Accessibility links

"Диктатор Назарбаев", "Қытай экспансиясы", "Шыңжаңдағы геноцид". Сенбі күнгі наразылық қалай өтті?

Алматыда "Демократиялық партия" құру бастамашыл тобының ұйымдастыруымен митинг өтті. Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдындағы алаңда өткен акция 2,5 сағатқа созылып, оған 300-ге жуық адам қатысты. Жиын қатысушылары Қазақстанда Қытай зауыттарын салуға, Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым көрсетуді тоқтатуды, саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Белгіленген орын митинг басталмай тұрып-ақ қоршалып, ол жерде мобильді интернет өшірілді. Кемі жеті адам акция орнына жетпей ұсталды.

27 наурыздағы митингіге Қазақстанда ресми тіркеуден өтпеген екі ұйым –"Қазақстанның демократиялық партиясының" ("Демпартия") жетекшісі Жанболат Мамай мен Қазақстан соты экстремистік деп танып, Еуроодақ бейбіт ұйым деп атаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ)қозғалысының жетекшісі, қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов шақырған.

Оппозициялық топ жақтастары Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбе қаласында да митинг өткізбек болған. Бірақ полиция акция өтеді деген жерлерді алдын ала қоршап тастап, жергілікті азаматтық белсенділердің біршамасы ұстап әкетті, адамдардың жиналуына жол бермеді. Нұр-Сұлтанда кемі төрт адам, Ақтөбеде алты адам, Шымкентте төрт адам ұсталды. Митинг шақырылмаған Орал қаласында ұстап әкету байқалған. Жергілікті белсенділер Азаттыққа бірнеше адамның ұсталғанын, кейбірінің үйі алдында полиция көлігінің тұрғанын айтты.

Азаттық оппозициялық күштері жариялаған митинг орындарынан суреттер топтамасын ұсынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG