Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкенттегі құпия метродан Армениядағы революцияға дейін
31 желтоқсан 2018 жыл, 12:00
2018 жылы әлемде болған маңызды оқиғалар. Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшілері түсірген үздік фотолары.
1
Шамамен 6 мың адам тұратын Хандыга қаласында (Cаха республикасы) жердің тоңы біркелкі ерімегендіктен топырақ шөгіп, салдарынан үйлер бұзылған. Бұзылған үйлерден бүтін баспана тұрғызу үшін жұмысшылар құрылыс материалдарын мұқият бөлшектеуге мәжбүр. Азаттық тілшісі Аммос Чаппл түсірген сурет. 2 ақпан 2018 жыл.
2
Оппозициялық саясаткер Михаил Саакашвили ұйымдастырған Киевтегі маршқа келген тұрғындардың бірі. Украина астанасында өткен шеруге мыңдаған адам қатысты. Олар ел президенті Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап етті. 12 ақпанда Украинаның қауіпсіздік күштері Саакашвилиді Киев әуежайынан ұстап, депортациялады. 18 ақпан 2018 жыл.
3
Минск қаласындағы парадқа қатысушы жас пионерлер. 8 ақпан 2018 жыл.
4
Еңбек кодексіндегі ережелерді өзгертуді талап еткен Тбилисидегі студенттер демонстрациясы. Бір күннен кейін құрылыс алаңында бір жұмысшы қайтыс болып, шерушілер өндіріс кезінде қаза тапқан немесе жараланған жұмысшыларды қолдап, олардың мәселесін көтерген. Грузия, 14 ақпан 2018 жыл.
5
Орал қаласындағы құсбегілер байқауына қатысқан бүркітші. 25 ақпан 2018 жыл.
6
Қысқы олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы эстафета жарысында жеңімпаз атанған Динара Әлімбекованың (Қазақстанда туған) Пхенчханнан Минск қаласына оралған сәті. 27 ақпан 2018 жыл
7
Пәкістанның Сват ауданында туып өскен Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Малала Юсуфзай Исламабадта елдің ресми билік өкілдерімен кездесті. 2012 жылы Талибан содырларының шабуылынан кейін Ұлыбританияға қоныс аударған Малала Пәкістанға сол оқиғадан соң бірінші рет 2018 жылы 29 наурызда
оралды
.
8
Беларусьтің Гомель ауданындағы өзен. 4 сәуір 2018 жыл.
9
Киевтегі Пасха мейрамы. 7 сәуір 2018 жыл.
10
Ереван тұрғындары бірінші дүниежүзілік соғысы кезеңінде құрбан болған армяндарды еске алып жатқан сәт. 24 сәуір 2018 жыл.
11
1992-1993 жылғы Абхазиядағы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың сүйектері Тбилисиге жеткізілді. Еске алу шарасына келгендердің бірі жылап жатыр. Тбилиси, 26 сәуір 2018 жыл.
12
Бакудегі Формула-1 жарысы. 29 сәуір 2018 жыл.
13
Маска киген мерген үкімет ғимаратының төбесінен Республика алаңында Никол Пашинянның жеңісін тойлап жатқан халықты бақылап отыр. Көктем айларында елдегі парламент сайлауында оппозиция жетекшісі Никол Пашинян жеңіске жетті. Желтоқсан айында оның "Менің қадамым" блогы сайлауда жеңіп, парламенттегі басым орынға ие болды. 8 мамыр 2018 жыл.
14
ДАИШ содырлары мойнына алған Кабулдағы екі терактіден кем дегенде 25 адам қаза тапты. Олардың қатарында Азаттықтың Ауған қызметінің екі журналисі мен өзге де ақпарат құралдарының бес қызметкері болды. Азаттықтың Прагадағы бас кеңсесінде тұрған еске алу тақтасы. 3 мамыр 2018 жыл.
15
10 мамырда Алматыдағы наразылық шарасында полиция азаматтарды ұстады. Қарсылық акциясына шыққандар саяси тұтқындарды босатуды талап етті.
16
Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алып жатыр. 13 мамыр 2018 жыл.
17
Соңғы қоңырау күні мектеп түлектеріне қарап тұрған оқушы. Бішкек, 25 мамыр 2018 жыл.
18
Футболдан әлем чемпионатында командаларын қолдап, айғайлап тұрған жанкүйерлер.
19
Грузияның Тушетия тауында мал жайып жүрген бақташы.
20
Украина теңізшілері Мариуполь маңында жаттығып жатқан сәт.
21
1995 жылы Босния-Герцеговинадағы Сребреница оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, жылап тұрған әйел. Сребреницадағы қырғын кезінде 8 мыңға жуық мұсылман өлген. 10 шілде 2018 жыл.
22
Ресейде ұсталған украиналық режиссер Олег Сенцов пен белсенді Александр Кольченконың суретін ұстаған азаматтар Киев орталығында акция ұйымдастырып, тұтқындарды босатуды талап еткен. Кольченко мен Сенцов 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алған соң ұсталған. Ресей соты 2015 жылы оларға "экстремизм" бойынша айып таққан. Олардың жақтастары істердің саяси астары барын айтады.
23
Жұлдызды түн. Қырғызстанның Нарын облысы. 18 шілде 2018 жыл.
24
Ташкент метросындағы станциялардың бірі. Ұзақ уақыт метроны суретке түсіруге тыйым салынды. Ташкенттің құпия метросы жайлы фотогалереяны көру үшін
мына сілтемені
басыңыз. 9 тамыз 2018 жыл.
25
Донецк маңындағы ауылдағы кітапхана. Украина, 11 тамыз 2018 жыл.
Тағы
Ташкенттегі құпия метродан Армениядағы революцияға дейін
XS
SM
MD
LG