Accessibility links

Қытайдағы қысымды тоқтату мүмкін бе?


Қытайдағы қысымды тоқтату мүмкін бе?
please wait

No media source currently available

0:00 0:51:51 0:00

Қытайдағы қысымды тоқтату мүмкін бе?

AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қытайдың Шыңжаң аймағындағы этникалық азшылықтарға қатысты ахуалды "Жебеу" ұйымының жетекшісі Омарәлі Әділбекұлы мен Шыңжаңда тәрбие лагерінде бірнеше ай қамалып келген Орынбек Көксебекпен талқылады.

Қытай билігінің аз ұлттарға көрсеткен қысымы туралы деректер 2017 жылдың сәуір айынан бастап жариялана бастаған. Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі "Қытайда туыстарымыз жазықсыз қамауда отыр" деген азаматтардан 915 арыз түскенін, 2018 жылдың басынан бері екі мыңнан астам адамның Қазақстанға өтуге рұқсат алғанын мәлімдеген еді. Бұдан басқа "қос азаматтықты қатар пайдаланды" деген күдікпен қамауға алынған 29 қазақстандықтың он бесінің қамаудан шыққаны да айтылған.

Қытай билігі "саяси үйрену лагері - аз ұлттарды азаптау орны" деген айыптауларды мойындамай келеді.

Биыл қыркүйекте Қытайдың адам құқығы бюросының өкілі Ли Сяоцзюнь Reuters агенттігіне берген сұхбатында: "Орталықтарда еш қысым жоқ. Кәсіби тәжірибесін шыңдап, тренингтерден өтеді. Кейін жақсы жұмыс тауып, негізгі заңдарымызды үйреніп шығады" деп мәлімдеген.

Ал Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі Лю Сяомин Шыңжаңда этникалық топ өкілдерінің қудаланатынын терістеген. БҰҰ Қытайдың шамамен миллион ұйғырды "экстремизммен күрес орталықтарында" ұстап отырғанын мәлімдеген.

Қыркүйектің 10-ы күні Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы арнайы есебін жариялап, Қытайдағы лагерьлер мен түрмелердегі адам төзгісіз жағдайды сипаттаған. Ұйым Қытай билігінің іс-әрекетін сынап, Пекиннен әлгіндей лагерьлерде қамауда отырғандарды босатуды талап еткен.

Желтоқсанның 12-сі күні Қытай мемлекеттік кеңесі елдегі адам құқығының дамуына қатысты ресми есебін жариялаған. Онда құжат авторлары "Қытайдың адам құқығын құрметтеп, адам құқығына қатысты халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттерін адал орындап отырғанын" жазған.

AzattyqLIVE тікелей эфиріне Қытайдағы қысымнан жапа шеккен азаматтар ісімен айналысып жүрген ұйым жетекшісі Омарәлі Әділбекұлы мен саяси үйрену лагерінде қамалып оралған Орынбек Көксебек қатысты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG