Accessibility links

Әмин Елеусінов бостандыққа шықты


Oil Construction Company (OCC) компаниясының кәсіподақ ұйымының төрағасы Әмин Елеусінов сотты отыр. Астана, 14 наурыз 2017 жыл.

Мұнай саласында қызмет көрсетумен айналысатын Oil Construction Company (ОСС) кәсіпорны кәсіподағының экс-төрағасы Әмин Елеусінов түрмеден шықты. Ол "кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқырды" және "полицейлерге тіл тигізді" деген айыптармен екі жылға сотталған.

Oil Construction Company (ОСС) кәсіпорны кәсіподағының бұрынғы төрағасы 57 жастағы Әмин Елеусінов мамырдың 22-сі күні Павлодардағы АП-162/3 түрмесінен босап шықты. Оны түрмеден қызы Милана Елеусінова мен қоғамдық белсенділер күтіп алған.

Әмин Елеусінов (ортада) және белсенділер Құспан Қосшығұлов (оң жақта) пен Мақсат Таспаев Павлодар вокзалында тұр. 22 мамыр 2018 жыл.
Әмин Елеусінов (ортада) және белсенділер Құспан Қосшығұлов (оң жақта) пен Мақсат Таспаев Павлодар вокзалында тұр. 22 мамыр 2018 жыл.

Мамырдың 4-і күні Павлодар қалалық №2 соты түрме жазасын шартты түрге ауыстырған. Сот өткен күні адвокат Төлеген Шаиков "Елеусіновтің туыстары мемлекет алдындағы шығындарды өтегенін" айтқан.

Әмин Елеусіновті мұнайшылардың Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын жабуға қарсы аштық акциясы кезінде ұстаған. Кәсіподақтың Маңғыстау облысындағы филиалдарын билік белгілеген мерзімге дейін тіркелмегені үшін жаппақ болған. Ақтауда және Қаламқас пен Жетібай кеніштерінде өткен наразылық акцияларына жүздеген мұнайшы қатысқан.

2017 жылы сәуірде Астана қаласының Алматы аудандық 2-соты Әмин Елеусіновті "кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқырды" және "полицейлерге тіл тигізді, бағынбады және оларға күш қолданды" деген айыптармен екі жылға соттаған.

Видео: Елеусіновті ұстап әкеткен сәт. 21.01.2017

Әмин Елеусіновті полиция ұстап әкетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

​Судья Гүлжаһан Ұбашева сотталушы Елеусіновтің "шын ниетімен өкінгенін", "айыбын мойындағанын" және бұрын сотталмағанын ескеріп Елеусіновті екі жыл бас бостандығынан айырып, жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде өтеуге үкім кескен. Сот кезінде Елеусінов пен прокурор арасында процессуалдық келісім де жасалған.

​Сот қаулысына сәйкес, Елеусіновтің "қылмыстық жолмен иеленген мүлкі" тәркіленген. Сот оны түрмеден босағаннан кейін қоғамдық және кәсіподақ қызметімен айналысу құқығынан бес жылға айырған. Шешімге сай, Әмин Елеусінов 2018 жылдың мамырына дейін Oil Construction Company пайдасына 8 миллион 212 мың теңге төлеп, мемлекетке процессуалдық шығындарды қайтаруы тиіс болған. Әмин Елеусінов 2017 жылғы қаңтардың 20-сынан бері түрмеде отырған.

Елеусіновпен бірге компания кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев та жазаланған. Нұрбек Құшақбаев "заңсыз ереуілді жалғастыруға арандатты" деген айыппен екі жарым жылға түрмеге қамалған.

Оқи отырыңыз: ОСС кәсіподақ лидері не үшін сотқа тартылды?

Мамырдың 11-і күні Павлодар қалалық №2 соты Құшақбаевты да түрмеден босату туралы шешім қабылдаған. Сот Павлодардағы АП-162/3 мекемесінде өткен. Сотқа Нұрбек Құшақбаевтың өзі, адвокаты, прокурор мен түрме өкілі қатысқан. Сот отырысында судья Думан Серікбаев Нұрбек Құшақбаевтың өзін мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қарап, қанағаттандырған. Гүлсім Ақтаева прокурор сотқа өзі қатысқандықтан, сот шешіміне қарсылық білдірмейтінін, шешім мамырдың 28-ы күні күшіне енетінін айтты.

Amnesty International және бірнеше халықаралық ұйым Қазақстан билігін қамауда отырған Әмин Елеусінов пен Нұрбек Құшақбаевты қамаудан босатуды талап еткен.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG