үшін Қазақстаннан барғандар арнайы техникаға мұқтаж екенін айтып, жұрттан жәрдем сұрады.

"ҮЙІНДІ АСТЫНАН АЛЫП ШЫҒУ ҮШІН КРАН КЕРЕК"

Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Қазақстанның екі азаматы – Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков қайда екені анықталған. Бірақ құтқарушылар оларға жете алмай жатыр. Құрмашевты іздеп Қазақстаннан Түркияға барған бауыры Алмат Құрмашев пен Astana Hub технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиевке сүйенген Orda.kz осылай деп хабарлады.

Алматтың айтуынша, Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков 6 метр үйінді астында қалған. Әзірше екеуімен ешқандай байланыс жоқ.

Антакия қаласында зілзаладан кейін астында адамдар қалған ғимарат кез келген сәтте опырылып құлап түсуі ықтимал екенін, оларды алып шығу үшін кран, дрон, тепловизор керегін айтқан Алмат Құрмашев жұрттан көмек сұрады.

"Бізге 70 тоннаны көтеретін кран керек. Одан кейін FPV дроны немесе камерасы бар, қашықтан басқарылатын аппарат қажет. Оны ғимараттың төбесіне ұшырып, қалай жетуге болатынын көру керек. Тыңдау үшін тепловизор, дыбыс жабдықтары қажет. Осыны беретін таныстарыңыз болса, алғыс айтар едік" деді Мирболаттың бауыры Алмат Құрмашев. Оның сөзінше, Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков 6 метр үйінді астында қалған. Әзірше екеуімен ешқандай байланыс жоқ.

Түркияда үйінді астында қалған Қазақстан азаматтарын құтқару мақсатында Telegram-нан ашылған @rescuekz арнасы кейінгі видеосында "үміт біртіндеп үзіле бастағанын, ешқандай техника берілмегенін" хабарлады. Видео 9 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 6-да (Алматы уақытымен таңертеңгі сағат 9) жазылғанға ұқсайды.

"Әлеуметтік желі арқылы кран іздеп жатқанымызға бес сағаттан асты. Біздің достарымыз үйінді астында жатыр. Өкініштісі – ешқандай техника берілген жоқ, құтқарушылар да жоқ. Амал не, үмітіміз сөніп барады. Шынымды айтсам, не істеу керегін де білмей отырмын. Ойымызға келген нәрсенің бәрін жасап көрдік. Таңертеңгі 8-ге дейін техника мен адамдар әкеледі деп үміттенеміз. Мұнда өте суық. Қалың киініп алғанмын, сонда да тоңып жүрмін. Ол жақтағылардың хәлін елестету тіпті қиын" деді Алмат Құрмашев.

Түркияда жоғалған қазақстандықтар бар
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:56 0:00

"ТІРІ ТАБЫЛДЫ, ҚОЛЫ СЫНҒАН"

Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековті басып қалған үйінділердің арасынан 8 ақпанда Қазақстанның тағы бір азаматы Сәбина Мамадиярова құтқарылған еді. Ол туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

"Әзірше Сәбина Мамадиярова мен оның түрік досы Құбылай Кескін табылды. Екеуі де аман-есен, оларды дәрігерлер тексеріп шығуға тиіс. Жұмыс жалғасып жатыр. Қалған балалар да аман-есен табылады деп үміттенеміз" деді Смадияров.

Әлеуметтік желілерде құтқару жұмысы кезінде табылған Сәбина Мамадиярованың суреті жарияланды. Оның қолы сынған деген ақпарат тарады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін, 8 мыңы – студент" деп топшылайды. Бұған қоса, Түркияда қазақ диаспорасы да тұрады. Олар өткен ғасырдың орта шенінде коммунистік режим билеген Қытайдан қашып, Үндістан мен Пәкістан арқылы Түркияға қоныс аударған қазақтардың ұрпағы.

Сейсенбі күні Қазақстаннан құтқарушылар мен дәрігерлер тобы зілзаладан зардап шеккендерге көмектесуге Түркияның Газиантеп қаласына ұшып барған. Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөледі деген ақпарат тарады. Ақорда Қазақстан Түркияға жан-жақты қолдау көрсететінін хабарлады.

Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде 6 ақпанда болған аса ірі екі жер сілкінісінен кейінгі құтқару жұмысы әлі жалғасып жатыр. Reuters және өзге де ақпарат агенттіктері зілзаладан қаза болған адам саны 15 мыңнан асқанын хабарлады. BBC мәліметінше, Түркияда 9 мыңнан көп, Сирияда 2,5 мыңнан астам адам мерт болған. Түркияда бір апта аза тұту жарияланды.

ҚҰРБАН БОЛҒАНДАР КӨБЕЙІП ЖАТЫР, ТҮРІК БИЛІГІ СЫНҒА ҚАЛДЫ

Түркияның өзінде қираған қала тұрғындары үкіметті сынап жатыр. Сәрсенбіде Түркия президенті Режеп Ердоған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге алғашқы шұғыл көмек тиісті дәрежеде берілмей отырғанын мойындады. Биыл мамыр айында өтетін президент сайлауына түсуге дайындалып жатқан Ердоған зардап шеккен аймақтарды аралап, шұғыл қызмет енді "қалыпты" жұмыс істей бастағанын, ешкім далада қалмайтынын мәлімдеді.

Зілзала салдарынан құлаған үйдің астынан өлі табылған баланы көтеріп бара жатқан адам. Харим, Идлиб провинциясы, Сирия, 8 ақпан, 2023 жыл.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Түркиядағы өкілдігі бұл елде жер сілкінісінен зардап шеккендер 53 мыңнан асқан деп хабарлады. Сириядағы зілзаладан зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Халықаралық ұйым табиғи апаттан қаза болған адам саны 20 мыңнан асуы мүмкін деген болжам айтады.

ЮНИСЕФ "жер сілкінісінен мыңнан астам бала мерт болған" деген дерек жариялады.

Зілзала болған аймақта мыңдаған адам баспанасыз қалған. Мыңдаған ғимарат, оның ішінде аурухана, мектеп, көпқабатты тұрғын үйлер қираған.

Іздеу-құтқару жұмысына 12 мыңнан астам төтенше жағдай қызметкері мен 9 мың әскери адам жұмылдырылған.

Әлемнің 70 елі Түркия мен Сирияға құтқарушылар мен дәрігерлер тобын жіберген. БҰҰ жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық көмек беру үшін арнайы қорға 25 млн доллар бөлді.

Түркия мен Сириядағы жойқын зілзала салдары

6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала кіндігі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.

Суретте: Кахраманмараш қаласында қираған үйлердің қасында тұрған адамдар. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
1/16 6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала кіндігі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.

Суретте: Кахраманмараш қаласында қираған үйлердің қасында тұрған адамдар. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Түркиядағы бірінші зілзаладан соң 32 афтершок тіркелді, олардың алтауының магнитудасы 6-дан асты. Президент Режеп Тайып Ердоған алғашқы дүмпуді Түркия тарихында 1939 жылдан бері болмаған күшті апат деп атады. Оқиға орнынан түсірілген фотоларға қарасақ, Кахраманмараш қаласында тұтас аудандар жермен-жексен болған.

Суретте: Кахраманмараш қаласындағы қираған ғимараттар. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
2/16 Түркиядағы бірінші зілзаладан соң 32 афтершок тіркелді, олардың алтауының магнитудасы 6-дан асты. Президент Режеп Тайып Ердоған алғашқы дүмпуді Түркия тарихында 1939 жылдан бері болмаған күшті апат деп атады. Оқиға орнынан түсірілген фотоларға қарасақ, Кахраманмараш қаласында тұтас аудандар жермен-жексен болған.

Суретте: Кахраманмараш қаласындағы қираған ғимараттар. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Түркияның кемінде 10 ірі қаласы зардап шекті, ең аза дегенде 1700 үй қирады. Түркияның Диярбакыр қаласында да көп ғимарат бүлінген.

Суретте: Диярбакыр тұрғындары қиранды арасынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.

3/16 Түркияның кемінде 10 ірі қаласы зардап шекті, ең аза дегенде 1700 үй қирады. Түркияның Диярбакыр қаласында да көп ғимарат бүлінген.

Суретте: Диярбакыр тұрғындары қиранды арасынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.

6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Дүмпу Түркияның Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфа қалаларында және бүкіл аймақта – Кипр, Ливан, Грузия, Армения және Сирияда байқалған. Әсіресе Сирияда зілзаладан опат болғандар көп.

Суретте: Диярбакырдағы құтқарушылар қиранды арасынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.

4/16 Дүмпу Түркияның Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфа қалаларында және бүкіл аймақта – Кипр, Ливан, Грузия, Армения және Сирияда байқалған. Әсіресе Сирияда зілзаладан опат болғандар көп.

Суретте: Диярбакырдағы құтқарушылар қиранды арасынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.

6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Сирияда да біраз ғимарат қираған. Соның ішінде Дамаск пен Латакия қалаларында құлаған үй көп.

Суретте: Сирияның қарулы топ бақылауындағы Жандарис қаласында құтқарушылар зілзалада қираған үй орнынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.
5/16 Сирияда да біраз ғимарат қираған. Соның ішінде Дамаск пен Латакия қалаларында құлаған үй көп.

Суретте: Сирияның қарулы топ бақылауындағы Жандарис қаласында құтқарушылар зілзалада қираған үй орнынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Қарулы топ бақылауындағы Идлибте құтқарушылар құлаған үйден опат болған адамның денесін шығарып жатыр. Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.

6/16 Қарулы топ бақылауындағы Идлибте құтқарушылар құлаған үйден опат болған адамның денесін шығарып жатыр. Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.

6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Қарулы топ бақылауындағы Жандарис қаласында құтқарушылар зілзалада қираған үй орнынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.
7/16 Қарулы топ бақылауындағы Жандарис қаласында құтқарушылар зілзалада қираған үй орнынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Жандарис қаласында құтқарушы зілзалада қираған үй орнынан табылған баланы алып барады.  Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.
8/16 Жандарис қаласында құтқарушы зілзалада қираған үй орнынан табылған баланы алып барады.  Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Сирияның Алеппо қаласындағы құтқару операциясы. 6 ақпан, 2023 жыл.
9/16 Сирияның Алеппо қаласындағы құтқару операциясы. 6 ақпан, 2023 жыл.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, зілзала зардабымен күреске көмектесуге 45 ел ниет білдірген. Арасында НАТО мен Еуроодақ мүшелері, Ресей мен Украина бар. Әлемнің бірнеше елі, соның ішінде Ресей, Германия, Франция және Иран Сирияға көмектесуге ықылас танытқан.

Суретте: Адана қаласындағы құтқарушылар иттің көмегімен үйінді қарасында тірі қалғандарды іздеп жүр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.

10/16 Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, зілзала зардабымен күреске көмектесуге 45 ел ниет білдірген. Арасында НАТО мен Еуроодақ мүшелері, Ресей мен Украина бар. Әлемнің бірнеше елі, соның ішінде Ресей, Германия, Франция және Иран Сирияға көмектесуге ықылас танытқан.

Суретте: Адана қаласындағы құтқарушылар иттің көмегімен үйінді қарасында тірі қалғандарды іздеп жүр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.

6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Сирияның Латакия қаласындағы қираған үй. 6 ақпан, 2023 жыл.
11/16 Сирияның Латакия қаласындағы қираған үй. 6 ақпан, 2023 жыл.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Сирияның Алеппо қаласында үйінді арасынан тірі қалғандарды іздеу операциясы. 6 ақпан, 2023 жыл.

12/16 Сирияның Алеппо қаласында үйінді арасынан тірі қалғандарды іздеу операциясы. 6 ақпан, 2023 жыл.

6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Құтқарушылар аман қалған қызды әкетіп барады. Диярбакыр қаласы, Түркия. 6 ақпан, 2023 жыл.

13/16 Құтқарушылар аман қалған қызды әкетіп барады. Диярбакыр қаласы, Түркия. 6 ақпан, 2023 жыл.

6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Диярбакырдағы зілзала салдары. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
14/16 Диярбакырдағы зілзала салдары. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Сирияның Латакия қаласындағы қираған үй. 6 ақпан, 2023 жыл
15/16 Сирияның Латакия қаласындағы қираған үй. 6 ақпан, 2023 жыл
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Диярбакырда құлаған үй тұрғындарына ас таратып жатыр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
16/16 Диярбакырда құлаған үй тұрғындарына ас таратып жатыр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала эпицентрі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG