Accessibility links

"Инспектор Нұрғалиевті өлтіру ісі" сотқа жетті. Алғашқы отырыс

«Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтіру және оның әріптесі Петр Ницыкқа қастандық жасау ісі бойынша айыпталушылар сот залында тұр. Қарағанды облысы, 27 тамыз 2019 жыл.
«Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтіру және оның әріптесі Петр Ницыкқа қастандық жасау ісі бойынша айыпталушылар сот залында тұр. Қарағанды облысы, 27 тамыз 2019 жыл.

Тамыздың 27-сінде Қарағандыда биылғы қаңтарда «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтіру және оның әріптесі Петр Ницыкқа қастандық жасау ісі бойынша сот басталды. Зардап шегушілер жеті күдіктінің төртеуін заңсыз аңшылық үшін ғана емес, адам өлтіруге қатысу бабы бойынша да жауапқа тартуды сұрайды. Ал айыпталушылар қылмыстық бапты «денеге жарақат түсіру» бабына өзгертуді өтінеді.

Жеті айыпталушы да Қызылорда облысының тумалары. Үшеуіне «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті топ болып «басқа қылмысты оңай жүзеге асырып, ізін жасыру үшін» өлтірді және әріптесі Петр Ницыкқа қастандық жасады деген айып тағылған. Барлығына «аса ірі ауқымда залал келтіріп, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан хайуанаттарды көздеп заңсыз аң аулады» деген ортақ айып тағылған.

«ЕҢ ҚАТАҢ ЖАЗА СҰРАЙМЫЗ»

Зардап шегуші ретінде қаза болған инспектордың туысы Нұрлан Нұрғалиев танылған. Ол сотқа астанадан арнайы жетіпті.

- Енді алған бетімізден қайтпаймыз, сотталушыларды ең қатаң жазаға тартуды сұраймыз. Бір топ туысы қазадан кейін сегіз ай өткен соң кешірім сұрап келіп кетті. Сұрағымыз көп. Соның біреуі: заңсыз аң аулады деп айыпталған төртеу неге адам өлтіруге қатысқаны үшін де сотталмайды? Бәрін көріп-біліп тұрып, жасырды ғой, - дейді Нұрғалиев.

"Охотзоопром" республикалық мекемесінің қызметкерлері Ерлан Нұрғалиев (сол жақта) және Петр Ницык. Қарағанды облысы, 19 мамыр 2018 жыл. Сурет авторы - Оспан Әли
"Охотзоопром" республикалық мекемесінің қызметкерлері Ерлан Нұрғалиев (сол жақта) және Петр Ницык. Қарағанды облысы, 19 мамыр 2018 жыл. Сурет авторы - Оспан Әли

Қаза болған инспектордың әріптесі 53 жастағы қарағандылық Петр Ницык қастандықтан әлі толық айықпағанын айтады. «Охотзоопромдағы» жұмысына қайта шыққан ол Қарағанды мен Қарқаралының арасын кезіп, іссапарға да барып үлгерген. Ницык сотқа тіке рейдінен қызмет киімімен келді.

- Әсіресе, ауа райы өзгергенде басым ауырып, тұла бойым шаншиды. Тамыздың 15-іне дейін жұмысқа шыға алмадым, рұқсат етпеді. Енді қайта қатарға қосылдым, жұмыс істеу керек, территорияны қорғау қажет. Жалақысыз қайтіп күн көрем, несін жасырайын? Қазір бізге сауытты кеудеше, каска мен резеңке таяқ берді. Қауіпсіздігіміз үшін тағы бірдеңе жасап қалар. Нұра ауданы – «қызып» тұрған жер. Киік бар жерде бәсеке де күшті, - дейді Ницык.

Адвокаттарын ерте келген зардап шегушілер моральдық шығын туралы өтініш түсірген жоқ, бірақ ол жағын да ойлап жүргендерін айтты.

«ӨЛТІРГІМІЗ КЕЛМЕДІ, ҚАСҚЫР АУЛАҒАНБЫЗ»

Сотқа тартылғандардың жасы – 32 мен 53 арасы. Бәрі отбасын құрған, бала-шағалы. Кейбірі ресми түрде жұмыс істеп жүрген, кейбірі өз бетімен күн көріп келген. Инспекторлармен төбелескен үшеуін әлеуметтік наразылық туған соң полиция жедел іздестіріп, тез ұстаған.

Судья жәбірленуші Петр Ницык адвокатының өтінішін тыңдап тұр. Қарағанды облысы, 27 тамыз 2019 жыл.
Судья жәбірленуші Петр Ницык адвокатының өтінішін тыңдап тұр. Қарағанды облысы, 27 тамыз 2019 жыл.

Тергеу материалдары бойынша, бұлар екі көлікке мініп, аңшы мылтықтарын ұстап, киігі қалың Нұра ауданына аңға шыққан, киіктің мүйізін кесіп алмақ болған. Тергеушілердің сөзінше, күдіктілер 17 киік атып алған, оның 13-і ұрғашы болған.

Қарағанды облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы 17 бас киікті атқандар мемлекетті 45 миллион теңге қомақты шығынға ұшыратты деп санайды. 2020 жылға дейін Қазақстан аумағында ғылым үшін болмаса киік аулауға я оның дене мүшелерін қолдануға рұқсат жоқ.

Адам өлтірді деп айыпталған үш күдікті – абақтыда. Заңсыз аң аулау бабымен айыпталған төртеуі кепілмен уақытша босаған. Жетеуі де бұрын сотталмаған, тағылған айыптарды мойындамайды.

Сот отырысы кезінде адвокаттары күдіктілер киікті қасақана қырды деген айыппен келіспейтінін айтты. Қорғау тарабының айтуынша, күдіктілер аң шаруашылығы инспекорын өлтіреміз деп ойламаған, киік емес, қасқыр аулап жүрген.

- Кімнің қанша киік атқаны нақтыланбаған. Киікке қатысты айтылған шығынмен де келіспейміз. 45 миллион теңге қайдан шықты? – деді адвокаттардың бірі.

Заңсыз аң аулаумен бірге адам өлтірді деп те айыпталған Қайрат А.-ны қорғайтын басқа бір адвокат қорғауындағы күдіктінің айыбын «жарақат салу» деп өзгертуді өтінді. Заңгердің айтуынша, күдікті бір-ақ соққы жасаған. Ол да, әріптестері де қорғауындағыларды адам өлтірді деп айыптау ақылға сыймайды деп ойлайды. Қорғаушылар соттан қылмыстық істі прокурорға қайтырып, заңбұзушылықтарды түзетуді сұрайды.

Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев талап-арыздарға қатысты шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Ол ұйғарымын тамыздың 29-ында жариялайды. Сол кезде барып, істің прокурорға қайтатыны, я сотта қарала бастайтыны белгілі болады.

Қарай отырыңыз: "Жазадан құтылғандар бізге күліп кетеді" (Қаңтар айы, 2019 жыл).

"Жазасыз кеткен браконьерлер істерін жалғастыра береді"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖАЙЫ

Қаңтардың 13-інде жануарлар дүниесін қорғайтын «Охотзоопром» мекемесінің төрт инспекторы екі қызмет көлігімен Қарағанды облысының Теңіз көлінің маңын тексеріп жүріп бір топ браконьердің үстінен түседі де, қуа жөнеледі. Қуғын кезінде инспекторлар екіге бөлінеді.

Екі джиппен қашқандар тоқтау туралы талапқа құлақ аспай із жасыруға тырысқан. Қуғын кезінде инспектор Нұрғалиев бір көліктің жанармай багын атып барып тоқтатқан. Келіп жеткен Ницык пен Нұрғалиев екі джиптің біріндегі үш браконьермен ұстасып қалып, төбелес басталған.

Инспекторлар соққыға жығылған. Басы жарылған Нұрғалиевтің беті мен кеудесі көгерген. Туысы көлігімен ауруханаға жеткізген соң ол қаңтардың 15-інде 53 жасқа толуына 15 күн қалғанда есін жимаған күйі қайтыс болған. Оның әріптесі Петр Ницыктың да басы жарылып, миы шайқалған.

"Охотзоопром" республикалық мекемесінде жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы Ерлан Нұрғалиев. Қарағанды облысы, 19 мамыр 2018 жыл. Фото авторы - Оспан Әли.
"Охотзоопром" республикалық мекемесінде жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы Ерлан Нұрғалиев. Қарағанды облысы, 19 мамыр 2018 жыл. Фото авторы - Оспан Әли.

Инспекторлар мен орманшылар және Қазақстандағы жануарлар дүниесін қорғаумен шұғылданатын мамандар браконьерлердің үстінен қозғалған істердің көбіне аяғына дейін жетпейтінін айтады. Олардың сөзінше, заңсыз аң аулаудың алдын алу үшін «Охотзоопром» қызметкерлерінің өкілетін күшейіп, қару қолдануларына рұқсат беру қажет, ал браконьерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартқызу керек.

Нұрғалиевтің қазасынан соң Қазақстанда «Охотзоопромның» және бір қызметкері Қаныш Нұртазинов браконьерлер қолынан өлді. Оның әріптесі Самат Оспанов қатты жараланған. Шілденің 24-інде ішкі істер министрлігі бұл шабуылға қатысты күдіктінің ұсталып, тергеліп жатқанын мәлімдеген. Одан бері іс барысы туралы министрлік басқа ақпарат жариялаған емес.

Қарай отырыңыз: Киік пен оны қорғаушыға төнген қауіп (Шілде айы, 2019 жыл).

Киік пен оны қорғаушыға төнген қауіп

Киіктің (ақбөкен) ұрғашы я еркек екенін мүйізіне қарап ажыратуға болады. Ұрғашы киікте мүйіз болмайды. Пайдакүнемдер жануарды қара базарда үлкен сұранысқа ие мүйізіне бола заңсыз аулайды.
1/10 Киіктің (ақбөкен) ұрғашы я еркек екенін мүйізіне қарап ажыратуға болады. Ұрғашы киікте мүйіз болмайды. Пайдакүнемдер жануарды қара базарда үлкен сұранысқа ие мүйізіне бола заңсыз аулайды.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
"Қызыл кітапқа" енген бұл жануар бір кездері Азиядан Еуропаның батысына дейінгі ұлан-ғайыр аумақта еркін жайылып жүретін. Қазір киіктің негізгі бөлігі Қазақстанда тіршілік етеді. Оларды Ресей мен Моңғолиядан да кезіктіруге болады.
2/10 "Қызыл кітапқа" енген бұл жануар бір кездері Азиядан Еуропаның батысына дейінгі ұлан-ғайыр аумақта еркін жайылып жүретін. Қазір киіктің негізгі бөлігі Қазақстанда тіршілік етеді. Оларды Ресей мен Моңғолиядан да кезіктіруге болады.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Зерттеушілер дерегінше, киікті дөңес тұмсығы жаздыгүні – шаңнан, қыстыгүні суық ауадан қорғайды.
3/10 Зерттеушілер дерегінше, киікті дөңес тұмсығы жаздыгүні – шаңнан, қыстыгүні суық ауадан қорғайды.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Ақбөкеннің саны бір ғасырға жуық уақыт ішінде бірнеше рет күрт азайып, кейін қайта көбейген. 1920 жылдары Совет билігі құрып бітуге шақ қалған киікті атуға тыйым салған. 2015 жылы Қазақстанда індет салдарынан бірнеше апта ішінде 150 мыңнан аса киік (әлемдегі санының 62 проценті) қырылған.
4/10 Ақбөкеннің саны бір ғасырға жуық уақыт ішінде бірнеше рет күрт азайып, кейін қайта көбейген. 1920 жылдары Совет билігі құрып бітуге шақ қалған киікті атуға тыйым салған. 2015 жылы Қазақстанда індет салдарынан бірнеше апта ішінде 150 мыңнан аса киік (әлемдегі санының 62 проценті) қырылған.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Соңғы мәліметтер бойынша, қазір киік саны қайта өскен. 2019 жылы Қазақстанда жүргізілген санақ қорытындысы бойынша, ақбөкен саны 150 мыңнан 334 мыңға артқан.
5/10 Соңғы мәліметтер бойынша, қазір киік саны қайта өскен. 2019 жылы Қазақстанда жүргізілген санақ қорытындысы бойынша, ақбөкен саны 150 мыңнан 334 мыңға артқан.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Бірақ киікке төнген қатер әлі сейілген жоқ. Қытайда мүйізіне сұраныс жоғары киікті заңсыз аулау жалғасып келеді.
6/10 Бірақ киікке төнген қатер әлі сейілген жоқ. Қытайда мүйізіне сұраныс жоғары киікті заңсыз аулау жалғасып келеді.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Гонконг билігі тәркілеген контрабандалық заттар. Киік мүйізінен жасалған "Деток" өнімі Қытайда кең танымал. 2018 жылы Сингапурде тұратын қытайлар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына қарағанда, азаматтардың 13 проценті киік өнімдері бар дәрі-дәрмекті тұтынатынын айтқан.
7/10 Гонконг билігі тәркілеген контрабандалық заттар. Киік мүйізінен жасалған "Деток" өнімі Қытайда кең танымал. 2018 жылы Сингапурде тұратын қытайлар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына қарағанда, азаматтардың 13 проценті киік өнімдері бар дәрі-дәрмекті тұтынатынын айтқан.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Сондықтан жануарлар әлемін қорғайтын инспектор жұмысы киік саны кеміп кетпеуі үшін аса маңызды саналады. Бірақ Қазақстанда бұл кәсіп иесінің өзіне төнетін қауіп те ұлғая түскені байқалады.
8/10 Сондықтан жануарлар әлемін қорғайтын инспектор жұмысы киік саны кеміп кетпеуі үшін аса маңызды саналады. Бірақ Қазақстанда бұл кәсіп иесінің өзіне төнетін қауіп те ұлғая түскені байқалады.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
2019 жылғы қаңтарда республикалық "Охотзоопром" мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы Ерлан Нұрғалиев (суретте) пен оның әріптесі киікті заңсыз аулап жүргендерді ұстаған кезде браконьерлердің бірі Нұрғалиевті ауыр затпен ұрып жаралаған. Басына қатты зақым келген ол екі күннен соң ауруханада көз жұмды.
9/10 2019 жылғы қаңтарда республикалық "Охотзоопром" мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы Ерлан Нұрғалиев (суретте) пен оның әріптесі киікті заңсыз аулап жүргендерді ұстаған кезде браконьерлердің бірі Нұрғалиевті ауыр затпен ұрып жаралаған. Басына қатты зақым келген ол екі күннен соң ауруханада көз жұмды.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Биыл шілденің 23-іне қараған күні "Охотзоопром" мекемесінің тағы бір инспекторы Қаныш Нұртазинов браконьер қолынан қаза тауып, оның әріптесі Самат Оспанов жараланды. Заңсыз киік аулап жүрген адамдар өздерінің ізіне түскен инспекторларға қарудан оқ атқан. 43 жастағы Нұртазиновтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.
10/10 Биыл шілденің 23-іне қараған күні "Охотзоопром" мекемесінің тағы бір инспекторы Қаныш Нұртазинов браконьер қолынан қаза тауып, оның әріптесі Самат Оспанов жараланды. Заңсыз киік аулап жүрген адамдар өздерінің ізіне түскен инспекторларға қарудан оқ атқан. 43 жастағы Нұртазиновтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.
Зерттеушілер Қазақстанда соңғы уақытта киік саны өсе бастағанын айтады. Бірақ Қызыл кітапқа енген жабайы жануар мен өзге де аңды қорғаумен айналысатын инспекторлардың өміріне қауіп-қатер арта түскені байқалады.
Previous slide
Next slide
Айдар
XS
SM
MD
LG