Accessibility links

Айыпталған оқушының шешесі үкіммен келіспейді


Судья Самиддин Темірәлиев "зорланған бала" ісі туралы үкімін оқып тұр. Шымкент, 10 қаңтар 2019 жыл.

Шымкенттегі Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаш ауданы Абай ауылында "зорланған баланың" ісі бойынша үкім шығарды.

"ЖЫЛАМАШЫ, АУЫРЫП ҚАЛАСЫҢ"

Қаңтардың 10-ы күні таңертең сағат онда басталған жарыссөз түстен кейін үште аяқталды. Сот отырысына төрағалық еткен судья Самиддин Темірәлиев 12 алқабимен екі сағат кеңесіп болған соң үкімді оқыды. Сот үкімін айыпталушы мен оның заңды өкілі – шешесі, қорғаушысы және жәбірленуші баланың анасы тыңдады.

Судья 2002 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы – ред.) Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде 8-сыныпта оқыған жасөспірімді Қылмыстық кодекстің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Сотталушы жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде өтеуі тиіс. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Сотталушының апелляциялық шағым беруге уақыты бар.

Үкім оқылып болған соң сотталушыны арнайы күзет сот залынан алып кетті.

Судья үкімді оқып жатқанда сотталушының шешесі баласын құшақтап жылай бастады. "Істеген жоқсың ғой. Зорлаған жоқ қой!" деп орындықты ұрып айғайлады. Сотталушы анасын жұбатпақ болған. Бірақ шешесі ұлын құшақтап, "кінәсізсің ғой, сен істемедің ғой" деп дауыс көтере жылады. "Мама, жыламашы. Ауырып қаласың" деді сотталушы шешесін құшағына алып.

Ал анасы алқабилерді қолымен нұсқап "сендерге сеніп едім" деді. Алқабилер жылаған әйелдің сөзін соңына дейін тыңдамай залдан шығып кетті.

Көз жасына ерік берген сотталушының анасы полицейлер сот залынан әкетіп бара жатқан баласының соңынан жүгірді. Дәлізге жеткенде құлап, есінен танып қалды. Әлдебіреу "Жедел жәрдем шақырыңдар!" деп айғайлады. Бетіне су шашқан соң есін жиған әйел сот дәлізінде "Баламның өмірі не болады?" деп тағы жылады.

дья үкімді оқып жатқанда сотталушының шешесі баласын құшақтап жылай бастады. "Істеген жоқсың ғой. Зорлаған жоқ қой" деп орындықты ұрып айқайлады. Сотталушы анасын жұбатпақ болған. Бірақ шешесі ұлын құшақтап, "кінәсізсің ғой, сен істемедің ғой" деп дауыс көтере жылады. "Мама, жыламашы. Ауырып қаласың" деді айыпталушы шешесін құшағына алып.

Сотталушының шешесі алқа билерді қолымен нұсқап "сендерге сеніп едім" деді. Алқа билер айқай салып жылаған әйелдің сөзін соңына дейін тыңдамай залдан шығып кетті.

Полицейлер сот залынан баланы қамауға алып кетіп бара жатқанда сотталушының анасы арттарынан жылап жүгірді. Дәлізге жеткенде есінен танып құлады. Әлдебіреу "жедел жәрдем шақырыңдар" деп айқайлады. Бетіне су шашқан соң есін жиған әйел сот дәлізінде "баламның өмірі не болады?" деп тағы жылады.

Шымкенттегі Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Шымкенттегі Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Сотталушының әкесінің ағасы Азаттыққа сот үкімімен келіспейтінін, сот-медициналық сараптама қорытындысында "бала зорланбаған" деп жазылғанын, апелляциялық шағым беретіндерін айтты.

Сотқа "зорланған бала" қатысқан жоқ. Жәбірленушінің анасы мен адвокаты сот үкімімен келісетінін және апелляциялық шағым түсірмейтінін жеткізді.

Жәбірленушінің нағашы әжесі Шарипа Батырбекованың Азаттыққа айтуынша, "зорланған бала" мен оның анасы қазір Алматыда тұрып жатыр. Бала осы қаладағы мектептердің бірінде оқиды.

СОТҚА ТҮРТКІ БОЛҒАН ОҚИҒА

​22018 жылы наурыздың 13-і күні Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын Шарипа Батырбекова Азаттыққа жеті жасар жиенін 2017 жылдың тамызынан бері жоғарғы сынып оқушылары бірнеше мәрте "ұрып, зорлағанын" айтқан. Ол жергілікті полицияға дер кезінде шағымданғанымен, тек үшінші рет барғанда ғана арызын қабылдағанын жеткізген.

"Жәбірленуші бала" әжесінің жанында отыр.
"Жәбірленуші бала" әжесінің жанында отыр.

​Кейін аудандық білім бөлімі "сараптама қорытындысы зорлау оқиғасының болмағанын анықтады" деп мәлімдеген. Айыпталушы мен жәбірленуші оқыған мектептің ұжымы да "бала зорлау оқиғасын" жоққа шығарған. Жәбірленуші баланың туыстары тәуелсіз сараптама жасауды талап еткен.

Бұл хабар әлеуметтік желіде кең тарап, ақпарат құралдарының назарына ілініп, қоғамда қызу талқыланған.

Былтыр тамызда Қазақстан бас прокуратурасының тергеу тобы Түркістан облысы (бұрынғы – Оңтүстік Қазақстан облысы) Абай ауылында "зорланған бала" ісі бойынша 14 кешенді сот сараптамасы мен төрт түрлі зерттеу жүргізілгенін мәлімдеген. Оларға Қырғызстан, Ресей мен Грузия мамандары қатысқан.

"Төрт күдіктінің ішінде біреуі ғана 14 жасқа толған. Оның ісі Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігіне ("Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") сәйкес келеді. Қалғандарына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Себебі олар 14 жасқа толмаған. Оқиғаның басқа мән-жайы жарияланбайды" деп хабарлаған бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл іс бойынша жабық сот процесі өткен жылы қыркүйектің 26-сы күні басталған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.03.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:28 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG