Accessibility links

Белсенді өлімінен кейінгі ашу-ыза және биліктің қорқынышы


Дулат Ағаділ өлімінен кейін биліктің мәлімдемесіне күмән келтіріп, наразылыққа шыққандарды полиция ұстап барады. Нұр-Сұлтан, 27 ақпан 2020 жыл.

Халықаралық ақпарат құралдары осы аптада үкіметке қарсы наразылық акциясы кезіндегі жаппай ұстаудың елдегі саяси жағдай мен 2021 жылға жоспарланған парламент сайлауына әсерін талдады. Бұған қоса астаналық тергеу изоляторында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің өлімінен кейінгі елдегі ахуалды талқылады.

«ЛИБЕРАЛИЗАЦИЯ ЖОСПАРДА ЖОҚ»

«Қазақстан президенті жақын уақытта демократия орнайтынын айтады, бірақ полиция одан бұрын келіп үлгергенге ұқсайды». Америкалық Economist іскерлік журналында осындай тақырыппен жарияланған мақала қоғамдық талқылауға шығарылған бейбіт жиын туралы жаңа заң жобасы мен ақпанның 22-сі күнгі наразылық кезінде және оған дейін белсенділерді жаппай ұстау шарасына арналған.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар туралы айтқанды ұнатады. (…) «Ол қолдан басқарылатын парламентке оппозиция, ал азаматтарға саяси партия құруға және бейбіт жиын ұйымдастыруға еркіндік керегін айтады» деп жазған Economist ары қарай Демократиялық партия құруға талпынған бастамашыл топтың құрылтай съезінің немен аяқталғанын баяндайды.

Бастамашыл топ мүшелері өздеріне «қысым» жасалғанын мәлімдеп, съезд өткізуден бас тартып, оның орнына митингіге шығатынын хабарлаған. Наразылық акциясы өткен күні және оған дейін белсенділер ұсталып, қамауға алынған.

Қарай отырыңыз: "Оян, қазақ!" Арнайы жасақ алаңға келгендерді автозакқа салды (22 ақпан 2020 жыл).

"Оян, қазақ!" Арнайы жасақ алаңға келгендерді автозакқа салды
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:44 0:00

«Полицияның осы демалыс күндері қолы босамады» деп аталатын Economist-тің екінші мақаласында ақпанның 22-сі күні елде тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы ұйымдастырған митингіге қатысқандардың да ұсталғаны айтылады.

Журнал ұсталғандар қатарында наразылық акциясына қатысқан мүгедек азамат Ерік Жұмабаевтың да болғанын айтады. Economist бірнеше күннен кейін уақытша тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділдің қайтыс болуы «көшедегі наразылықтың артуына түрткі болып, азаматтар тағы да ұсталғанын» жазды.

Журнал осы оқиғаларға дейін «бейбіт жиын өткізуге қойылған шектеулер азаяды деп айтылып, бірақ керісінше жаңа шектеулер енгізетін» заң жобасы жарияланғанын еске салады.

Журнал өткен жылы наразылық акцияларының бес мыңға жуық қатысушысының ұсталуымен есте қалған Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы билік ауысымында «демократиялық транзит белгісі болмады» деп жазады.

Economist мақаланы Демократиялық партия құруға талпынған бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамайдың мына сөзімен қорытындылайды: «Әлі де саяси ықпалы бар Назарбаев мырза мемлекетке қарсы пікірі бар адамдарға ешқашан төзімділік танытқан емес. Тоқаев мырза өзін ескі жүйені өзгертетін реформатор ретінде көрсеткісі келеді. Соңғы репрессиялар «либерализация жоспарда жоқ» деген айқын белгі берді».

«ТАЗАРТЫЛҒАН» САЯСИ АЛАҢ

Ақпанның 22-сі күні болған оқиғаға дейін және одан кейін болған жағдайлар туралы катарлық Al Jazeera корпорациясының ағылшынтілді сайты да жазды. Мақала авторы Тамила Варшаломидзе «2021 жылғы парламент сайлауының алдында» Демократиялық партия құру бастамасын көтергендерді тұтқындау шарасын «делегаттардың [құрылтай] съезін өткізбеу» мақсатында жасалған әрекет деп бағалайды. Сайт «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының белсендісі Димаш Әлжановтың елде оппозициялық партия құру мүмкіндігі туралы пікірін берген.

«[Партия] тіркеудің бір ғана жолы бар. Ол үшін режиммен келісімге отыру керек. Жай ғана тіркеу тәртібін толық орындап, әділет министрлігіне қажет құжаттың бәрін әкелсең, сені тіркемейді. Олар бұл үшін жүз себеп табады», — дейді Әлжанов.

Әлжановтың сөзінше, қазақстандық «автократияда» билік «демократиялық процестерді қолдан жасау үшін репрессия, кооптация мен патронаж әдістерін қолданады». Белсенді елде «басымдыққа ие бір ғана «Нұр Отан» партиясы және «жыл сайын бюджеттен миллион доллардан артық ақша алатын бес техникалық партия» барын айтады.

«Олардың артында адамдар немесе салмақты құрылым тұрған жоқ. Оларды көппартиялық жүйе көрінісін қалыптастыру үшін ғана тіркеген», - дейді Әлжанов.

Al Jazeera билік Назарбаевтан Тоқаевқа өткеннен кейін жаңа президенттің демократия орнату туралы уәдесіне қарамастан, «азаматтарды наразылық акциясындағы бос плакат үшін де ұстап әкететін» елде «саяси реформалар байқалмайды» деп жазады. Автор келесі жылы өтетін парламент сайлауы еркін әрі әділ өтеді деген үміт жоқ деп есептейді.

Al Jazeera сөйлескен Гарвард университетінің Дэвис орталығында жұмыс істейтін қазақстандық зерттеуші Наргис Қасенованың пікірінше, Қазақстан билігі «саяси алаңда біраз реформа жүргізу керегін түсінеді», бірақ олар «бұл әрекеттің ықтимал салдарынан қорқады». Саясаттанушы режим «елдегі саяси өмірді өте ұзақ қорғап келгені соншалық, енді неден бастарын білмей отыр» деп санайды. Сарапшының сөзінше, мұнда «қос президент» факторы да бар. «Бұл қос билік бағыттан жаңылдырып, үкіметтің өз ішінде билік үшін күрес тууына әсер етеді», — дейді ол.

Тағы бір сарапшы, саясаттанушы Руслан Жанғазының пікірінше, Al Jazeera-ға берген сұхбатында «әртүрлі саяси топтар арасындағы» билік үшін күрес келесі жылы өтетін парламент сайлауы кезінде «күшеюі мүмкін». Ол режимнің өз ішінде «елдің болашағына қатысты стратегиялық көзқарасы әртүрлі бірнеше саяси шешім қабылдау орталығы барын» айтады.

ДУЛАТ АҒАДІЛДІҢ ӨЛІМІНЕН КЕЙІНГІ НАРАЗЫЛЫҚ

Орталық Азия туралы жазатын ағылшынтілді Eurasianet Дулат Ағаділдің уақытша тергеу изоляторындағы қазасы туралы жазды. Мақалада Қазақстан билігі «осы аптада тұтқында отырып қаза тапқан саяси белсендінің өліміне оған қарсы қолданылған қатаң шаралар себеп болған деген көпшілік күдігін сынады” делінген.

Eurasianet пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Елдос Қилымжановтың «Ағаділ денесіндегі іздер — биологиялық өлім белгілері» деген мәлімдемесі «неден қаза болғаны белгісіз» белсенді өліміне қатысты «ашу-ызаны» күшейтуі мүмкін.

Қарай отырыңыз: Ағаділ денесіндегі жарақат па, дақ па?

Ағаділдің жақындары мәйітті видеоға түсіргендердің үстінен арызданды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:34 0:00

Ақпараттық ресурс әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде тараған белсенді денесіндегі "жарақат" туралы видеоны еске салып, бұл ақпарат «ақпанның 24-і күні кешкісін полиция ұстаған 43 жастағы алты баланың әкесіне түрмедегілер шабуыл жасаған» деген болжамды күшейтті» деп жазады. Eurasianet мақаласында Дулат Ағаділдің қазасынан кейін болған наразылық акциясы да қамтылған.

Ақпараттық ресурс дерегінше, Қилымжанов «видеоны жариялағандар белсендінің отбасының құқығын бұзды деп сынап, белсенді өлімінің себебін жүректің тоқтап қалуы деп көрсеткен».

Eurasianet Ағаділдің қызметіне тоқталып, оның «тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысымен ықтимал байланысы үшін» бірнеше рет тұтқындалғанына назар аударады. Ақпараттық ресурс Азаттыққа сілтеме жасап, 2019 жылдың тамыз айынан бері Ағаділдің 60 күн әкімшілік қамауда болғанын атап көрсеткен.

ҚДТ жақтастары құрған "Көше партиясы" қозғалысы қандай ұйым?

ҚДТ жақтастары құрған "Көше партиясы" қозғалысы қандай ұйым?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:02 0:00

«Заңбұзушылықтардың көбі Қазақстанның бейбіт жиын өткізу туралы ескі заңымен тура және жанама байланысты» деген автор «біраз уақыттан бері Ағаділ мен басқа белсенділер өздеріне режимнің жауы, қуғындағы Мұхтар Әблязовтың 2018 жылы сот шешімімен “эстремистік” деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдады деген айып тағылмас үшін "Көше" партиясына қосылғанын» жазады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Карантин һәм лық толы автобус
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:15 0:00
XS
SM
MD
LG