Accessibility links

"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

"Назарбаев кетсін!" деп айғайлағандарды ұстап әкетті

Астанада "Нұр Отан" партиясы съезі басталған күні Қазақстанның түрлі қалаларында азаматтар мен белсенділерді полиция бөлімшелеріне жеткізді. Алматыда полиция билік партиясы кеңсесі алдына талап айтып келген азаматтарды ұстады.

13:34 27.2.2019

Өзін қолдайтын партия съезінде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы аз қамтылған отбасыларға арнап 40 мыңнан астам пәтер салуды "үкіметке тапсыратынын" айтты. "Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын" деді Назарбаев.

4 ақпанға қараған түні Астанада уақытша тұрғын жай өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза болғаннан кейін елдің әр аймағында көп балалы аналар көтерген талаптардың бірі - баспана мәселесі болатын.

Билікке наразы көп балалы аналар. 12 ақпан 2019 жыл.

Билікке наразы көп балалы аналар
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

13:23 27.2.2019

Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюро 27 ақпанда Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің жанындағы рұқсат етілмеген акцияны бақылап жүрген қызметкері Дмитрий Тихоновты полицияның ұстағаны туралы хабарлады. Бюро өкілі Андрей Свиридовтің айтуынша, Тихоновты Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне апарған. Полиция өкілдері Тихоновты қандай себеппен ұстағандарын түсіндірмеген.

Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюро Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында сәрсенбі күні полиция ұстап әкеткен адамдар полиция бөлімінен босап шыққаннан кейін қайтадан "Нұр Отан" кеңсесіне қарай бара жатқанын хабарлады.

13:16 27.2.2019

Бұл уақытта Астанадағы "Нұр Отан" съезінде президент Назарбаев көп балалы отбасындағы әр балаға кемінде 21 мың теңге (55 долларға жуық) жәрдемақы тағайындау туралы ұсыныс айтты.

"Бүгінде 111 мың көп балалы отбасы атаулы көмек алады. Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көп балалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көп балалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек. Халық ары-бері шапқылап жүрмесін" деді Назарбаев.

Президент ең алдымен табысы аз отбасыларға қолдау көрсету қажеттігін айтты. "Ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды қоса санауды алып тастау қажет. Әйтпесе, соның бәрін санағанда көп балалы отбасылар бай азаматтар болып шыға келеді" деді ол. Мұндай талап ақпанның басында Астанада өртенген үйде бір отбасының бес баласы қаза болғаннан кейін елдің әр аймағында көп балалы аналар көтерген мәселелердің арасында айтылған болатын.

Астанадағы өрттен қаза болған бес баланы жерлеу (5 ақпан 2019 жыл):

Өрттен қаза болған балалар жерленді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:36 0:00

13:02 27.2.2019

Алматы мен Астанда полиция ұстағандардың арасында жастар да, егде адамдар да болды. Полицейлер кәмелетке толмағанын айтып айғайлаған жас қызды автобусқа сүйреп кіргізді.

Полиция "Нұр Отан" алдына келгендердің бірін ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
Полиция "Нұр Отан" алдына келгендердің бірін ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG