Азаттық 30 қыркүйек - 5 қазан аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Апта бейнелері

2
1 қазанда Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрап, хат тапсыруға барған ондаған борышкерді полиция ұстап әкетті. Астана әкімшілік соты екі борышкерге әкімшілік қамау жазасы беріліп, үшеуіне айыппұл салынғанын хабарлады. Қазақстанның бірнеше облысынан жиналған 200-ге жуық адам кезінде банктен алған ипотекалық несие қарызын төлей алмағандықтан, банктердің "қарызға өсімақы қосып, кейбірінің үйін тартып ала бастағанына" наразылық білдіріп, президенттен көмек сұраған. Олардың президентке жазған хаттарын премьер-министрдің өкілі қабылдап алған.
Суретте: Қазақстан президентіне хап тапсырмақ болған борышкерлерді полицияның ұстаған сәті. 1 қазан 2013 жыл.
Суретте: Қазақстан президентіне хап тапсырмақ болған борышкерлерді полицияның ұстаған сәті. 1 қазан 2013 жыл.

3
АҚШ Конгресіндегі бақталас саяси күштер - демократтар мен республикашылдар үкіметті қаржыландыру туралы заңды қабылдауға қатысты мәмілеге келе алмаған соң елдегі мемлекеттік мекемелер уақытша жабыла бастады. Мұндай қысқару соңғы рет 17 жыл бұрын болған еді.
Суретте: аузына бір долларлық қағаз ақша жапсырған наразылық білдіруші Капитолийдің алдында тұр. Вашингтон, 1 қазан 2013 жыл.
Суретте: аузына бір долларлық қағаз ақша жапсырған наразылық білдіруші Капитолийдің алдында тұр. Вашингтон, 1 қазан 2013 жыл.

4
1 қазанда Оңтүстік Корея алыс қашықтыққа ұшатын жаңа зымыранын көрсетті. Сеулде өткен әскери парадта 11 мыңға тарта әскери қызметкер, 120 ұшақ пен тікұшақ, 190 қару-жарақ пен әскери техника түрлері көрсетілді. Қару-жарақтардың арасында радиусы 1 мың километрге жететін жаңа "Хенде-3" зымыраны бар.
Суретте: Сеулдегі әскери парад. 1 қазан 2013 жыл.
Суретте: Сеулдегі әскери парад. 1 қазан 2013 жыл.

5
2 қазанда Алматы облыстық соты игумен Софронийдің Іле аудандық сотының үкіміне қарсы жазған шағымын қанағаттандырып, оны Қазақстаннан шығару туралы аудандық сот шешімін жойды.

6
Көкшетауда сот шешіміне наразылық танытып, құрылыс кранының басына шығып алған Сұлушаш Жәкенова 2 қазан күні краннан жерге түсті. Ол бұрынғы күйеуіне қатысты шыққан сот шешіміне наразылық танытып, 29 қыркүйекте кранның басына шыққан еді.

7
Пәкістанның солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунхва мен Солтүстік Вазиристан провинцияларының шекарасында әскери басшының үйіне қарулы шабуыл жасалды. Қауіпсіздік күштері ұрыста 15 содыр қаза тауып, 10 адам жараланғанын хабарлады.
Суретте: Солтүстік Вазиристандағы шабуыл болған жер. Спин Тал, Хангу ауданы. 3 қазан 2013 жыл.
Суретте: Солтүстік Вазиристандағы шабуыл болған жер. Спин Тал, Хангу ауданы. 3 қазан 2013 жыл.

8
3 қазанда Италияда 500-ге жуық мигрант мінген кеме суға батып, 134 адам қаза тапты, 200-ден астам адам жоғалғандар қатарына жатқызылды. Құтқарушылар 150 адамды судан аман алып шыққан. БҰҰ-ның хабарлауынша, мигранттардың көпшілігі Эритрея мен Сомали азаматтары болған. Италия үкіметі 4 қазанды қаралы күн деп жариялады.
Суретте: кеме апатының құрбандарын еске алуға жиналғандар. Рим, 4 қазан 2013 жыл.
Суретте: кеме апатының құрбандарын еске алуға жиналғандар. Рим, 4 қазан 2013 жыл.

9
3 қазанда АҚШ астанасында Ақ үй маңындағы қоршауды қаққан соң, соңына түскен полициядан қашып Капитолий маңына жеткен көліктің жүргізушісі - әйел адам полицияның атқан оғы тиіп өлген. Полиция бұл оқиғаның терроризммен байланысы жоқ екенін және көлікте болған 1 жастағы баланың зардап шекпегенін хабарлады. Оқиға кезінде Ақ үй мен Капитолийдің қауіпсіздік қызметінің екі офицері жарақаттанған.
Суретте: Капитолий маңындағы оқиға кезінде қашып бара жатқан адамдар. Вашингтон, АҚШ, 3 қазан 2013 жыл.
Суретте: Капитолий маңындағы оқиға кезінде қашып бара жатқан адамдар. Вашингтон, АҚШ, 3 қазан 2013 жыл.

10
4 қазанда Алматыда коммуналдық төлемдердің қымбаттауына, зейнетақының аздығына наразылық танытып, президент резиденциясына хат тапсырмақ болған зейнеткерлердің бірі Райхан Әмірбекованы Алматы әкімдігіне келгенде полиция ұстап әкетті. Сол күні әкімшілік сот оған 87 мың теңге (шамамен 570 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарды. 64 жастағы Әмірбекова сот шешімімен келіспейтінін, өзі 30 мың теңгеге жетпейтін зейнетақы алатынын айтады.
Суретте: Райхан Әмірбекованы полиция ұстап әкетіп барады. Алматы, 4 қазан 2013 жыл.
Суретте: Райхан Әмірбекованы полиция ұстап әкетіп барады. Алматы, 4 қазан 2013 жыл.