Accessibility links

Қарағанды оқиғасы: Қоғамдық даулар қалай шешіліп жүр?


Қарағанды оқиғасы: Қоғамдық даулар қалай шешіліп жүр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:39:43 0:00

Қарағанды оқиғасы: Қоғамдық даулар қалай шешіліп жүр?

AzattyqLIVE тікелей эфирінде биыл жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханада адам қазасына себеп болған жанжал және оқиғадан кейінгі қоғамдық дау мәселесі талқыланды. Бұдан бөлек соңғы күндердегі маңызды оқиғаларға да шолу жасалды. Хабарға саясаттанушы Дос Көшім қатысты.

Жаңа жыл түні Қарағандының "Древний Рим" мейрамханасында болған жаппай төбелестен 23 жастағы Рақымжан Жансейіт пышақ жарақатын алып, көз жұмған. Жараланған үш адам ауруханаға жеткізілген. Олардың біреуі жан сақтау бөліміне түскен.

Кейін төбелестің "ұлтаралық сипаты болғаны" туралы әлеуметтік желідегі хабарларды билік жоққа шығарды. Прокуратура бұл оқиғаның "ұлтаралық негізде шыққаны" туралы көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауапқа тартылатынын ескертті. Қаңтардың 2-сі күні төбелес болған жерге ондаған адам жиналып, мейрамхананы жабуды, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті. Адамдар жиналған маңда полиция күзеті де күшейді.

​Қаңтардың 6-сы күні жүздеген адам Қарағанды орталығына жиналып, кісі өлтірген адамды ұстауды талап етті. Наразыларға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов шығып, "әкім ретінде, президенттің өкілі ретінде де" істің соңына дейін тексерілетінін айтып, уәде берді.

Қарағандыдағы оқиға әлеуметтік желіде өте қызу талқыланды. Оқиға не үшін қоғамда даулы тақырыпқа айналды? Адам өлімі болған мейрамханаға ертеңіне жиналған ондаған адамның, қаңтардың 6-сында әкімдікке жиналған жүздеген жанның талабы не болды? Бұл оқиғада ұлтаралық араздық мәселесі байқалды ма? Ұйымдастырушылар бар ма? Қоғамдағы мұндай даулар кімге тиімді? Кикілжіңдер мен әлеуметтік шиеленістерді шешудің қазақстандық үлгісі қандай?

Осы және өзге де маңызды оқиғаларға қатысты сауалдарға саяси сарапшы Дос Көшім жауап берді.

Қарай отырыңыз: Мейрамханадағы өлім және жүздеген адамның талабы (6 қаңтар 2019 жыл)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG