Accessibility links

Астана Беларусьтің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина бейбіт келіссөзі өтетін жерді Минскіден Астанаға ауыстыруды ұсынғанын сынаған мәлімдемесіне жауап берді.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев 22 қаңтарда Астанада журналистерге Қазақстан Минскіде өтетін келіссөздің маңыздылығына «күмән келтірмейтінін» және Беларусь астанасында қол қойылған бейбіт келіссөзді «құрметтейтінін» айтты.

«Біз Минск процесіне килігіп отырған жоқпыз. Бірақ, Қазақстан мәселенің шешімін табуда қолдау көрсетуге үнемі дайын» деді Ашықбаев. Ол бұған қоса Астана жанжалдасушы тараптар сұрағандай болса, келіссөз өткізуге алаң ұсынуға барлық күшін сарп ететінін айтты.

Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей қаңтардың 19-ында келіссөздерді жаңа орынға ауыстырғаннан ештеңе өзгермейтінін мәлімдеді. "Егер табысқа жетеді деген нық сенім болса, онда Украина бойынша келіссөздерді тіпті Антарктидаға ауыстыруға болады" деген Макей. Оның мәлімдеуінше, Беларусь өзгелермен салыстырғанда "бітімгер атануға тыраштанбайды".

Минск келіссөзі бойынша "норманд төрттігі" форматындағы жиын. Солдан оңға қарай: Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Украина президенті Петр Порошенко. 12 сәуір 2015 жыл, Минск.
Минск келіссөзі бойынша "норманд төрттігі" форматындағы жиын. Солдан оңға қарай: Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Украина президенті Петр Порошенко. 12 сәуір 2015 жыл, Минск.

​Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада АҚШ-қа сапары кезінде президент Дональд Трамппен Украина тақырыбын талқылағандарын айтқан. Назарбаев Трамптың келіссөздерді басқа жерге ауыстыруды ұсынғанын жеткізген.

Минскіде 2014 жылдан бері Украинадағы жанжалды реттеуге бағытталған бейбіт келіссөздің бірнеше кезеңі өтті. Минскіде 2014 жылы қыркүйекте және 2015 жылы ақпанда Донбастағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанына қарамастан, жанжал әлі күнге толық реттелмей отыр.

Назарбаев пен Трамп арасындағы "келіссөздер өтетін орынды ауыстыру" мәселесіне Кремль де жауап қатты. Ресейдің сыртқы істер ведомствосы 2015 жылы қол жеткізген келісімдерді сақтау келіссөз өтетін орынды ауыстырудан гөрі маңызды екендігін жеткізген. Минскінің де, Мәскеудің де жауаптары Назарбаев пен Трамп арасындағы "келіссөздер өтетін орынды ауыстыру" туралы хабарламасы шыға сала, келесі күні айтылған еді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен РЕсей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Нью-Йорктегі БҰҰ -да. 18 қаңтар 2018 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен РЕсей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Нью-Йорктегі БҰҰ -да. 18 қаңтар 2018 жыл.

Минск келісіміне сәйкес Киев Мәскеуді Донбастағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу міндеттемелерін орындауға, аннексияланған Қырымда және сепаратистер бақылауындағы аумақтарда азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін аяқ асты етуді тоқтатуға, украин әскери тұтқындары мен саяси тұтқындарды босатуға, Қырымды Украинаға қайтаруға шақырады.

2014 жылы көктемде Украинаның шығысында үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында қарулы жанжал басталғалы бері 10 300 ден аса адам құрбан болған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG