Алматыдағы концерт пен тегін палау, Шымкенттегі жауын астындағы көрме мен қайырымдылық жәрмеңкесі, Астанадағы Назарбаев қатысқан мерекелік шара. Қазақстан халықтар бірлігі күнін тойлады. 1 мамыр 2018 жыл.
Тегін палау, концерт және жаңбыр астындағы көрме

1
Алматыдағы Республика сарайы алдындағы концертте Қазақстан әншілері патриоттық ән шырқады. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

2
1 мамыр мерекесіне келген халық концерт тамашалап отыр. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

3
Жапон ұлттық биі. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

4
Еңбек ері медалімен марапатталғанын айтқан Рахматтула Абаханов құрт сатып отыр. Зейнеткер Азаттық тілшісіне “Нұр Отан” партиясына 2015 жылы қабылданғанын растайтын куәлігін көрсетті. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

5
Алаңда шар сатып жүрген алматылық. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

6
Астана туралы әнге билеп жатқан жастар. Шарада Назарбаев суреті жиі байқалды. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

7
Мерекелік шарада тегін палау таратты. Ұзын-сонар кезекке тұрған адам нөпірін Ұлттық ұлан сарбаздары бақылап тұрды. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

8
Бос қалған ыдыстар. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

9
1 мамыр мерекесіне келген халық. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

10
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ән айтып тұр. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

11
Мерекелік концертке келген көрермен. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

12
Күн салқын болғанына қарамастан, Республика сарайы алдына жиналғандардың қарасы көп. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

13
Үш тілде ән шырқаған оқушылар. 1 мамыр 2018 жыл.

14
Концерттен қайтып бара жатқан зейнеткер. Алматы, 1 мамыр 2018 жыл.

15
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы мерекелік шараға қатысты. 1 мамыр 2018 жыл.

16
Мерекелік концертте өнер көрсетіп жатқан би тобы. Астана, 1 мамыр 2018 жыл.

17
Шымкентте жауын жауып, сыртта болады деп жоспарланған концерт қаладағы драма театрда өтті. 1 мамыр 2018 жыл.

18
Мерекелік шара кезінде жол жиегінде тұрған арнайы жасақ. Шымкент, 1 мамыр 2018 жыл.

19
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев (сол жақта) пен Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев (оң жақта) мерекелік шарада жүр. Шымкент. 1 мамыр 2018 жыл

20
Мерекелік шарада қайырымдылық жәрмеңке өтіп, үй тағамдары арзан бағаға сатылды. Шымкент, 1 мамыр 2018 жыл.

21
Мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған көрме. Шымкент, 1 мамыр 2018 жыл.