Accessibility links

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум. 5 маусым 2022 жыл.
Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум. 5 маусым 2022 жыл.

Назарбаев, Тоқаев, бюллетенді топтап тастау. Референдум қалай өтті?

Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өтті. Билік бұл шараны қоғамды демократияландыруға қарай қадам деп көрсетуге тырысады. Сын айтушылар бұрынғыдан ештеңе өзгермейді деп санайды.

13:26 5.6.2022

Тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру кезінде заң бұзу фактілері тіркелгенін хабарлады

Алматы қаласындағы N529 сайлау учаскесінде бір кабинада дауыс беріп тұрған адамдар. 5 маусым 2022 жыл.
Алматы қаласындағы N529 сайлау учаскесінде бір кабинада дауыс беріп тұрған адамдар. 5 маусым 2022 жыл.

Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметіне қарасты Жас сайлаушылар лигасы және "Еркіндік қанаты" қорының бақылаушылары дауыс беру кезінде заң бұзу фактілері тіркелгенін хабарлады.

"Еркіндік қанаты" қорының мәліметінше, Нұр- Сұлтанда учаске ашылғаннан кейін алғашқы сағаттарда қор бақылаушыларына учаскеде жүруіне шектеу қойылған. Бұған қоса, сурет пен видеоға түсіруге тыйым салған. Дауыс беру құпиялығы да бұзылған (кабинаға видеокамераны бағыттау).

"Ашылғаннан кейін бірнеше сайлау учаскесіне дауыс беруге полицейлер келді. Комиссия мүшелері оларды eGov платформасы арқылы тексеруі тиіс. Нақты жағдайда дауыс беру заңдылығын тексеру мүмкін емес, атап айтқанда олардың аталған учаскеге тіркелгенін-тіркелмегенін анықтау мүмкін болмады" деп жазылған "Еркіндік қанаты" хабарламасында.

Қор өкілдері сонымен бірге өзге ұйым бақылаушылары тарабынан арандату талпынысы байқалғанын айтты.

Қордың атқарушы директоры Елена Швецова Facebook парақшасында түске қарай Нұр-Сұлтанда №1 сайлау учаскесінен “Еркіндік қанаты қорының бақылаушысын шығарып тастағанын жазды. Қор бақылаушысы Серік Бейсембаев учаскеде үгіт-насихат материалдары болмауы тиіс екенін ескерткен. Осыдан кейін комиссия бақылаушыны шығару туралы шешім қабылдаған.

"Маған да ереже бұзу туралы акт толтырды. Учаскеде болған уақытта Egov анықтамасынсыз бір әйелді тізімге негізсіз енгізгенін байқадым" деп жазды Швецова.

Қор мәліметінше, сайлаушылар тарабынан "жұмыста есеп беру үшін" суретке түсу жағдайлары байқалған. Түпнұсқа құжатсыз бюллетень беру, туыстары үшін дауыс беру сияқты жайттар тіркелген.

Семей және Өскемен қалаларында сайлаушыларды бірден екі учаскеге бекіту жағдайлары тіркелген. Мысалы, Семейде N249 учаскеде бір қария өзіне біреулер "дауыс беріп қоймас үшін" екінші учаскеге де барған. Жас сайлаушылар лигасы бақылаушылары заңсыздықты тіркеп, акт толтырған. Учаскелік комиссия оған қол қойып, қарияның екінші бюллетенін жарамсыз етіп тастаған.

"Кейінгі жылдары мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Учаскелік комиссия өзін дәл осылай ұстауы тиіс, яғни бақылаушыларға қысым жасамай, заңсыздықты түзеуі тиіс" деп жазылған Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметінің хабарламасында.

Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі Алматыда №55, 57 және 257 сайлау учаскелері маңында тілшілерін белгісіз біреулердің аңдығанын айтты.

Vlast сайтының жазуынша, Алматыда №257 сайлау комиссиясының төрағасы Гэрт Мураталиев журналистердің аккредитациясы және редакциялық тапсырмасының болғанына қарамастан ақпарат құралдарына видео түсіруге тыйым салған.

Жексенбі күні Нұр-Сұлтанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беретін сайлау учаскесіне Азаттық тілшілерін кіргізбей қойды. Шымкентте аудандық комиссия төрағасы Азаттық тілшісіне сайлау учаскесінен ақпарат таратуға кедергі келтірді.

13:29 5.6.2022

Батыс Қазақстан: Бақылаушы дауыс беру басталмай жатып жәшікте бюллетеньдер жатқанын көрді

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында тәуелсіз бақылаушы дауыс беру басталмай жатып жәшікте бірнеше бюллетень жатқанын көрген. Ол оны видеоға да түсірген. Бақылаушы прокуратураға шағымданды.

— Қазір Ақсай прокуратурасындамын, сайлау туралы заңның бұзылуына байланысты арыз жазып отырмын. Ақсай қаласының Бөрілі ауданындағы № 92 учаскеде дауыс беру басталғанға дейін жәшікте бюллетеньдер жатты, бұл заңсыздық, – деді Jaria қоғамдық бірлестігінің бақылаушысы Бекнұр Сыражанов.

Бақылаушы жіберген видеода комиссия мүшелерінің учаске ашылар алдында әнұран айтып жатқаны көрінеді. Сол мезетте жәшікте бірнеше бюллетень жатқаны айқын көрінеді.

14:17 5.6.2022

"Қойшы". Жақсыбеков елдегі саяси ахуал туралы сауалға жауап бермеді

Астанада Азаттық тілшісі бір кездері жоғары лауазымды қызметтерді атқандар, жұрт арасында "ескі гвардия" өкілі саналатын Әділбек Жақсыбековті дауыс беру бөлімшелерінің бірінде кездестіріп қалды. Жақсыбеков журналистердің "қазір немен айналысып жүрсіз?" деген сауалына "қарапайым адамның өмірін сүріп жатырмын" деп жауап берді. Ал Азаттық тілшісі экс-шендіден елдегі қазіргі ахуал туралы сұрағанда "қойшы" деп кетіп қалды.

"Қойшы". Жақсыбеков елдегі саяси ахуал туралы сауалға жауап бермеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:07 0:00

68 жастағы Жақсыбеков біраз жыл мемлекеттік қызметте болды. Астана әкімі, қорғаныс министрі, мемлекеттік хатшы қызметті атқарды. 2018 жылы сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны "зейнет жасына жетті" деп қызметтен босатқан.

14:17 5.6.2022

Алматыда Республика алаңында "демпартия" белсенділері Инга Иманбай, Аружан Дүйсебаева және өзге де белсенділер қамаудағы саясаткер Жанболат Мамайды босатуды талап етті. Олар "Тоқаев, Қаңтар тізімін жарияла!" деп те айқайлады.

Жексенбі күні түске дейін олар Сәтбаев университетіндегі референдум учаскесіне келіп, Жанболат Мамайды босатуды талап еткен. Учаскеден шыққан белсенділер шерулетіп алаңға барған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG